Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
 эпидемиологиялық
 саламаттығы саласындағы 
 тергеп-тексеру жүргізу 
 қағидаларына
 7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеружүргізудің негізі 10.09.2026 жылғы №154 шұғыл хабархат.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
  4. Тергеп-тексеружүргізумерзімі 15.09.2026-24.09.2026 ж.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖШС "Rauan Group 2025""Мерей" бөбекжай бала бақшасы  БСН 250740003397,Ақтөбе қаласы,Ақжар-2 тұрғын аумағы,Серпер көшесі 2 үй
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты - бұзушылық анықталды.

Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2260002188822138 - 17.09.2026 ж, нәтижесінде «Бөбек» тобынан жасыл доптан ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталды. Бұл, "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы 5 тарау 85 тармағының бұзушылығы болып табылады.

Шайындыларды микробиолгиялық зерттеу хаттамасы №2260002188822138 - 17.09.2026 ж, нәтижесінде тамақ ішетін үстелден, 1 тағамға арналған кастрюльден  ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды.Яғни, жабдықты тазалау, жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дұрыс жүргізілмейді.  Бұл "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 4 тарауының, 55, 58 тармағының бұзушылығы болып табылады. 

Тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы 2260002188821886 - 18.09.2026ж.  225  - картоп етпен  ішек таяқшалары тобының бактериясы, 226 - свекла салатынан  ішек таяқшалары тобының бактериясы және E.Coli  бактериясы, 227 - компоттан ішек таяқшалары тобының бактериясы,  231- сәбіз салатынан ішек таяқшалары тобының бактериясы және E.Coli  бактериясы, 232 - компоттан ішек таяқшалары тобының бактериясы   анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 1,8 тармағы, 1 кесте, 2 қосымшаның бұзушылығы болып табылады.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар ЖШС "Rauan Group 2025""Мерей" бөбекжай бала бақшасы  БСН 250740003397,Ақтөбе қаласы,Ақжар-2 тұрғын аумағы,Серпер көшесі 2 үй

8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, екі жеке тұлғаға 43250 теңгеге айыппұл салынды.  

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/documents/details/1073030?lang=kk