«Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты

1

Бөлімнің штат санына және мемлекеттік қызметшілердің нақты қызметтік жүктемесіне талдау жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің штат санын ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

2026 жылғы IV тоқсан

Сектор меңгерушісі, жауапты бөлім

2

Бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тоқсан сайын

Бөлімнің жауапты мамандары

3

Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізу.

Тоқсан сайын

Бөлімнің жауапты мамандары

4

Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын уақтылы анықтауды және оған жол бермеуді қамтамасыз ету.

Тұрақты

Бөлім басшысы,
құрылымдық бөлімшелердің басшылары

5

Мердігер ұйымдардың мемлекеттік сатып алу шарттарын орындауына, оның ішінде шартта көзделген жұмыстардың нақты орындалуына, көлемі мен сапасына бақылауды күшейту.

Тұрақты түрде

Бөлімнің барлық қызметкерлері

6

Орындалған жұмыстар актілеріне қол қою және ақы төлеу алдында жұмыстардың нақты орындалуын және растайтын құжаттардың болуын тексеруді қамтамасыз ету.

Тұрақты түрде

Бөлімнің жауапты мамандары

7

Мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны анықталған жағдайда, жасалған шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау.

Анықталуына қарай

Бөлімнің жауапты мамандары

8

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, шешім қабылдау кезінде жеке мүдделерге жол бермеу.

Тұрақты түрде

Бөлімнің жауапты мамандары

9

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тұрақты түрде

Бөлімнің жауапты мамандары

10

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында бөлім қызметінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Тұрақты түрде

Бөлімнің барлық қызметкерлері

11

Ішкі талдау нәтижелері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген талаптарға сәйкес интернет-ресурста орналастыру.

Жоспар бекітілгеннен кейін

Сектор меңгерушісі , жауапты бөлім

12

Осы іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу және атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат дайындау.

Тоқсан сайын

Бөлімнің жауапты мамандары

13

Жаңа сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда, оларды жою және бөлімнің одан әрі қызметінде осындай тәуекелдердің туындауына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Тұрақты түрде

Бөлім басшысы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport-zhezkazgan/documents/details/1073470?lang=kk