Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде КР ДСМ 25.06.2024 №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың тамыз айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №6 санды 26.08.2026 ж. қаулысының орындалуын қадағалау мақсатында ҚР құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында тіркелген 31.08.2026 ж. №2623560000602014/00071, Махамбет аудандық СЭББ-ының №24, 31.08.2026 жылғы тексеруді тағайындау актісі негізінде жүргізілді.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 31.08.2026 ж. - 28.09.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Адина» Еспосынова Ардақ Муфтоллаевна, «Адина» дүкені
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында: 1. «BRAND ATYRAU» Өндіруші: «Кыдыр ЖШС»,Башқұрстан Республикасы, Октябрьский қ. 452615. Таңбалау бойынша сәйкес емес: тағамның өлшемі, тағамның дайындалған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында тауар айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген (хаттама №2260001028478078 24.08.2026 ж.). 2. QYMYZ BRAND.ORIGINAL TASTE. Өндіруші: «Қыдыр ЖШС», 452615 Башқұртстан Республикасы, Октябрьский қ. Таңбалау бойынша сәйкес емес: тағамның өлшемі, тағамның дайындалған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында тауар айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген (хаттама №2260001028478133 24.08.2026 ж.). 3. MIX Original. Өндіруші: «Қыдыр ЖШС», Башқұртстан Республикасы, Октябрьский қ. Таңбалау бойынша сәйкес емес: тағамның өлшемі, тағамның дайындалған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында тауар айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген (хаттама №2260001028477956 24.08.2026 ж.). 4. SҚЫРЫПТАНИТ. Өндіруші: «Қыдыр ЖШС», Башқұртстан Республикасы, Октябрьский қ. Таңбалау бойынша сәйкес емес: тағамның өлшемі, тағамның дайындалған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында тауар айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген (хаттама №2260001028478017 24.08.2026 ж.) сәйкес келмейді. Зерттеу хаттамалары негізінде сәйкессіздіктер анықталды. Аталған өнімдердің қадағалануынын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттары, яғни жеткізуші жүкқұжаты тексеріске ұсынылмады және өнімдердің өндірілуі, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК «Адина» Еспосынова Ардақ Муфтоллаевна, «Адина» дүкені.
- Қабылданған шаралар: ЖК «Адина» Еспосынова Ардақ Муфтоллаевнаға ҚР ӘҚБтКодексінін 203 бабының 1 тармағына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік шара алынды.