Мұғалжар ауданы
Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерінің сайлауы
жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына сәйкес Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мұғалжар ауданы Еңбек және Жұрын ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:
1) Еңбек сайлау округі – Еңбек ауылдық округі аумағының шекараларында;
2) Жұрын сайлау округі – Жұрын ауылдық округі шекараларында.
- Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Мұғалжар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мұғалжар» газетінде жариялансын.
Мұғалжар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының Ғ.Дәрімбетов
төрағасы
Мұғалжар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының А.Балмаханова
хатшысы
№ 28
5 тамыз 2026 жыл
Қандыағаш қ.