«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қыр көрсету мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталық туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қыр көрсету мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов