Меркі ауданы Ақермен, Аспара
және Меркі ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылдың 08 қарашасына Меркі ауданы Ақермен, Аспара және Меркі
ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2026 жылдың 08 қарашасына тағайындалған Меркі ауданы Ақермен, Аспара және Меркі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы,
30 қыркүйек 2026 жыл
№10