2026 жылдың қыркүйек айына мемлекеттік қызметтер мен өтініштер бойынша статистикалық деректер

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жітіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылдың қыркүйек айында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасына мемлекеттік қызмет көрсетуге заңды және жеке тұлғалардан 7 (жеті) өтініш түсіп, қаралды. Қарау нәтижесінде Басқармамен объектіге 1 (бір) рұқсат құжаты(санитариялық–эпидемиологиялық қорытынды), жобаға 1 (бір) рұқсат құжаты берілді.        Объектіге 1 (бір) дәлелді бас тарту және жобаға 1 (бір) дәлелді бас тарту берілді. Объектіге 1 (бір) СЭҚ қайта ресімделді. 2 (екі) өтініш орындалуда, 2026 жылдың қазан айына ауысатын.         Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштер заңнамада белгіленген процестік мерзімдерінде қаралды, көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2026 жылдың қыркүйек айында Е-отіnіѕһ АЖ-да заңды тұлғадан 1 (бір) сұрау салу, жеке тұлғалардан 2 (екі) өтініш және 3 (үш) сұрау салу тіркеліп, қаралды.

Сұрау салулар оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, өтініштер заңнамада белгіленген процестік мерзімдерде әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.

1 (бір) сұрау салу орындалуда, 2026 жылдың қазан айына ауысатын. Сонымен бірге, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді (сұрау салуларды, хабарламаларды) және арыздарды беру бойынша анықтамалық ақпаратты алу үшін 8-(71435)-3-30-05 телефоны арқылы немесе Жітіқара қаласы, Ленин көшесі, 30 мекенжайы бойынша Басқармаға хабарласуға немесе  Қазақстан Республикасының e-Gov.kz электронды үкімет порталы арқылы тікелей жүгінуге болатынын хабарлаймыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1072774?lang=kk