Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:
- Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы №5 10.09.2026 жылғы актісіне сәйкес техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер:
1) Ер балаларға арналған аяқ-киім, өндірушісі- көрсетілмеген.
2) Қыз балаларға арналған туфли, өндірушісі- көрсетілмеген.
3) Қыз балаларға арналған мектеп арқақоржыны, өндірушісі- көрсетілмеген.
4) Қыз балаларға арналған мектеп арқақоржыны, өндірушісі- көрсетілмеген.
5) Ер балаларға арналған мектеп арқақоржыны, өндірушісі- көрсетілмеген.
6) Ер балаларға арналған спорттық костюм, өндірушісі- көрсетілмеген.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Байғанин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):_тартылмады
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 11.09.2026 ж - 18.09.2026 ж._______
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар жеке кәсіпкер «Амангосова А.», «Супер Арзан» дүкені, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барак батыр көшесі 38.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: балаларға арналған тауарлардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ, яғни Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің 12 бабының 1 тармағының бұзушылығы болып табылады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке кәсіпкер «Амангосова А.».
- Қабылданған шаралар: Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Байғанин ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы «18» қыркүйектегі №9 қаулысы берілді.