Жария сервитутты белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және өтініш, жер учаскесінің схемасы негізінде Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Рыбкин ауылы аумағында орналасқан, нысаналы мақсаты — биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылысын салу және пайдалануға арналған, жалпы ауданы 0,0900 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу.          

  1. «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін «Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

Б. Капанова

 

 

                                                                                          

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-smirnov/documents/details/1070635?lang=kk