2026 жылғы 1 тамыздағы Ақмола облысындағы діни ахуал туралы ақпарат

Облыста 12 конфессияны білдіретін 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Дін бойынша: 87– ислам, 50– православие, 40– протестант, 11-католик, 1-Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна сана қоғамы.

Діни нысандар 150, оның ішінде: 87 мешіт; 28 православие шіркеуі; 13 католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері.

Аймақ аумағында уағыздау қызметін 27 миссионер жүзеге асырады. Олардың ішінде: 16 Польша, 5 - Филиппин, Ресей – 3, Германия – 1, Швейцария – 1 және 1 Қазақстан азаматтары.

24 миссионер католицизмді, 1 православие, 1 протестантизмді (Жаңа апостолдық шіркеу) және 1 вайшнавизмді уағыздайды.

2026 жылы басынан бастап 4  мемлекеттік қызмет көрсетілді: миссионерлерді электрондық форматта тіркеу (қайта тіркеу) туралы  4 куәлік берілді.

Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында 202 адамнан тұратын дін мәселелері бойынша 24 ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі АТТ) тұрақты жұмысы ұйымдастырылды (ДІБ жанындағы 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық және 3 Көкшетау қ. жоғары оқу орындарында).

А.ж. жылы облыстың АТТ 3562 түрлі іс-шара өткізді, оған 39526 адам қатысты (семинарлар, дәрістер, жеке әңгімелер және т.б.). Оның ішінде облыс жастарымен тікелей 15198 адамның қатысуымен 409 іс-шара жүзеге асырылды.

Облыстың дін істері басқармасы интернет-кеңістікте қарсы насихаттау қызметін, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмыстарын және конфессияаралық келісімді сақтау мен мемлекет пен қоғамның зайырлы қағидаттарын нығайту жөніндегі өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.

2026 жылы басынан бастап Ақмола облысының БАҚ-та (баспасөзде, теледидарда, интернет-кеңістікте) діни қатынастар саласындағы тақырыптарды қамтитын 4586 материал (мақалалар, бейнероликтер, пресс-релиздер және т.б.) орналастырылды. ДІБ сайтында 144 материал жарияланды.

Жалпы, Ақмола облысындағы діни ахуалды талдау өңірде тұрақты, толерантты және басқарылатын жағдайдың болуын көрсетеді. Діни негізде қақтығыстар байқалмады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/documents/details/1052858?lang=kk