Бюджетке өзгеріс енгізу

Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 31-638/VIII «Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №31-638/VIII «Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 335 750,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 42 381,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; арнаулы түсімдер - 0,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 293 369,0 мың теңге; 2) шығындар – 337 043,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет (профициті) тапшылығы – -1 293,0 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -1 293,0 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –1 293,0 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге; бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 1293,0 мың теңге; аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Үржар аудандық мәслихатының төрағасы А.Омаров

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar-konyrshauly/documents/details/1072346?lang=kk