Екібастұз ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
2026 жылғы 23 қыркүйекте Төртүй ауылында ауыл тұрғындарына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді.
Іс-шараға жер қатынастары бөлімі және Екібастұз қаласының мансап орталығының мамандары қатысты.
Жәрмеңке барысында тұрғындарға:
🔹 жер қатынастары мәселелері бойынша;
🔹 жұмысқа орналасу және бос жұмыс орындары бойынша;
🔹 жұмыспен қамту мәселелері бойынша;
🔹 мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде көрсету және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Халыққа қызмет көрсету – басты міндетіміз!