«Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (09.09.2026 жылғы №136 бүйрығы)

«Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 553

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 553 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.  Осы бұйрықты Комитеттің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті (М.С. Мусин) осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға Ж. Дүйсембиев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/documents/details/1070377?lang=kk