Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының хаттамасы

Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының

хаттамасы

Жезқазған қаласы                                                      2026 жылғы «21»қыркүйек

       

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы»   № 211 бұйрығына, Жезқазған қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 тамызындағы №33/16     «Жезқазған қаласының кейбір қайталанған және атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныстарды Жезқазған қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысы негізінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізген отырыста тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында  көпшілік тыңдау өткізілді.

Көпшілік тыңдаудың өткізілуі туралы ресми жариялау:«Жезказганский вестник» газетінің  2026 жылғы 21 тамызында №58 нөмірінде, «Мысты өңір»газетінің 2026 жылдың 21 тамызында №29 нөмірінде және қалалық мәслихаттың ресми сайтында 2026 жылдың 21 тамызында  жарияланды.

Көпшілік тыңдау өткізілді: 2026 жылдың 21 қыркүйегінде

Тіркелген қатысушылардың саны: 70    адам.

Күн тәртібі

 Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы  атауы жоқ көшелерге атау беру  туралы:

         

Тыңдалды:

1.Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің басшысы. Г. К. Шомаева баяндама жасады. Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы 10-көшеге атау беру бойынша тұрғындарға толық түсініктеме берді.

Қала тұрғындары: Ғ.Мухамбедин,  Ғ.Е.Ештанаев, Б.Жұмашұлы, А.Қ.Сағындықов С,Ү.Қожамсеитов шығып ұсынылған  көшелердің атауларын қолдайтындарын жеткізді.

Ұсыныс:

1.Тәуелсіздікке қатысы бар адамдардың есімдерімен көшелерді атау.

 

Жезқазған қаласы бойынша  ұсынылған көшелерді   атау  тізім бойынша дауысқа салынып бірауыздан бекітілді.

1) Б.Момышұлы  (қайталанып отырған) көшеге- «Орбұлақ»атауын;

2) Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі бірінші тұйық көшеге-

«Байтақ» тұйық көше атауын ;

3)Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі екінші тұйық көшеге-

«Шаңырақ» тұйық көше атауын ;

4) Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі алтыншы (Е 181)көшеге-«Жақсыкелді Сейілов» есімін;

5) Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі бірінші тұйық  (Е183)көшеге-«Қазына» тұйық көше атауын;

6) Батыс ауданындағы атауы жоқ үшінші Е 184 көшеге-«Көктал» атауын;

7) Батыс ауданындағы атауы жоқ төртінші Е 185  көшеге-«Кәкімбек Салықов»;

8) Батыс ауданындағы атауы жоқ бесінші  Е 186 көшеге- «Ақселеу Сейдімбек»;

9) Батыс ауданындағы атауы жоқ алтыншы Е187 көшеге- «Бауыржан  Нөгербек»;

10) Батыс ауданындағы атауы жоқ сегізінші Е 188 көшеге- «Сейілбек Жанайдаров» есімдерін беру бойынша көпшілік тыңдау барысында дауыс беру нәтижелері келесі болды:

«Қолдады»-70 дауыс. «Қарсы болғандар»-Жоқ «Қалыс қалғандар» -Жоқ.

ШЕШІЛДІ: Қала тұрғындары  Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы  атауы жоқ көшелерге атау беруді  бірауыздан қолдады. Осы мәселе қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

 

Жезқазған қалалық

мәслихатының төрағасы                                                          Р.О.Қапарова

 

 

Жезқазған қалалық мәслихатының

әлеуметтік мәселелері бойынша тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                       Р.Қ. Өмірбеков

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/documents/details/1072143?lang=kk