Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі Шымкент қаласы Тұран ауданының  санитариялық-эпидемиологилық бақылау басқармасының 2026 жылы 02 қыркүйектегі  №23-41-09-5-2/1316-И шығыс хатында көрсетілген 02.09.2026ж. «Дау-Мед поликлиника» ЖШС-дан «Инфильтративный туберкулез верхней долей правого легкого МБТ – ЛЧФ тип Новый случай» диагнозы бойынша келіп түскен №64 шұғыл хабарлама негізінде-«Шымкент халықаралық терминалы» ЖШС-де орналасқан "ALTAHIR LOUNGES (АЛЬТАХИР ЛАУНЖЕС)" ЖШС-не қарасты SKY HOLL-бизнес залында менеджер болып жұмыс атқарады. 27.08.2026ж рентген қорытындысының диагнозы: Томогр 6-8 см в/д оң өкпенің инфильтративті туберкулезі МБТ(-) ЛЧФ н/с» жаңа жағдайы анықталған. ФБС:БАС: G-xpert-от 26.08.2026ж ТБ-,R не определен №5374, Скопия БАС-отрицат №5374

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы - Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің «Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  2. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) - Тартылмады
  3. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі – 04.09.2026 ж – 02.10.2026ж
  4. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Шымкент халықаралық терминалы» ЖШС-де орналасқан "ALTAHIR LOUNGES (АЛЬТАХИР ЛАУНЖЕС)" ЖШС-не БСН:211240009793, қарасты SKY HOLL-бизнес залында менеджер болып жұмыс атқарады.
  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының  себептері мен сипаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аталған нысан санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жүргізгені анықталды. Бұл ретте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 20-бабы 1-тармақшасы бойынша бұзушылық анықталды. Сонымен қатар тергеп-тексеру барысында «SKY HOLL»_бизнес залының қызметкерлері Өсербаев С.Е., Жақсылық А.Қ. жұмысқа жіберілгендігі туралы медициналық кітапшалары ұсынылмады, жоқ. Бұл ҚР ДСМ 15.10.202ж №131/2020 бұйрығымен «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу» қағидаларын бекіту туралы бұйрығының талаптары бұзылған.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - "ALTAHIR LOUNGES (АЛЬТАХИР ЛАУНЖЕС)" ЖШС-не қарасты SKY HOLL-бизнес залы.
  7. Қабылданған шаралар – тергеу барысында: 2026 жылғы 04 қыркүйекте санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы №3 қаулы берілді. Қаулыда көрсетілген барлық шаралар толығымен орындалды, 10.09.2026 жылғы №1 «Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестер, әрекеттер) тыйым салу» және 10.09.2026 жылғы №2 Жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану» туралы Бас мемлекттік санитариялық дәрігердің қаулылары берілді, Кәсіпорын қызметкерлеріне «Туберкулезді алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/documents/details/1071152?lang=kk