Абай облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеуі және бөлшектеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектеу қағидалары бекітілсін.
- Абай облысының «Кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Уәли