2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен халықпен тұрақты кездесу барысында Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімімен 2026 жылғы 24 сәуірдегі №13 өкім негізінде, сондай-ақ халық тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар жүргізілді:
- Олжабай батыр атындағы ауылдық округ елді мекендерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аумақтарды санитарлық тазалау, қоқыстарды жинау, қоғамдық орындар мен көшелерді тиісті жағдайға келтіру жұмыстары атқарылды. Жұмыстар толық көлемде орындалды.
- Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында су өткізгіш құбырлар қардан, мұздан, қоқыстан және топырақ шөгінділерінен тазартылды. Су өткізу құрылыстары тиісті жағдайға келтірілді. Іс-шара белгіленген мерзімде орындалды.
- Қысқы кезеңде ауылішілік көшелерді қар үйінділерінен тазарту жұмыстары жүргізілді. Қар тазалау жұмыстары қажеттілікке қарай ұйымдастырылып, негізгі көшелерге, кірме жолдарға және әлеуметтік маңызы бар нысандарға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара орындалды.