ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі
әкімін сайлау жөнінде сайлау округін
құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Бершүгір сайлау округі – Бершүгір ауылдық округі аумағының шекараларында құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шалқар» газетінде жариялансын.
Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Бисеков
Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы
2026 жылғы «30» қыркүйек
№ 11