Ұсыным госуслуга экономика 3-тоқ.2026ж

Шу ауданының Қоғамдық

кеңесі отырысының

2026 жылғы 22  қыркүйектегі

№  7  хаттамалық шешімі

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2025-2026 жылы 8 айында атқарылған жұмыстары туралы

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекованың есебін талқылай келе және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Шу ауданының қоғамдық кеңесі төмендегідей ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекованың есебі назарға алынсын.

   2. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбековаға:

          1) Қызмет көрсету мерзімдерінің және қызмет көрсету тәртіптерінің бұзылмауын назарға алу;

          2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тұрғындарға (қызмет алушыларға) электронды түрде қызмет көрсетудің артықшылықтары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

          3) Қызмет алушылардың өтінімдеріне дәлелді бас тарту кезінде, бас тартудың нақты себебін, қолданыстағы НҚА-ға сілтеме жасай отырып көрсету;

          4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидаларын түсіндіру бойынша халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізу;

5) Әлеуметтік желі мен БАҚ-қа жүйелі түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар мен атқарылған жұмыстар жөнінде жарияланымдар шығару ұсынылсын.

3. Осы ұсынымдардың орындалуын бақылау қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелсін.

 

 

       Қоғамдық кеңес төрағасы                                                           Т.Әрістеев

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/documents/details/1073064?lang=kk