📢 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕТІН КАНДИДАТТАРҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеу кезеңдерінен өту кезінде белгіленген талаптарды сақтау маңызды.
Тестілеуге дейін не білу қажет?
✅ Тестілеуге кандидаттың жеке қатысуы міндетті;
✅ Тестілеуге дейін компьютердің, бейнекамераның және микрофонның техникалық жарамдылығын алдын ала тексеру қажет;
✅ Бөлмені 360° шолуды қамтамасыз ететін құрылғының дұрыс жұмыс істеуін тексеру қажет;
✅ Тестілеу рәсімі мен прокторинг жүйесінің талаптарымен алдын ала танысу қажет;
✅ Тестілеу кезінде техникалық ақаулар туындамауы үшін барлық қажетті құралдардың жұмысқа дайын болуына назар аудару керек.
🚫 Тестілеу кезінде белгіленген талаптарды бұзуға жол берілмейді.
Кандидаттарға тестілеу тәртібін алдын ала мұқият зерделеп, прокторинг жүйесінің талаптарын сақтауды ұсынамыз.
📌 Есте сақтаңыз: тестілеу талаптарын алдын ала білу – рәсімнен кедергісіз өтуге және талаптарды бұзу фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
🎓 Әсіресе мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасуға ниетті азаматтар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне тестілеу тәртібімен алдын ала танысу маңызды.
Ақпаратты жақындарыңызбен және мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті азаматтармен бөлісіңіз.
Мемлекеттік қызмет – жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін қызмет.