«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Нежинская орта мектебі» КММ директоры лауазымы бос жұмыс орны бар екенін хабарлайды.
Біліктілік талаптары:
- жоғары педагогикалық білімінің болуы;
- орта білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі;
- білім беру саласында педагогикалық және/немесе басқарушылық қызмет өтілінің белгіленген талаптарға сәйкес болуы;
- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білуі;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.
Конкурсқа қатысу және қажетті құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ-не хабарласуға болады.
Байланыс тұлғасы: білім бөлімінің әдіскері Қайрат Алуа Акановна, 87153522102