«Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы мәслихатының «Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтардың тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

Осылайша, шешімнің қабылдануы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағымсыз салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2026 жылғы 11 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылды.

Осыған байланысты аталған шешім жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/documents/details/1071507?lang=kk