Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы Ашық есік күні туралы ақпарат

2025 жылғы 19 қыркүйекте Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінде оқушылар мен студенттерге арналған «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні өткізілді.

Бұл күні жалпы білім беретін мектептердің 5, 7-сынып оқушылары үшін архив маманы Алтынай Есмурзина Ұлы Отан соғысына (1941–1945 жж.) қатысқан Жітіқара ауданы тұрғындарының жеке құжаттарынан жасақталған «Ұрпақтар жадында» экспозициясын ұсынды. Мұнда оқушылар марапаттау құжаттарымен, әскери билеттермен, өмірбаяндармен, соғыс туралы естеліктермен, ардагерлердің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен танысты. Сондай-ақ балаларға Соғыс кезінде Украинадағы партизандық қозғалысқа қатысқан Назаренко Александр Яковлевич туралы «Жас партизан» бейнебаяны көрсетілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай архив маманы Алтынай Есмурзина қала мектептерінің 10-сынып оқушыларына «Соғыс балалары» атты сабақ өткізді. Онда оқушылар 1941–1945 жылдары Қостанай облысындағы балалардың ауыр жағдайы туралы мәлімет алды. Ұсынылған мұрағаттық құжаттар жетімдік пен қараусыздықпен күрес, облыстық милициялар жанынан балалар бөлмелерін ұйымдастыру, балалар үйлерінің жұмысы, интернаттардағы балалардың жағдайы, балабақшалардың жұмысын жақсарту, балаларды медициналық қызметпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды күшейту, мектептердің оқу-тәрбие жұмысы туралы сыр шертті.

Жітіқара политехникалық колледжінің студенттері үшін ««Қостанай минералдары» АҚ – 60 жыл» атты фотоқұжаттық көрме бойынша экскурсия өткізілді. Көрме барысында филиал басшысы Елена Бостынец 1959–2020 жылдар аралығындағы қала құраушы кәсіпорынның құрылуы, қалыптасуы, дамуы және қызметі туралы әңгімеледі.

 «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күніне Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивіне барлығы 86 адам қатысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1073123?lang=kk