2026-2028 жылдарға арналған Жітіқара ауданының нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштері болжамының және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау 2026 жылғы қыркүйек айына жоспарланып отыр.

2026 жылға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері:

Аудандық бюджетке жоспарланған түсімдер – 6 829 448,4 мың теңге, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 3 809 497,6 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер – 102 391,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 929,0 мың теңге;

Трансферттер түсімі – 2 898 630,8  мың теңге;

Функционалдық топтар бойынша шығыстар, барлығы 7 310 287,6 мың теңге, оның ішінде:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 736 901,3 мың теңге;

Қорғаныс – 30 344,1 мың теңге;

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 31 042,4 мың теңге;

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 803 048,0 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1 827 197,2 мың теңге;

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 815 404,1 мың теңге;

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану – 36 743,3 мың теңге;

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 490 825,9 мың теңге;

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 78 973,8  мың теңге;

Көлік және коммуникация – 843 989,4 мың теңге;

Басқалар – 31 371,5 мың теңге;

Борышқа қызмет көрсету – 99 380,0 мың теңге;

Трансферттер – 1 485 066,6 мың теңге.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1073179?lang=kk