2026 жылғы 27 қыркүйекте Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі әкімінің Шилі сайлау округі бойынша сайлау өтті.
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Шилі сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 206 азамат енгізілді, олардың 181-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдуллин Д.А. – 147; Қаби Б.Қ. – 17; Сейтханов А.К. – 13.
Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі ауылдық округінің әкімі болып сайланған Абдуллин Дастан Амирханович, 1977 жылы туған, Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры, Шилі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жангелдин ауданының аумақтық сайлау комиссиясы