Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 - баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жалпы алаңы 0,1497 гектар, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Новотроицк ауылдық округінің аумағында орналасқан «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктіндегі жер учаскесіне Инспекциялық-тексеру кешеніне қызмет көрсету үшін 5 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. .Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Аудан әкімі                                                                                    Р. Халықов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/documents/details/1074051?lang=kk