Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Алматы қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 349 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 23-бабының 4) тармақшасына сәйкес Алматы қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов