Санитариялық-қорғау аймағы

Санитариялық-қорғау аймағы (СҚА) — өндірістік объектілердің халыққа және қоршаған ортаға әсерін азайтуға арналған аумақ.
СҚА-ның негізгі мақсаты — халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және тұрғындарды өндірістік объектілерден таралатын ластаушы заттардың шығарындыларынан, шудан, дірілден және басқа да факторлардың әсерінен қорғау.
Қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ететін объектілер үшін санитариялық-қорғау шаралары мен өндірістік бақылау, оның ішінде қажетті зертханалық зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Санитариялық-қорғау аймағына қойылатын талаптарды сақтау — өндірістік объектілердің халық денсаулығына кері әсерін болдырмаудың маңызды шарасы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1070467?lang=kk