2026 жылғы 27 қыркүйекте өткен Әулиекөл ауданының Чернигов ауылдық округі, Тимофеев ауылы әкімінің сайлау қорытындысы бойынша Әулиекөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

  2026 жылғы 27 қыркүйекте Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі, Тимофеев ауылының әкімін сайлауы өтті.

 Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудың мынадай қорытындыларын белгіледі: 

Чернигов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 537 азамат еңгізілді, оның 416- дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 23. 

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бегайдаров К.К. – 71; Қоңқабай Қ.Б. – 21; Нугуманов М.А. –295.

 Чернигов ауылдық округінің әкімі болып Маулен Аскарович Нугуманов сайланды, 1984 жылы туған, Чернигов ауылында тұрады, Чернигов ауылдық округінің әкімі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.

Тимофеев ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 677 азамат еңгізілді, оның 592 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 4. 

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Асылбеков А.А. – 43; Ерденов А.Ж. – 30; Нсанбаев А.А. – 506.

Тимофеев ауылының әкімі болып Асылжан Ахметжанович Нсанбаев сайланды, 1977 жылғы туған, Тимофеев ауылында тұрады, Тимофеев ауылының әкімі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған. 

 

Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/documents/details/1072497?lang=kk