«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына сәйкес, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 35-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.
  2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімі осы бұйрықтың «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз  етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/documents/details/1070242?lang=kk