Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында аудан кәсіпорындарында 103442,1 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 120,6% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 105,1% құрады.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 165,0 мың тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 3,4%-ға кем.
Алтынды өндіру 13,1%-ға азаюмен 232,0 кг-ды құрады, құрамында алтыны бар кенді өндіру 15,1%-ға ұлғаюмен 2576,7 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі 10,5%-ға азаюмен 353,1 тоннаны құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-август айларында ауыл, орман, балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі (ағымдағы бағамен) 7281,6 млн. теңгені, оның ішінде ауыл шаруашылығы – 7277,8 млн. теңгені, балық шаруашылығы – 3,8 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 108,1% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 24,9%-ға ұлғаюмен 21425,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 119,2% құрады.
Құрылыс жұмыстары. Қаңтар-тамыз айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 56,3%-ға ұлғаюмен 8728,0 млн. тенгені құрады. Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 145,6% құрады.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында тұрғын үйлерді 3217,8 ш.м. пайдалануға берілді (2025 ж. қаңтар-тамыз – 559,0 ш.м.).
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі статдеректер бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 271 бірлікке азаюмен 1700 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 1 субъектке ұлғаюмен 233 бірлікті, жеке кәсіпкерлер – 255 субъектіге азаюмен 1298 бірлікті, шаруа қожалықтары - 17 субъектіге азаюмен 169 бірлікті құрады.
Сауда. 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда көлемі 10,5% өсіммен 5012,9 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 100,6%.
Көтерме сауда көлемі 2,2 есеге ұлғаюмен 15951,0 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 202,6%.
Өмір деңгейі. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 12,6% өсіммен 433 930 теңгені құрады.
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 19,9%-ға немесе 628,3 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 3780,2 млн. теңге түсті. Салық және төлем түсімдерінің болжамы 109,5%-ға орындалды.