Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хабарламасы

2026 жылғы 27 қыркүйекте Қарасу ауданы Ильичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті.

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қостанай облысы Қарасу ауданы Ильичев, Қарамырза және Қойбағар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі: 

Ильичев ауылдық округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 631 сайлаушы енгізілді, олардың 478 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Қалиев Е.С. – 401; Пучин Е.С. – 26; Тәжібаев Т.К. – 33.

         Ильичев ауылдық округінің әкімі болып Қалиев Ербол Серғалиұлы сайланды, 1991 жылы туған, Қарасу ауданының Комсомол ауылында тұратын «Ильичев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Ильичев ауылдық округінің әкімі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Қарамырза ауылдық округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 371 сайлаушы енгізілді, олардың 263 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 11.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Агайдарова М.В. – 205; Букатич Е.Ю. – 19; Полтавская М.В. – 23.

         Қарамырза ауылдық округінің әкімі болып Агайдарова Марина Владимировна сайланды, 1974 жылы туған, Қарасу ауданының Қарамырза ауылында тұратын «Қарамырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қарамырза ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

Қойбағар ауылдық округі

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1080 сайлаушы енгізілді, олардың 749 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар - 42.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Кинжебаева Е.В. – 141; Рыбьякова Н.В. – 103; Скубилова В.В. – 452.

         Қойбағар ауылдық округінің әкімі болып Скубилова Вера Владимировна сайланды, 1966 жылы туған, Қарасу ауданының Қойбағар ауылында тұратын «Қойбағар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қойбағар ауылдық округінің әкімі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

 

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/documents/details/1072456?lang=kk