Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 8 673 642,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 221 084 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 90 587 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 602 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0;

трансферттер түсімдері – 6 353 369,7 мың теңге;

2) шығындар – 12 738 787,2 мың теңге»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 82 126,8 мың теңге сомасында бекітілсін. Оның ішінде: соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 82 126,8 мың теңге».

Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/documents/details/1072329?lang=kk