2025 жылы табыс пен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) кімдер тапсырады?

2025 жылы табыс пен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) кімдер тапсырады?

Жауап:

1. Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

2. Банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ жарғылық капиталында (акционерлік қоғамдардың акцияларында) 10%-дан астам үлесі бар тұлғалар және олардың жұбайлары;

4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5. Өзі дербес салық төлеуге жататын табыс алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен табыс; шетелдік банктік шоттардағы сыйақылар; цифрлық активтермен жасалған операциялардан түскен табыстар; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де табыстар), дара кәсіпкердің табысынан басқа;

6. Шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын ақша қаражаты бар тұлғалар;

7. Шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлестер, тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері);

8. Цифрлық активтерге иелік ететін тұлғалар;

9. Салықтық есепті кезең ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті сатып алған тұлғалар (мысалы: 2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, 20 000 × 3 932 = 78 640 000 теңге), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде де;

10. Салық агентіне басқа шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/documents/details/1070272?lang=kk