2026 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша
орталық мемлекеттік және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының
АШЫҚТЫҚ ИНДЕКСІ
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ…………….…………...…………………………………………………….. |
3 |
|
ӘРПК ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ.……………………………………… |
5 |
|
Арыздар мен шағымдарды қарау мерзімдерін сақтау ……………………...…... |
9 |
|
Арыздар мен шағымдарды қайта жолдау мерзімдерін сақтау ……………………. |
12 |
|
Тыңдау рәсімін сақтау …………………………………………… |
14 |
|
Статистикалық деректерді жүргізу сапасы ………………………………………... |
17 |
|
Сот шешімі бойынша негізді деп танылған арыздар мен шағымдардың үлесі .... |
18 |
|
Жеке қабылдаулардың қарқындылығы ….……………...……………………...... |
20 |
|
Бірінші басшылардың белсенділігі ………………………………………………. |
24 |
|
Қабылдауды күтудің орташа уақыты …………………………………………..... |
26 |
|
АШЫҚ ҮКІМЕТ …………………………………………..……..…….. |
29 |
|
Ашық деректер…………………………………………………………………... |
31 |
|
Ашық бюджет……………………………………………………….. ………... |
34 |
|
Ашық НҚА …………………………………………………………………..… |
37 |
|
ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ……................................................................... |
39 |
|
Мемлекеттік органдардың жұмысына арыз иелерінің қанағаттану көрсеткіші |
42 |
|
Мемлекеттік органға келіп түсетін жолданымдар құрылымындағы сұрау салулардың үлес салмағы |
45 |
|
«e-Өтініш» АЖ Білім базасының сұранысқа ие болуы…………………………. |
47 |
|
Халықпен кездесулер ……………………………………………………………… |
50 |
|
Аккредиттелмеген коммуникация арналарының болуы ……………………… |
56 |
|
ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ТӘРТІП ……………………………… |
59 |
|
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ 16-бабына сәйкес ресми интернет-ресурсты толтыру………….……………………………………………... |
61 |
|
Шағымдар мен арыздарды қарау сапасын ішкі бақылау …….…... |
63
|
|
«Жасырын «Мемлекеттік қызметтерді анықтау» ынталандыру индикаторы бойынша бағалау……………………………………………………………………………………… |
66 |
|
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ……………………………………………………………………… |
68 |
КІРІСПЕ
Осы баяндама 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалау мақсатында дайындалды.
Ашықтық индексі қоғам алдындағы есептілік дәрежесін, мемлекеттік органдардың халықтың сұрау салуларына сапалы әрі мерзімінде жауап беруге дайындығын, сондай-ақ мемлекеттік органдар иеленетін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді сипаттайды.
Ашықтық индексі – цифрлық деректерді және азаматтардың кері байланысын талдауға негізделген мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін кешенді бағалау құралы.
АШЫҚТЫҚ ИНДЕКСІНІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
Нақты цифрлық деректерді пайдалану: деректер «е-Өтініш» және мемлекеттік органдардың АЖ-ларынан алынады, бұл бағалау нәтижелерінің объективтілігін айтарлықтай арттырады.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын бағалаудың қалыптасқан және тексерілген құралы: жұмысқа енгізілгенге дейін Ашықтық индексі мемлекеттік органдарда 3 жыл бойы (2023-2026 жж.) пилоттық сынақтан өтті.
Өтініш берушілер алынған жауаптарды өздері бағалайды: Ашықтық индексінің ерекшелігі – азаматтарды мемлекеттік органдар «е-Өтініш» АЖ-да ұсынатын жауаптардың сапасын 5 балдық шкала бойынша бағалауға тарту.
Бағалау үшін бірнеше деректер көзі алынады, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік орган тартылған:
ҚСжАЕК азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде тәртіпті және ӘРПК талаптарының сақталуын, МАМ – мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін, ал ЖИЦДМ – Бірыңғай білім базасының (БББ) толтырылу толықтығын және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтауды бағалайды.
Әрбір мемлекеттік органның «қателермен жұмыс істеу» мүмкіндігі: органдар өз прогресін бағалайды, қызметіндегі әлсіз тұстарды анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Рейтингте төмен позиция болған жағдайда мемлекеттік орган көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі «Жол картасын» бекітуге және оның ресми сайтта жариялануын қамтамасыз етуге міндетті.
Бағалаудың негізгі бағыттары:
- «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарының орындалуы»;
- «Ашық Үкімет»;
- «Халықпен кері байланыс»;
- «Ішкі бақылау және өзіндік тәртіп».
Индексті есептеу үшін ақпарат көздері объективті (уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми статистикасы) және субъективті («Электрондық жолданымдар» ААЖ және «Smart Data Ukimet» ақпараты, бағаланатын мемлекеттік органдардың статистикасы, ашық деректер интернет-порталы және мемлекеттік органдардың өзге де есептік ақпараты) деректерді қамтиды. Ақпаратты қайта тексеру кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізіледі.
Ашықтық индексін есептеу әдістемесі тұтастай қайта қаралды, 2025 жылғы пилоттық сынақ нәтижелерін ескере отырып, критерийлердің құрылымы жетілдірілді:
«ӘРПК талаптарының орындалуы» критерийі. Критерийдің мәні өтініштермен жұмыс істеу және азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі заңнаманы сақтау бағытында мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудан тұрады.
«ӘРПК талаптарының орындалуы» критерийінен «Негізсіз қайта жолдау» индикаторы алынып тасталды, себебі қазіргі кезеңде оның мониторингі тек қол режимінде жүзеге асырылады, ал оны автоматтандыру мүмкіндігі әзірге жоқ.
«Ашық Үкімет» критерийі елде жүргізіліп жатқан саясат туралы халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік органдарды ақпаратты проактивті таратуға ынталандыруды көздейді.
«Ашық Үкімет» критерийіне «Ашық бюджет» және «Ашық НҚА» индикаторлары бойынша бюджеттік материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді орналастыру дұрыстығын бағалауды көздейтін жаңа көрсеткіштер қосылды.
«Халықпен кері байланыс» критерийі мемлекеттік органдарды мемлекет пен қоғам диалогының сапасын арттыруға ынталандыруға бағытталған.
««e-Otinish» білім базасына сұраныс» индикаторын есептеу формуласы өзгертілді. Атап айтқанда, мемлекеттік орган Бірыңғай білім базасын (БББ) тоқсанына кемінде бір рет толықтыруды қамтамасыз етуге тиіс екені белгіленді. Бұл ретте есепті тоқсанда жауаптары бар кемінде 30 жиі қойылатын сұрақ (ЖҚС) орналастырылуы тиіс.
«Ішкі бақылау және өзіндік тәртіп» критерийі халықпен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың бастамашылық жұмысын бағалайды.
Аталған критерий өзгеріссіз қалды.
Ашықтық индексін бағалаудың негізгі мақсаттары:
Тиімділік және жеделдік: мемлекеттік органдардың өтініштермен және өтініш берушілермен қаншалықты тиімді әрі жедел жұмыс істейтіні туралы нақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өзара іс-қимыл сапасы: мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл сапасын бағалау күшті және әлсіз тұстарды анықтауға, процестерді оңтайландыруға және «осал тұстарды» жоюға көмектеседі.
Қанағаттану деңгейі: мемлекеттік органдардың өтініштерге жауаптарын, олардың жоғары тұрған және сот органдарына шағымдануын кешенді бағалау өтініштерді қарау нәтижелеріне және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға өтініш берушілердің қанағаттану деңгейін объективті өлшеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы: мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі нақты қоғамдық сұраныстарды негізге ала отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмысын проактивті жүргізуге мүмкіндік береді.
Бағалау жүргізу үшін бағаланатын мемлекеттік органдардың бағалауға уәкілетті органдарға ұсынған ақпаратының дұрыстығын бағаланатын мемлекеттік органдардың өздері қамтамасыз етеді.
«ӘРПК ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ»
ӘДІСТЕМЕ
Берілген ұпайлардың максималды саны – 30.
«ӘРПК талаптарының орындалуы» критерийі бойынша жалпы балл мынадай индикаторлар бойынша балдарды қосу жолымен айқындалады:
- «Арыздар мен шағымдарды қарау мерзімдерін сақтау»: бағалау шағымдар мен арыздарды уақтылы қарау бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін анықтау үшін жүргізіледі. Максималды балл – 4. Егер осы индикатор бойынша нәтиже теріс болса, 0 балл беріледі.
- «Арыздар мен шағымдарды қайта жолдау мерзімдерін сақтау»: бағалау арыздар мен шағымдарды уақтылы қайта жолдау бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін айқындау үшін жүзеге асырылады. Максималды балл – 4. Егер осы индикатор бойынша нәтиже теріс болса, 0 балл беріледі.
- «Тыңдау рәсімін сақтау»: бағалау мемлекеттік органдардың тыңдау рәсімін өткізу жөніндегі ӘРПК талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Максималды балл - 3. Теріс нәтиже болған жағдайда 0 балл беріледі. Егер есепті кезеңде шағымдар мен арыздарға жауаптар бойынша жүргізілген тыңдаулар саны 0-ге тең болса, ең жоғары балл (3 балл) беріледі.
4) «Статистикалық деректерді жүргізу сапасы»: бағалау жолданымдарды тіркеу кезінде есепке алу карточкаларына (деректемелік құрамға) енгізілетін мәліметтерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығын анықтауға бағытталған. Максималды балл – 2. Есептеу қаралған жолданымдар санының жол берілген бұзушылықтар санына арақатынасына байланысты (пайызбен) жүргізіледі. Егер критерий бойынша алынған нәтиже минус таңбасымен көрсетілген мәнді құраса, мемлекеттік органға осы индикатор бойынша 0 балл беріледі.
5) «Сот шешімі бойынша негізді деп танылған арыздар мен шағымдардың үлесі (сот қанағаттандырған)»: индикатор бойынша бағалау келіп түскен арыздар мен шағымдарды сапалы қарау бөлігінде мемлекеттік органдар шараларының тиімділігін айқындау үшін жүзеге асырылады. Максималды балл 6. Шешімдері есепті кезеңде сот тәртібімен қайта қаралған және қанағаттандырылған шағымдар мен өтініштер мемлекеттік органда болмаған жағдайда мемлекеттік органға 6 балл беріледі.
6) «Жеке қабылдаулардың қарқындылығы»: бағалау жеке қабылдаулардың жиілігін арттыруға бағытталған және ӘРПК-нің 90-бабында белгіленген жеке қабылдаулар саны бойынша ең төменгі деңгейге сүйене отырып жүзеге асырылады. Максималды балл – 4.
7) «Бірінші басшылардың белсенділігі»: бағалау тікелей Бірінші басшылардың жеке қабылдауларын жүргізуге ынталандыруға бағытталған. Индикатор бағаланатын мемлекеттік органның бірінші басшылары қабылдаған азаматтардың ұйымдастырылған қабылдаулардың жалпы санына қатысты пайызы негізінде есептеледі. Максималды балл - 4, егер:
- ЖАО бірінші басшылары жалпы санынан 35% және одан да көп азаматтарды қабылдады;
- ОМО бірінші басшылары жалпы санынан 30% және одан да көп азаматтарды қабылдады.
8) «Қабылдауды күтудің орташа уақыты: бағалау арыз иелерінің жеке қабылдауды күту уақытын қысқартуға бағытталған, оны есептеу кезінде жолданым тіркелген күннен бастап және жеке қабылдауға жазылу туралы хабарламаға дейінгі уақыт ескеріледі. Максималды балл – 3. Егер жолданым тіркелген күннен бастап және жеке қабылдауға жазылу туралы хабарламаға дейін 15 жұмыс күнінен аспаған жағдайда беріледі. Индикатор бойынша есептеу кезінде «Жеке қабылдауды нақты жүргізу» түзету коэффициенті қолданылады (егер арыз иесі белгіленген күні қабылданған болса, коэффициент 1, егер арыз иесі белгіленген қабылдау күнінен бастап бір ай ішінде қабылданған болса, 0,5, егер жазылған арыз иесінің жеке қабылдауы ұйымдастырылмаған болса немесе арыз иесі белгіленген күннен бастап бір ай өткен соң қабылданған болса).
Есепті кезеңде жеке қабылдауға тіркелген азаматтар болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік органға ең жоғары балл беріледі.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың 6 айында ел бойынша барлығы 3 млн өтініш тіркелген, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 28,5%-ға жоғары (2 355 739-дан 3 027 798-ге дейін).
Шағымдардың үлесі – 6,4% немесе 185 мың (5,3% немесе 126 мың), өтініштердің үлесі – 63,5% немесе 1,9 млн (65,1% немесе 1,5 млн), сұрау салулардың үлесі – 16,7% немесе 494 мың (16,1% немесе 380 мың), хабарламалардың үлесі – 7,2% немесе 209 мың (8% немесе 188 мың), ұсыныстардың үлесі – 5,6% немесе 164 мың (5% немесе 119 мың), үн қатулардың үлесі – 0,6% немесе 25 мың (0,5% немесе 14 мың).
Халық мемлекеттік органдарға көбіне электрондық форматта жүгінген – 93,3% немесе 2,8 млн өтініш, бұл ретте қағаз түріндегі өзара іс-қимыл (қолма-қол, пошта және т.б.) да сұранысқа ие болып, мұндай өтініштердің көлемі 6,6% немесе 200 мыңды құрады (2025 жылы электрондық форматта – 91,3% немесе 2,1 млн, қағаз түрінде – 8,7% немесе 200 мың).
Өтініш берушілердің саны 861 мыңды құрады, оның ішінде:
- 90,1% (776 мың) – жеке тұлғалар;
- 9,9% (85 мың) – заңды тұлғалар;
Бұрынғыдай, өтініш берушілер үшін мына мәселелер өзекті болып қалуда:
- салықтық және кедендік әкімшілендіру – 263 739 немесе 8,7% (оның ішінде: 78% – салықтық әкімшілендіру және 22% – кедендік әкімшілендіру);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 201 728 немесе 6,6% (оның ішінде: 81,6% – жылумен, сумен, газбен жабдықтау, жарықтандыру, кәріз, лифт шаруашылығы, абаттандыру және 9% – көгалдандыру, тұрғын үй қорының жай-күйі және 9,4% – кооперативтер, ПИК, МИБ, кондоминиумдар);
- сот жүйесі, сот төрелігі, атқарушылық іс жүргізу, сот актілеріне шағымданудың заңдылығы – 207 990 немесе 6,8% (оның ішінде: 57,1% – сот актілерін орындау және 42,9% – қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге қатысты);
- жер және жер пайдалану – 141 159 немесе 4,6% (оның ішінде: 67,8% – жер қатынастары саласындағы заңнаманың сақталуы және 32,2% – жермен қамтамасыз ету);
5) қоғамдық және жол қауіпсіздігі – 176 175 немесе 5,8% (оның ішінде: 46,9% – жол қозғалысы саласында, 35% – әкімшілік практика және 18,1% – қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғушылық).
Келіп түскен жолданымдардың жалпы санының 67,3%-ы (2 млн) орталық мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – ОМО), ал 32,7%-ы (928 мың) жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тиесілі.
Орталық деңгейде өтініштердің ең көп саны Ішкі істер – 15,6% (472 мың), қаржы – 10,1% (307 мың), жасанды интеллект және цифрлық даму – 5% (151 мың), әділет министрліктеріне – 4,8% (145 мың) келіп түскен.
Жергілікті деңгейде азаматтар Алматы қаласының әкімдігіне – 6% (180 мың), Астана қаласының әкімдігіне – 3,5% (106 мың), Алматы облысының әкімдігіне – 2% (63 мың), Түркістан облысының әкімдігіне – 1,6% (49 мың) және Ақмола облысының әкімдігіне – 1,6% (48 мың) барынша көп жүгінген.
ӘРПК талаптарын орындаудың ең жоғары деңгейі Бас прокуратурада, Ғылым және жоғары білім министрлігінде, Атом энергиясы жөніндегі агенттікте, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде байқалды.
Орташа көрсеткіштер арасында ең төмен балл жинаған мемлекеттік органдардың ТОП-3 тізімін Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігі құрады.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда ӘРПК талаптарын орындаудың төмен деңгейі тіркелген жоқ.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
30 |
А |
|
ҒЖБМ |
28,43 |
А |
|
АЭА |
27,72 |
А |
|
БҚДА |
27,42 |
А |
|
ТжСМ |
26,84 |
А |
|
СРИМ |
25,65 |
А |
|
СИМ |
25,55 |
А |
|
ӨҚМ |
25,54 |
А |
|
МАМ |
25,40 |
А |
|
ЭМ |
25,26 |
А |
|
ҚНРДА |
24,95 |
В |
|
АШМ |
24,74 |
В |
|
ТЖМ |
24,67 |
В |
|
ЭТРМ |
24,66 |
В |
|
ҚМ |
24,54 |
В |
|
ДСМ |
24,44 |
В |
|
СЖРА |
24,28 |
В |
|
КМ |
24,23 |
В |
|
Қаржымині |
23,94 |
В |
|
ҰБ |
23,91 |
В |
|
ОАМ |
23,85 |
В |
|
ӘМ |
23,64 |
В |
|
ЖИЦДМ |
22,58 |
В |
|
СІМ |
22,30 |
В |
|
МҚІА |
21,79 |
В |
|
ҰЭМ |
21,78 |
В |
|
ІІМ |
21,00 |
В |
|
ЕХӘҚМ |
20,21 |
В |
|
ҚМА |
19,45 |
В |
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Ақмола |
29,56 |
А |
|
Жамбыл |
29,50 |
А |
|
Астана қ. |
28,89 |
А |
|
Қарағанды |
28,86 |
А |
|
Абай |
28,86 |
А |
|
Қызылорда |
28,60 |
А |
|
Ақтөбе |
28,57 |
А |
|
Павлодар |
28,13 |
А |
|
ШҚО |
28,03 |
А |
|
СҚО |
26,86 |
А |
|
Алматы обл. |
26,55 |
А |
|
Шымкент қ. |
25,91 |
А |
|
Түркістан |
25,62 |
А |
|
Жетісу |
25,61 |
А |
|
БҚО |
25,53 |
А |
|
Ұлытау |
25,40 |
А |
|
Атырау |
22,06 |
В |
|
Маңғыстау |
21,96 |
В |
|
Алматы қ. |
18,43 |
В |
|
Қостанай |
17,62 |
В |
Өңірлік деңгейде ӘРПК талаптарын орындаудың жоғары деңгейі бойынша ТОП-5 Ақмола, Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының, Қарағанды облысының және Абай облысының әкімдіктерінде байқалды.
Орташа көрсеткіштер арасында ең төмен балл жинаған ТОП-4 жергілікті атқарушы орган Атырау, Маңғыстау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қостанай облысының әкімдіктері болып белгіленді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда Өнеркәсіп және құрылыс, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Сыртқы істер министрліктері, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қостанай облысының әкімдіктері өз нәтижелілігін жақсартты.
Сонымен қатар, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бағалау нәтижелерімен салыстырғанда Ұлттық Банктің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Ұлттық экономика, Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің нәтижелері төмендеді, осыған байланысты аталған мемлекеттік органдардың бағалау санаты «А» санатынан «В» санатына төмендетілді.
Бас прокуратура, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бағалау нәтижелерімен салыстырғанда «А» санатында қалып, жоғары көрсеткіштерін сақтады.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар:
1) арыздар мен шағымдарды қарау кезінде ӘРПК талаптарының сақталуына ішкі бақылауды күшейту, бұл ретте процестік мерзімдердің сақталуына және қабылданатын шешімдердің сапасына ерекше назар аудару.
2) бағалау көрсеткіштерінің төмендеу себептеріне талдау жүргізу және оларды жою бойынша түзету іс-шараларының жоспарларын әзірлеу.
3) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру сапасын арттыруды, оның ішінде бірінші басшылардың оларды өткізуге қатысуын ұлғайтуды қамтамасыз ету.
4) қызметкерлерді ӘРПК нормаларын қолдану және бағалау қорытындылары бойынша анықталған үлгілік бұзушылықтарды талдау мәселелері бойынша жүйелі түрде оқытуды ұйымдастыру.
«Арыздар мен шағымдарды қарау мерзімдерін сақтау»
Индикатор арыздар мен шағымдарды уақтылы қарау бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін айқындауды көздейді.
Бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, арыздар мен шағымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметтің тиімділік дәрежесі мынадай топтарға жіктелді: жоғары деңгей үшін 3,6 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 2,8-ден 3,5 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 2-ден 2,7 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 2 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Жолданымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуының негізгі себебі орындаушылардың ӘРПК талаптарын сақтамауы, сондай-ақ басшылықтың арыздар мен шағымдарды қарау бойынша ведомстволық бақылауды әлсіретуі болып табылады.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
4 |
жоғары |
|
ТжСМ |
4 |
|
|
ҒЖБМ |
4 |
|
|
ҰБ |
4 |
|
|
СЖРА |
4 |
|
|
АЭА |
4 |
|
|
Қаржымині |
3,90 |
|
|
СИМ |
3,16 |
орташа |
|
ҚМ |
3,14 |
|
|
ІІМ |
3,05 |
|
|
ӨҚМ |
3,04 |
|
|
МАМ |
2,74 |
төмен |
|
ТЖМ |
2,59 |
|
|
ҚНРДА |
2,06 |
|
|
СІМ |
2,06 |
|
|
ЖИЦДМ |
1,95 |
тиімсіз |
|
БҚДА |
1,83 |
|
|
ДСМ |
1,21 |
|
|
ОАМ |
0,28 |
|
|
ҚМА |
0,25 |
|
|
СРИМ |
0 |
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
ЭТРМ |
0 |
|
|
ЭМ |
0 |
|
|
КМ |
0 |
|
|
АШМ |
0 |
|
|
ЕХӘҚМ |
0 |
|
|
МҚІА |
0 |
|
|
ӘМ |
0 |
|
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана қ. |
4 |
жоғары |
|
Алматы обл. |
4 |
|
|
Ақмола |
4 |
|
|
Маңғыстау |
4 |
|
|
Павлодар |
4 |
|
|
Жетісу |
3,82 |
|
|
Ақтөбе |
3,81 |
|
|
Шымкент қ. |
3,80 |
|
|
Абай |
3,77 |
|
|
Жамбыл |
3,76 |
|
|
Қызылорда |
3,74 |
|
|
Түркістан |
3,67 |
|
|
Атырау |
3,61 |
|
|
БҚО |
3,42 |
орташа |
|
Қарағанды |
3,28 |
|
|
СҚО |
3,12 |
|
|
ШҚО |
2,86 |
|
|
Ұлытау |
1,71 |
тиімсіз |
|
Алматы қ. |
1,62 |
|
|
Қостанай |
0,69 |
|
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ағымдағы есепті кезеңде орталық мемлекеттік органдар нәтижелерінің төмендегені байқалады. Егер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 12 орталық мемлекеттік орган жоғары баға алса, ағымдағы есепті кезеңнің қорытындысы бойынша олардың саны 7-ге дейін қысқарды.
Арыздар мен шағымдарды қарау мерзімдерінің сақталуы бойынша оң динамика көрсеткен мемлекеттік органдардың қатарына Бас прокуратура (қаралған 16 150 жолданымның ішінде қарау мерзімдерін бұзудың 0 жағдайы), Туризм және спорт министрлігі (2 376 жолданымның ішінде 0 бұзушылық), Ғылым және жоғары білім министрлігі (1 132 жолданымның ішінде 0 бұзушылық), Ұлттық Банк (976 жолданымның ішінде 0 бұзушылық), Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (778 жолданымның ішінде 0 бұзушылық), Атом энергиясы жөніндегі агенттік (253 жолданымның ішінде 0 бұзушылық), сондай-ақ Қаржы министрлігі (207 524 жолданымның ішінде 5 бұзушылық) жатады.
ЖАО арасында осы критерий бойынша оң динамиканы Астана қаласының әкімдігі (64 298 жолданымның ішінде қарау мерзімдерін бұзудың 0 жағдайы), Алматы облысының әкімдігі (31 125 жолданымның ішінде 0), Ақмола облысының әкімдігі (21 539 жолданымның ішінде 0), Маңғыстау облысының әкімдігі (15 959 жолданымның ішінде 0), Павлодар облысының әкімдігі (14 164 жолданымның ішінде 0), Жетісу облысының әкімдігі (22 365 жолданымның ішінде 1 бұзушылық), Ақтөбе облысының әкімдігі (20 630 жолданымның ішінде 1), Шымкент қаласының әкімдігі (20 428 жолданымның ішінде 1), Абай облысының әкімдігі (17 192 жолданымның ішінде 1), Жамбыл облысының әкімдігі (16 975 жолданымның ішінде 1), Қызылорда облысының әкімдігі (15 178 жолданымның ішінде 1), Түркістан облысының әкімдігі (24 180 жолданымның ішінде 2), Атырау облысының әкімдігі (10 388 жолданымның ішінде 1) көрсетті.
«Тиімсіз деңгейдегі бағалау» санатына мыналар кірді:
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі – 1,95 балл (қаралған 5 865 жолданымның ішінде қарау мерзімдерін бұзудың 3 жағдайы);
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі – 1,83 балл (1 844 жолданымның ішінде 1 бұзушылық);
- Денсаулық сақтау министрлігі – 1,21 балл (30 113 жолданымның ішінде 21 бұзушылық);
- Оқу-ағарту министрлігі – 0,28 балл (6 444 жолданымның ішінде 6 бұзушылық);
- Қаржылық мониторинг агенттігі – 0,25 балл (5 335 жолданымның ішінде 5 бұзушылық);
- Су ресурстары және ирригация министрлігі – 0 балл (441 жолданымның ішінде 3 бұзушылық);
- Ұлттық экономика министрлігі – 0 балл (3 341 жолданымның ішінде 6 бұзушылық);
- Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 0 балл (8 020 жолданымның ішінде 12 бұзушылық);
- Энергетика министрлігі – 0 балл (3 391 жолданымның ішінде 12 бұзушылық);
- Көлік министрлігі – 0 балл (4 961 жолданымның ішінде 16 бұзушылық);
- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 0 балл (17 088 жолданымның ішінде 28 бұзушылық);
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 0 балл (58 255 жолданымның ішінде 60 бұзушылық);
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – 0 балл (9 599 жолданымның ішінде 68 бұзушылық);
- Әділет министрлігі – 0 балл (53 452 жолданымның ішінде 188 бұзушылық);
- Ұлытау облысының әкімдігі – 1,71 балл (5 233 жолданымның ішінде 3 бұзушылық);
- Алматы қаласының әкімдігі – 1,62 балл (90 817 жолданымның ішінде 54 бұзушылық);
- Қостанай облысының әкімдігі – 0,69 балл (14 507 жолданымның ішінде 12 бұзушылық).
Ауыл шаруашылығы, Оқу-ағарту министрліктері, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қостанай облысының әкімдіктері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерімен салыстырғанда тиімсіз бағаларын сақтап қалды.
Сонымен қатар, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бағалаумен салыстырғанда Жасанды интеллект және цифрлық даму, Денсаулық сақтау, Су ресурстары және ирригация, Ұлттық экономика, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг, Мемлекеттік қызмет істері агенттіктерінің, сондай-ақ Ұлытау облысы әкімдігінің нәтижелері төмендеді. Бұл ретте Туризм және спорт, Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Ғылым және жоғары білім министрліктері өз нәтижелілігін жақсартты.
Бас прокуратура, Ұлттық Банк, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, сондай-ақ Астана қаласының, Абай, Ақмола, Қызылорда, Алматы, Түркістан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша нәтижелермен салыстырғанда жоғары бағаларын сақтап қалды.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар:
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арыздар мен шағымдарды қарау кезінде ӘРПК талаптарының сақталуына ведомстволық бақылауды күшейтуге, әкімшілік рәсімдердің белгіленген мерзімдерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың себептерін жою бойынша шаралар қабылдауға тиіс. Жолданымдарды қарау сапасына тұрақты талдау жүргізу, орындаушылар мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының жауапкершілігін арттыру, мерзімдерді бұзу тәуекелдерін уақтылы анықтауды қамтамасыз ету және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру ұсынылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің ӘРПК нормаларын қолдану бөлігіндегі біліктілігін арттыру, бағалау көрсеткіштері жоғары мемлекеттік органдардың озық тәжірибелерін енгізу және азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс істеу процестерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру орынды.
«Арыздар мен шағымдарды қайта жолдау мерзімдерін сақтау»
Бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, арыздар мен шағымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметтің тиімділік дәрежесі мынадай топтарға жіктелді: жоғары деңгей үшін 3,6 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 2,8-ден 3,5 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 2-ден 2,7 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 2 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша құзыретіне сәйкес басқа органдарға қарау үшін қайта жолданған жолданымдардың жалпы саны 878,9 мыңнан асты, бұл 2025 жылдың ұқсас көрсеткішінен 61,82%-ға жоғары (586 мың жолданым).
Олардың негізгі бөлігі ОМО-ға – 589,3 мыңнан астам (67,06%), ЖАО-ға – 289,5 мыңнан астам (32,94%) қайта жолданған жолданымдар тиесілі.
Орталық деңгейде жолданымдардың ең көп саны Ішкі істер министрлігімен – 122 229 және Бас Прокуратурамен – 110 880 қайта жолданған.
Жергілікті деңгейде қайта жолданған жолданымдардың негізгі үлесі мына әкімдіктерге тиесілі:
- Алматы қ. – 96 484;
- Астана қ. – 37 408;
- Алматы облысы – 31 604.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен 3 млн жолданымның 7 мыңнан астамы белгіленген мерзімдерді бұза отырып қайта жолданған.
Бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың жолданымдарды қайта жолдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерді (3 жұмыс күні) әрдайым сақтай бермейтінін көрсетті.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда арыздар мен шағымдарды қайта жолдау мерзімдерін сақтау бойынша «тиімсіз деңгей» анықталған жоқ.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
4 |
жоғары |
|
БҚДА |
4 |
|
|
СІМ |
4 |
|
|
СЖРА |
4 |
|
|
СРИМ |
4 |
|
|
ҚНРДА |
3,98 |
|
|
СИМ |
3,95 |
|
|
Қаржымині |
3,94 |
|
|
ҰЭМ |
3,94 |
|
|
ЭМ |
3,93 |
|
|
АШМ |
3,91 |
|
|
ҚМА |
3,91 |
|
|
ТЖМ |
3,90 |
|
|
ДСМ |
3,88 |
|
|
ЭТРМ |
3,88 |
|
|
ӘМ |
3,85 |
|
|
ЕХӘҚМ |
3,81 |
|
|
МҚІА |
3,81 |
|
|
ҒЖБМ |
3,79 |
|
|
ТжСМ |
3,75 |
|
|
ІІМ |
3,72 |
|
|
МАМ |
3,66 |
|
|
ҰБ |
3,62 |
|
|
ОАМ |
3,57 |
орташа |
|
ӨҚМ |
3,37 |
|
|
ЖИЦДМ |
3,19 |
|
|
ҚМ |
3,04 |
|
|
АЭА |
2,84 |
|
|
КМ |
2,78 |
төмен |
Орталық мемлекеттік органдардың ішінде Оқу-ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Қорғаныс министрліктері мен Атом энергиясы жөніндегі агенттікті қоспағанда, барлық мемлекеттік органдар «жоғары деңгей» бағалау санатына кірді.
«Төмен деңгей» бағалау санатына тек Көлік министрлігі – 2,78 балл (келіп түскен 8 861 жолданымның ішінде қайта жолдау мерзімдерін бұзудың 27 жағдайы) кірді.
«Орташа деңгей» бағалау санатына мына мемлекеттік органдар кірді:
- Оқу-ағарту министрлігі – 3,57 балл (келіп түскен 15 938 жолданымның ішінде қайта жолдау мерзімдерін бұзудың 17 жағдайы);
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – 3,37 балл (келіп түскен 22 943 жолданымның ішінде 36 бұзушылық);
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі – 3,19 балл (келіп түскен 12 853 жолданымның ішінде 26 бұзушылық);
- Қорғаныс министрлігі – 3,04 балл (келіп түскен 11 629 жолданымның ішінде 28 бұзушылық);
- Атом энергиясы жөніндегі агенттік – 2,84 балл (келіп түскен 345 жолданымның ішінде 1 бұзушылық).
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Ақтөбе |
3,94 |
жоғары |
|
Астана |
3,93 |
|
|
Түркістан |
3,93 |
|
|
Қызылорда |
3,91 |
|
|
БҚО |
3,90 |
|
|
Жетісу |
3,86 |
|
|
Маңғыстау |
3,84 |
|
|
Алматы обл. |
3,82 |
|
|
Павлодар |
3,82 |
|
|
Қарағанды |
3,79 |
|
|
Алматы қ. |
3,74 |
|
|
Жамбыл |
3,74 |
|
|
Қостанай |
3,74 |
|
|
Ақмола |
3,69 |
|
|
Абай |
3,67 |
|
|
Атырау |
3,67 |
|
|
ШҚО |
3,67 |
|
|
Шымкент |
3,66 |
|
|
СҚО |
3,56 |
|
|
Ұлытау |
3,08 |
|
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың барлық әкімдіктері «жоғары деңгей» бағасын көрсетті.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бағалаумен салыстырғанда Көлік министрлігінің нәтижелері төмендеді, ал Қорғаныс, Оқу-ағарту, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі өз нәтижелілігін жақсартты.
Осы индикатор бойынша бағаланатын мемлекеттік органдардың нәтижелілігінің жоғары деңгейі жолданымдарды қайта жолдау кезінде белгіленген мерзімдердің сақталуы бойынша ОМО мен ЖАО жұмысының тиімді екенін көрсетеді.
Анықталған бұзушылықтардың негізгі себебі – басшылық пен орындалуын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы.
Мемлекеттік органдарға арналған ұсыным:
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арыздар мен шағымдарды қайта жолдау мерзімдерінің сақталуына бақылауды ішкі мониторинг тетіктерін жетілдіру және қайта жолдауды талап ететін жолданымдарды уақтылы анықтау арқылы күшейту ұсынылады.
Жолданымдарды қарауды бақылауды жүзеге асыратын басшылар мен құрылымдық бөлімшелердің жауапкершілігін күшейту, анықталған бұзушылықтардың себептеріне тұрақты талдау жүргізу және оларды жоюға, сондай-ақ қайталануына жол бермеуге бағытталған уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету қажет.
Қосымша ретінде жолданымдарды қарау процесіне қатысатын қызметкерлердің ӘРПК талаптарын сақтау және азаматтар мен заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс істеуді жетілдіру бөлігінде біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету ұсынылады.
«Тыңдау рәсімін сақтау»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың арыздар мен шағымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі мынадай топтарға жіктелді: жоғары деңгей үшін 2,7 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 2,1-ден 2,6 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 1,5-тен 2 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 1,5 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Тыңдау рәсімі – жолданымды қарау сатысында арыз иесіне істің мән-жайлары және жоспарланып отырған шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретін процестік кепілдік.
Тыңдау рәсімін өткізудің маңыздылығы арыз иесі ұсынған түсініктемелерді, фактілер мен материалдарды ескерумен ғана шектелмейді, сондай-ақ мемлекеттік органның әрбір нақты жағдайда тиісті шешім қабылдауға негіз болған өз уәждерін қайта қарау мүмкіндігінде.
ӘРПК-де көзделген әкімшілік рәсімдер көбіне формалды түрде сақталатындықтан немесе мемлекеттік орган тыңдау рәсімін өткізуге құлықсыз бастама көтеретіндіктен, өз жауабына қорытынды бағалауды мемлекеттік органның өзі береді. Мұндай тәжірибе қайталама жолданымдардың көбеюіне және бюрократияның күшеюіне алып келеді, бұл азаматтардың наразылығы мен көңіл толмаушылығын одан әрі арттырады.
Бағалау нәтижелері көрсеткендей, шағымдар мен арыздарды қарау кезінде тыңдау рәсімін өткізу жөніндегі ӘРПК талаптарын бұзудың ең көп саны мына мемлекеттік органдар тарапынан орын алған:
- Ұлттық Банк (келіп түскен 22 арыз бен шағымның 12-сі бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған);
- Сыртқы істер министрлігі (келіп түскен 21 арыз бен шағымның 10-ы бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған);
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (2 091 арыз бен шағымның 1 224-і бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт шығарылған);
- Оқу-ағарту министрлігі (келіп түскен 485 арыз бен шағымның 278-і бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған);
- Әділет министрлігі (10 434 арыз бен шағымның 5 825-і бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер шығарылған);
- Қаржылық мониторинг агенттігі (келіп түскен 363 арыз бен шағымның 324-і бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған);
- Маңғыстау облысының әкімдігі (1 422 арыз бен шағымның 912-сі бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер шығарылған).
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
3 |
жоғары |
|
МАМ |
3 |
|
|
МҚІА |
2,98 |
|
|
ҰЭМ |
2,92 |
|
|
АЭА |
2,88 |
|
|
СРИМ |
2,83 |
|
|
КМ |
2,79 |
|
|
СЖРА |
2,78 |
|
|
ТжСМ |
2,77 |
|
|
ЖИЦДМ |
2,70 |
|
|
БҚДА |
2,59 |
орташа |
|
ТЖМ |
2,58 |
|
|
ЭМ |
2,52 |
|
|
СИМ |
2,44 |
|
|
ДСМ |
2,35 |
|
|
ҚМ |
2,32 |
|
|
АШМ |
2,18 |
|
|
ЕХӘҚМ |
2,02 |
төмен |
|
Қаржымині |
2,02 |
|
|
ЭТРМ |
1,81 |
|
|
ҚНРДА |
1,68 |
|
|
ҒЖБМ |
1,64 |
|
|
ІІМ |
1,51 |
|
|
ҰБ |
1,29 |
тиімсіз |
|
СІМ |
1,24 |
|
|
ӨҚМ |
1,13 |
|
|
ОАМ |
1 |
|
|
ӘМ |
0,79 |
|
|
ҚМА |
0,29 |
|
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
|
Жамбыл |
3 |
жоғары |
|
|
Жетісу |
3 |
||
|
Павлодар |
3 |
||
|
Қостанай |
3 |
||
|
Қызылорда |
2,95 |
||
|
Ақмола |
2,87 |
||
|
Ақтөбе |
2,85 |
||
|
Атырау |
2,84 |
||
|
Қарағанды |
2,79 |
||
|
Алматы обл. |
2,77 |
||
|
Түркістан |
2,77 |
|
|
|
ШҚО |
2,72 |
|
|
|
БҚО |
2,55 |
орташа |
|
|
Абай |
2,42 |
|
|
|
Алматы қ. |
2,08 |
төмен |
|
|
СҚО |
1,98 |
|
|
|
Астана |
1,96 |
|
|
|
Ұлытау |
1,85 |
|
|
|
Шымкент қ. |
1,55 |
|
|
|
Маңғыстау |
0,71 |
тиімсіз |
|
Тыңдау рәсімін сақтау бойынша ОМО арасында ТОП-5 көшбасшының қатарына Бас прокуратура (келіп түскен барлық жолданымдар бойынша тыңдау рәсімі өткізілген, оның барысында ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған), Мәдениет және ақпарат министрлігі (барлық жолданымдар бойынша тыңдау рәсімі өткізілген, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (4 568 арыз бен шағымның 16-сы бойынша тыңдау өткізілмеген, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған), Ұлттық экономика министрлігі (574 арыз бен шағымның 16-сы бойынша тыңдау өткізілмеген, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер шығарылған), Атом энергиясы жөніндегі агенттік (24 арыз бен шағымның 1-еуі бойынша тыңдау өткізілмеген, бұл ретте ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер шығарылған) кірді.
Осы көрсеткіш бойынша ЖАО арасында «үздіктер» қатарына (барлық жолданымдар бойынша тыңдау рәсімі өткізілген, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер қабылданған) Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Павлодар және Қостанай облыстарының әкімдіктері кірді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бағалаумен салыстырғанда Өнеркәсіп және құрылыс, Оқу-ағарту министрліктері мен Ұлттық Банктің нәтижелері төмендеді.
Қаржылық мониторинг агенттігі, Сыртқы істер, Әділет министрліктері, сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімдігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелермен салыстырғанда тиімсіз бағаларын сақтап қалды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызмет көрсеткіштері тиімсіз бағалау деңгейінен төмен деңгейге көтерілді, ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп, орташа бағалау деңгейіне сәйкес келді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Су ресурстары және ирригация министрліктері, сондай-ақ Жетісу, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы индикатор бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша да аталған позицияны сақтап қалды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бағалаумен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдардың көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалады. Егер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жоғары бағалау деңгейі 10 мемлекеттік органда тіркелсе, ағымдағы есепті кезеңде жоғары бағалау деңгейін 12 мемлекеттік орган көрсетті.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арыздар мен шағымдарды қарау кезінде тыңдау рәсімін өткізу бөлігінде ӘРПК талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету, оны өткізуге формалды көзқарасты болдырмау ұсынылады. Процестік кепілдіктердің сақталуына ведомстволық бақылауды күшейту, арыз иелерінің әкімшілік шешімдер қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету және олар ұсынған уәждерді, түсініктемелер мен материалдарды ескеру қажет.
Мемлекеттік органдар ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілер шығару кезінде тыңдау рәсімінің өткізілмеу себептеріне талдау жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауы, сондай-ақ өтініштерді қарауға жауапты қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруы қажет. Қосымша ретінде ӘРПК талаптарының сақталуына тұрақты ішкі мониторинг жүргізу және осы индикатор бойынша жоғары деңгейде нәтиже көрсететін мемлекеттік органдардың озық тәжірибесін зерделеу практикасын енгізу ұсынылады.
«Статистикалық деректерді жүргізу сапасы»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың арыздар мен шағымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі мынадай топтарға жіктелді: жоғары деңгей үшін 1,8 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 1,4-тен 1,7 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 1-ден 1,3 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 1 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Бұл индикатор жолданымдарды тіркеу және қарау кезінде деректердің дұрыстығы мен толтырылу корректілігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың жұмысын бағалауды көздейді.
Деректердің дұрыстығы жүйеге енгізілген ақпараттың іс жүзіндегі дұрыстығы мен толықтығын тексеруді білдіреді.
Толтырудың корректілігі енгізілген деректердің белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша бағаланады.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
2 |
жоғары |
|
ҚНРДА |
2 |
|
|
АЭА |
2 |
|
|
СІМ |
2 |
|
|
ҒЖБМ |
2 |
|
|
СРИМ |
2 |
|
|
ҰБ |
2 |
|
|
ӨҚМ |
2 |
|
|
КМ |
2 |
|
|
БҚДА |
2 |
|
|
ЖИЦДМ |
2 |
|
|
ЭМ |
2 |
|
|
СЖРА |
2 |
|
|
МҚІА |
2 |
|
|
ҰЭМ |
2 |
|
|
МАМ |
2 |
|
|
ОАМ |
2 |
|
|
ҚМА |
2 |
|
|
ЭТРМ |
2 |
|
|
ТЖМ |
2 |
|
|
АШМ |
2 |
|
|
ҚМ |
2 |
|
|
СИМ |
2 |
|
|
ӘМ |
2 |
|
|
ДСМ |
2 |
|
|
Қаржымині |
2 |
|
|
ІІМ |
2 |
|
|
ЕХӘҚМ |
1,50 |
орташа |
|
ТжСМ |
0,50 |
тиімсіз |
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Қостанай |
2 |
жоғары |
|
Ұлытау |
2 |
|
|
Павлодар |
2 |
|
|
ШҚО |
2 |
|
|
Маңғыстау |
2 |
|
|
Ақтөбе |
2 |
|
|
СҚО |
2 |
|
|
Абай |
2 |
|
|
Атырау |
2 |
|
|
Алматы обл. |
2 |
|
|
Астана қ. |
2 |
|
|
Ақмола |
2 |
|
|
БҚО |
2 |
|
|
Жетісу |
2 |
|
|
Қызылорда |
2 |
|
|
Түркістан |
2 |
|
|
Шымкент қ. |
2 |
|
|
Жамбыл |
2 |
|
|
Қарағанды |
2 |
|
|
Алматы қ. |
2 |
|
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 16 орталық мемлекеттік органда және 16 жергілікті атқарушы органда бағалаудың тиімсіз нәтижелері тіркелді.
Сонымен қатар есепті кезеңнің қорытындысы бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны байқалады: тиімсіз нәтиже көрсеткен бір ғана орталық мемлекеттік орган анықталды, ал барлық жергілікті атқарушы органдар жоғары баға алып, жоғары рейтинг санатына кірді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында оң динамика тіркелді: жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жолданымдарын тіркеу және қарау кезінде деректерді толтырудың дұрыстығы мен корректілігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ «e-Өтініш» АЖ-да мәліметтердің тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етті.
Орталық мемлекеттік органдар арасында бағалау қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелді (58 255 арыз бен шағымды қарау кезінде статистикалық деректерді жүргізу сапасына қатысты 22 954 бұзушылық). Бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз нәтиже Туризм және спорт министрлігінде байқалды, онда қаралған 2 376 өтініш пен шағымның 2 209-ы бойынша бұзушылық анықталды.
Орталық мемлекеттік органдарды бағалау нәтижелері жолданымдарды тіркеу және қараудың ішкі процестерін одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Жекелеген мемлекеттік органдарда орташа және тиімсіз бағалау деңгейлерінің болуы деректерді енгізудің толықтығы мен дұрыстығына ведомстволық бақылаудың жеткіліксіздігін, сондай-ақ жолданымдармен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажеттігін көрсетеді.
Осыған байланысты мемлекеттік органдарға статистикалық деректерді жүргізу сапасына ішкі бақылауды күшейту, жолданымдарды тіркеу және қарау кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, жауапты қызметкерлерді қосымша оқытуды ұйымдастыру және «e-Өтініш» ақпараттық жүйесінде мәліметтерді жүргізу кезінде бұзушылықтарға алып келетін себептерді жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады.
«Сот шешімі бойынша негізді деп танылған арыздар мен шағымдардың үлесі(сот қанағаттандырған)»
Бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың қызметінің тиімділік деңгейі 4 топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 5,4 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 4,2-ден 5,3 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3-тен 4,1 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 3 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
«Сот шешімі бойынша негізді деп танылған арыздар мен шағымдардың үлесі (сот қанағаттандырған)» индикаторы бойынша бағалау мемлекеттік органдардың келіп түсетін арыздар мен шағымдарды сапалы әрі заңды түрде қарау бөлігіндегі қызметінің тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
ОМО арасында бағалаудың тиімсіз деңгейі санатына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (сот шешімі бойынша негізді деп танылған (сот қанағаттандырған) 4 арыз бен шағым) және Қаржы министрлігі (17 арыз бен шағым) жатқызылды.
Анықтама үшін: 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерімен салыстырғанда, есепті кезең қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігінің көрсеткіштері нашарлап, тиісінше төмен және орташа деңгейлерден тиімсіз деңгейге төмендеді.
Сонымен қатар, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктері ең елеулі жақсаруды көрсетіп, төмен/орташа деңгейден жоғары деңгейге көтерілді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
6 |
жоғары |
|
МҚІА |
6 |
|
|
БҚДА |
6 |
|
|
ҚМА |
6 |
|
|
ҚНРДА |
6 |
|
|
СЖРА |
6 |
|
|
АЭА |
6 |
|
|
ҰБ |
6 |
|
|
СІМ |
6 |
|
|
ҰЭМ |
6 |
|
|
МАМ |
6 |
|
|
КМ |
6 |
|
|
ӨҚМ |
6 |
|
|
ОАМ |
6 |
|
|
ҒЖБМ |
6 |
|
|
ДСМ |
6 |
|
|
ЭМ |
6 |
|
|
ӘМ |
6 |
|
|
СИМ |
6 |
|
|
ЭТРМ |
6 |
|
|
ТЖМ |
6 |
|
|
СРИМ |
6 |
|
|
ЖИЦДМ |
6 |
|
|
ҚМ |
5,87 |
|
|
АШМ |
5,65 |
|
|
ТжСМ |
5,24 |
орташа |
|
ІІМ |
3,64 |
төмен |
|
ЕХӘҚМ |
1,88 |
тиімсіз |
|
Қаржымині |
1,08 |
Өңірлік деңгейде бағалаудың тиімсіз көрсеткішін Алматы қаласының (сот шешімі бойынша негізді деп танылған (сот қанағаттандырған) 5 арыз бен шағым), Атырау (7) және Қостанай облыстарының (10) әкімдіктері көрсетті.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерімен салыстырғанда, Туризм және спорт министрлігі бағалаудың орташа деңгейін сақтап, тиімділігі жоғары мемлекеттік органдар санатына өтуін қамтамасыз ете алмады.
Алматы қаласының әкімдігі есепті кезең қорытындысы бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерімен салыстырғанда бағалаудың тиімсіз деңгейін сақтап қалды.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
|
Астана |
6 |
жоғары |
|
|
Шымкент |
6 |
||
|
Абай |
6 |
||
|
Ақмола |
6 |
||
|
ШҚО |
6 |
||
|
Жамбыл |
6 |
||
|
Қарағанды |
6 |
||
|
Қызылорда |
6 |
||
|
СҚО |
6 |
|
|
|
Түркістан |
6 |
|
|
|
Ұлытау |
6 |
|
|
|
Ақтөбе |
4,97 |
орташа |
|
|
БҚО |
4,55 |
|
|
|
Павлодар |
4,31 |
|
|
|
Алматы обл. |
4,07 |
төмен |
|
|
Маңғыстау |
3,74 |
|
|
|
Жетісу |
3,64 |
|
|
|
Алматы қ. |
2,70 |
тиімсіз |
|
|
Атырау |
1,96 |
||
|
Қостанай |
1,86 |
||
Орталық мемлекеттік органдардың басым көпшілігі осы бағыт бойынша бағалау нәтижелері бойынша жоғары деңгей көрсетті.
Өңірлік деңгейде осы индикатор бойынша үздіктер қатарына Астана, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының әкімдіктері кіріп, бағалаудың жоғары деңгейін көрсетті және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қол жеткізген позицияларын сақтап қалды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының бағалау нәтижелерімен салыстырғанда Қостанай, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Жетісу облысы әкімдіктерінің көрсеткіштері төмендеді. Сонымен бірге Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері оң динамика көрсетіп, өз қызметінің нәтижелерін жақсартты.
Осылайша, бағалау нәтижелері орталық мемлекеттік органдардың басым көпшілігі және жергілікті атқарушы органдардың едәуір бөлігі арыздар мен шағымдарды тиісінше сапалы әрі заңды түрде қарауды қамтамасыз ететінін көрсетеді. Сонымен қатар бағалаудың тиімсіз деңгейі бар мемлекеттік органдардың болуы жолданымдарды қарау кезінде заңнама талаптарының сақталуына бақылауды күшейту және соттар негізді деп таныған арыздар мен шағымдардың санын азайту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.
Ұсыным.
Мемлекеттік органдарға арыздар мен шағымдарды соттардың қанағаттандыру себептеріне талдау жүргізу, жолданымдарды қарау сапасына ведомстволық бақылауды күшейту, заңнама талаптарын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың жолданымдарын қарауға жауапты қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ұсынылады.
«Жеке қабылдаулардың қарқындылығы»
Бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік деңгейі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 3,6 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 2,8-ден 3,5 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 2-ден 2,7 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 2 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Үкімет Аппараты жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының (АҚО) іске қосылуы, кейіннен осы тәжірибені өңірлерде масштабтау, сондай-ақ АҚО қызметін халық арасында белсенді насихаттау мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтарды жеке қабылдау өткізу бағытындағы белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Халықпен жеке қабылдау форматында, оның ішінде АҚО алаңында ұйымдастырылатын өзара іс-қимыл азаматтардың мемлекеттік органдар басшылығымен ашық кері байланыс пен тікелей коммуникацияға деген сұранысына сәйкес келеді, бұл жалпы мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Осы бағыттағы жұмысты іске асыру арыз иелеріне шағымдар мен ұсыныстармен тікелей жүгінуге мүмкіндік береді, бұл туындайтын проблемаларды неғұрлым жедел әрі тиімді шешуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар 498 азаматты жеке қабылдауды ұйымдастырып, өткізді.
Өткізілген жеке қабылдаулардың ең көп саны мынадай мемлекеттік органдарда тіркелді:
- Бас прокуратурада – 138 қабылдау;
- Ішкі істер министрлігінде – 45 қабылдау;
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде – 26 қабылдау;
- Денсаулық сақтау министрлігінде – 25 қабылдау;
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде – 22 қабылдау.
Аталған индикатор екі сценарий бойынша есептеледі.
Бірінші сценарий шеңберінде формула жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қамту дәрежесін бағалайды, бұл мемлекеттік орган басшылығына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің орындалу толықтығын айқындауға мүмкіндік береді.
Екінші сценарийде ӘРПК талаптарына сәйкес жеке қабылдаулар саны бойынша белгіленген жоспардың орындалуы талданады. Есептелетін коэффициент жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейін көрсетеді.
Екі сценарийді ескеретін қорытынды нәтиже тиісті коэффициентті қолдану арқылы түзетіледі, бұл мемлекеттік органның осы бағыттағы жұмысының қарқындылығына кешенді баға қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижелердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету және тәсілдерді стандарттау мақсатында бағалаудың шекті (максималды) мәні белгіленген.
Қолданылатын формула әрбір мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін ескере отырып, жеке қабылдаулар өткізу жиілігін де, азаматтарды нақты қамту деңгейін де неғұрлым дәл және объективті талдауды қамтамасыз етеді.
Анықтама үшін: мысалы, Сыртқы істер министрлігінде жеке қабылдауға 6 азамат жазылып, олардың барлығы қабылданды, бұл 100 пайыздық қамтуды қамтамасыз етті. Осындай жағдай Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде де байқалды, онда қабылдауға жазылған 2 азаматтың әрқайсысына қабылдау жүргізілді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жеке қабылдауға 3 азамат жазылған, бұл ретте кезектен тыс қабылдауларды ескере отырып, іс жүзінде 8 адам қабылданды.
Денсаулық сақтау министрлігінде қабылдауға 260 азамат жазылған, олардың 75-і кейіннен қатысудан бас тартқан. Нәтижесінде 185 адам қабылданды, бұл қабылдауға қатысуын растаған азаматтарды толық қамтуды қамтамасыз етті.
Үкімет Аппараты жанындағы АҚО-ның тиімді тәжірибесін ескере отырып, осы тәжірибені өңірлерде масштабтау бойынша жұмыс жүргізілді және қазіргі уақытта бұл тетік жергілікті жерлерде табысты қолданылуда. Іске асыру шеңберінде ЖАО мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың фронт-офистері арасында тиімді вертикалды және горизонталды өзара іс-қимылды жолға қою қамтамасыз етілді.
Барлық деңгейдегі ЖАО тарапынан шамамен 872 азаматты жеке қабылдау ұйымдастырылды.
ЖАО арасында өткізілген жеке қабылдаулардың ең көп саны мына өңірлерде тіркелді:
- Астана қаласында (135 қабылдау);
- Алматы облысында (63);
- Павлодар облысында (58);
- Қарағанды облысында (54);
- Ақтөбе облысында (52);
- Солтүстік Қазақстан облысында (49);
- Жамбыл облысында (44).
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
4 |
жоғары |
|
ЖИЦДМ |
4 |
|
|
ДСМ |
4 |
|
|
ЕХӘҚМ |
4 |
|
|
ҰЭМ |
4 |
|
|
ОАМ |
4 |
|
|
ЭМ |
4 |
|
|
ЭТРМ |
4 |
|
|
ҚМ |
4 |
|
|
ӨҚМ |
4 |
|
|
МҚІА |
4 |
|
|
АШМ |
4 |
|
|
КМ |
4 |
|
|
ҚНРДА |
4 |
|
|
ТжСМ |
4 |
|
|
МАМ |
4 |
|
|
Қаржымині |
4 |
|
|
СИМ |
4 |
|
|
ТЖМ |
4 |
|
|
ӘМ |
4 |
|
|
ҚМА |
4 |
|
|
БҚДА |
4 |
|
|
СРИМ |
4 |
|
|
ҒЖБМ |
4 |
|
|
ҰБ |
4 |
|
|
СІМ |
4 |
|
|
АЭА |
4 |
|
|
СЖРА |
4 |
|
|
ІІМ |
3,08 |
орташа |
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана |
4 |
жоғары |
|
Алматы обл. |
4 |
|
|
Павлодар |
4 |
|
|
Қарағанды |
4 |
|
|
Ақтөбе |
4 |
|
|
СҚО |
4 |
|
|
Жамбыл |
4 |
|
|
Ұлытау |
4 |
|
|
Шымкент қ. |
4 |
|
|
Ақмола |
4 |
|
|
Қызылорда |
4 |
|
|
ШҚО |
4 |
|
|
Абай |
4 |
|
|
Маңғыстау |
3,67 |
|
|
Жетісу |
3,29 |
орташа |
|
БҚО |
3,11 |
|
|
Алматы қ. |
2,79 |
төмен |
|
Түркістан |
2,25 |
|
|
Атырау |
1,98 |
тиімсіз |
|
Қостанай |
1,65 |
|
Сонымен бірге өңірлер арасында қабылданған азаматтардың саны бойынша да, жеке қабылдауларды өткізу форматтары бойынша да елеулі айырмашылықтар сақталуда. Мәселен, Астана және Шымкент қалаларында қабылданған азаматтардың саны тиісінше 619 және 442 адамды құрады, бұл жекелеген өңірлердің, оның ішінде Алматы қаласының көрсеткіштерінен (203 адам) айтарлықтай жоғары.
Бірқатар өңірлердегі келушілер санының салыстырмалы түрде төмен көрсеткіштері халық санының аздығымен және азаматтардың жүгіну деңгейімен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен бірге, Қостанай облысымен халықтың тығыздығы мен саны салыстырмалы түрде ұқсас Ақмола облысында (188 адам) көрсеткіш айтарлықтай жоғары, ал Қостанай облысында 43 адам қабылданған, бұл шамамен үш есе аз.
Өңірлер-лидерлермен салыстырғанда қабылданған азаматтардың ең аз саны Қостанай облысында (43 адам) және Ұлытау облысында (95 адам) тіркелді.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша «Жеке қабылдаулардың қарқындылығы» индикаторы бойынша Қостанай облысының әкімдігі қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетті: жоспарлы 30 қабылдаудың орнына 17 қабылдау өткізіліп, бұл белгіленген көрсеткіштердің толық орындалмағанын көрсетеді.
Қостанай облысы әкімдігінің тиімсіз нәтижесінің негізгі себебі әкімдіктің бірінші басшыларының жеке қабылдауларды өткізу жиілігінің жеткіліксіздігі болып табылады.
Сонымен бірге, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының бағалау нәтижелерімен салыстырғанда, ағымдағы есепті кезеңде Мәдениет және ақпарат, сондай-ақ Әділет министрліктерінің көрсеткіштері айтарлықтай жақсарып, олар тиімді бағалау деңгейі бар мемлекеттік органдардың қатарына кірді.
Сонымен бірге, Алматы қаласы әкімдігінің қызметін бағалау тиімсіз деңгейден төмен деңгейге көтерілді.
Сонымен бірге Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Жетісу, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Қостанай облыстары әкімдіктерінің нәтижелілігі төмендеді, бұл алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда олардың бағалау деңгейінің нашарлауына алып келді.
Жалпы, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдардың көрсеткіштерінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда айтарлықтай жақсару байқалады, бұл қарастырылып отырған бағыттағы олардың қызметінің оң динамикасын және тиімділігінің артқанын көрсетеді.
Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдардың көрсеткіштерінде алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда нашарлау байқалды.
Ұсыным:
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға бірінші басшылардың жеке қабылдауларын жүйелі түрде өткізуді, жоспарлы көрсеткіштердің сақталуын және азаматтар үшін осы тетіктің қолжетімділігін арттыруды, бұл ретте Азаматтарды қабылдау орталықтарының үздік тәжірибелерін пайдалануды қамтамасыз ету ұсынылады.
«Бірінші басшылардың белсенділігі»
Бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 3,6 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 2,8-ден 3,5 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 2-ден 2,7 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 2 балдан төмен (50%-дан төмен).
Аталған индикатор бойынша балдардың бөлінуі төмендегідей.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
4 |
жоғары |
|
ЕХӘҚМ |
4 |
|
|
ӨҚМ |
4 |
|
|
ОАМ |
4 |
|
|
АШМ |
4 |
|
|
ЭТРМ |
4 |
|
|
ӘМ |
4 |
|
|
СРИМ |
4 |
|
|
ЭМ |
4 |
|
|
КМ |
4 |
|
|
ТжСМ |
4 |
|
|
ҒЖБМ |
4 |
|
|
Қаржымині |
4 |
|
|
БҚДА |
4 |
|
|
ҚНРДА |
3 |
орташа |
|
АЭА |
3 |
|
|
ДСМ |
2 |
төмен |
|
ҚМ |
2 |
|
|
ІІМ |
1 |
тиімсіз |
|
МАМ |
1 |
|
|
МҚІА |
1 |
|
|
СИМ |
1 |
|
|
ТЖМ |
1 |
|
|
ЖИЦДМ |
0 |
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
ҚМА |
0 |
|
|
ҰБ |
0 |
|
|
СІМ |
0 |
|
|
СЖРА |
0 |
|
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана қ. |
4 |
жоғары |
|
Жамбыл |
4 |
|
|
Абай |
4 |
|
|
Ақмола |
4 |
|
|
Қарағанды |
4 |
|
|
Ақтөбе |
4 |
|
|
ШҚО |
4 |
|
|
Павлодар |
4 |
|
|
СҚО |
4 |
|
|
Ұлытау |
4 |
|
|
Қызылорда |
3 |
орташа |
|
БҚО |
3 |
|
|
Алматы обл. |
3 |
|
|
Жетісу |
3 |
|
|
Атырау |
3 |
|
|
Шымкент қ. |
2 |
|
|
Түркістан |
2 |
|
|
Алматы қ. |
2 |
төмен |
|
Қостанай |
2 |
|
|
Маңғыстау |
1 |
тиімсіз |
Барлығы ОМО және ЖАО басшылығы деңгейінде 6 230 азамат қабылданды, оның ішінде ОМО – 1 466 (23,53%), ЖАО – 4 764 (76,46%).
Тікелей бірінші басшылар 2 099 адамды немесе % қабылдады (министрлер – 21,39% (449), әкімдер – 78,6% (1 650)).
Бағалау нәтижелері көрсеткендей, ОМО деңгейінде азаматтарды жеке қабылдаған бірінші басшылардың ең көп саны мынадай мемлекеттік органдарда:
- Бас прокуратура – 253 азаматтың 103-і;
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 109 азаматтың 65-і;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – 99 азаматтың 43-і;
- Оқу-ағарту министрлігі – 95 азаматтың 35-і.
Әкімдердің орынбасарларымен және өңірлер әкімдері аппараттарының басшыларымен салыстырғанда әкімдердің жоғары белсенділігі мына өңірлерде байқалады:
- Астана қ. – 619 азаматтың 321-і;
- Жамбыл облысы – 368 азаматтың 131-і;
- Абай облысы – 320 азаматтың 124-і;
- Ақмола облысы – 188 азаматтың 92-сі;
- Қарағанды облысы – 225 азаматтың 87-сі;
- Ақтөбе облысы – 170 азаматтың 84-і.
Азаматтарды жеке қабылдауға бірінші басшылардың жеке қатысуының ең төмен көрсеткіштері Ішкі істер министрлігінде (8 азамат немесе 6,1%), Мәдениет және ақпарат министрлігінде (4 азамат немесе 8%), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде (2 азамат немесе 11,7%), Сауда және интеграция министрлігінде (1 азамат немесе 9%), Төтенше жағдайлар министрлігінде (1 азамат немесе 6,2%) байқалады. Сонымен бірге Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктерінде, Қаржылық мониторинг, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіктерінде, сондай-ақ Ұлттық Банкте есепті кезеңде азаматтарды бірінші басшылар жеке қабылдамаған (0%).
Индикаторды есептеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өткізген жеке қабылдаулардың орташа үлесі 33,6%-ды құрады.
Осылайша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен (30,45%) салыстырғанда, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бірінші басшылардың белсенділігі 3,15 пайыздық тармаққа артып, 33,6%-ды құрады.
Сауда және интеграция, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері, Қаржылық мониторинг, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіктері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерімен салыстырғанда бағалаудың тиімсіз деңгейін сақтап қалды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының бағалау нәтижелерімен салыстырғанда Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, Ұлттық Банктің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің көрсеткіштері төмендегені тіркелді.
Сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Денсаулық сақтау министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктері, сондай-ақ Астана қаласының, Абай, Жетісу, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері көрсеткіштерін жақсартты.
Осылайша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтарды жеке қабылдауды өткізу белсенділігінің артқаны байқалады, басшылар өткізген жеке қабылдаулардың орташа үлесі 30,45%-дан 33,6%-ға дейін өсті. Сонымен бірге бірқатар орталық мемлекеттік органдарда бірінші басшылардың жеке қатысу деңгейі төмен күйінде қалып отыр, ал жекелеген мемлекеттік органдарда есепті кезеңде басшылар тарапынан жеке қабылдаулар өткізілмеген, бұл азаматтардың өтініштерімен жұмысқа жеке қатысуды күшейту қажеттігін көрсетеді.
Ұсыным.
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға бірінші басшылардың азаматтарды қабылдауға жеке қатысу деңгейін арттыруды, осы индикатор бойынша белгіленген көрсеткіштердің сақталуын және халықпен тікелей өзара іс-қимыл жасау практикасын кеңейту бойынша жүйелі шаралар қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылады.
«Қабылдауды күтудің орташа уақыты»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 2,7 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 2,1-ден 2,6 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 1,5-тен 2 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 1,5 балдан төмен (50%-дан төмен).
Жеке қабылдаулар азаматтардың жолданымдарын жедел қарауды және туындаған проблемаларды шешуді қамтамасыз ететін мемлекеттің азаматтармен өзара іс-қимылының тиімді құралы болып табылады.
Айта кету керек, жеке қабылдауды ұзақ уақыт күткен азаматтар өздерінің өтініштері мен проблемаларды шешу туралы талаптарын орталық деңгейге жиі қайта бағыттайды, бұл орталық мемлекеттік органдарға түсетін жүктемені арттырады және өңірлік деңгейдегі жұмыстың жеткіліксіз тиімділігін көрсетеді.
Жеке қабылдауды ұзақ күту азаматтардың наразылығының өсуіне, шешілмеген проблемалардың ушығуына, ал жекелеген жағдайларда олардың жария кеңістікке шығарылуына алып келуі мүмкін.
«Қабылдауды күтудің орташа уақыты» көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарына Бас прокуратура, денсаулық сақтау, ішкі істер, оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат, ауыл шаруашылығы, қаржы, әділет министрліктері, Қаржылық мониторинг агенттігі, ғылым және жоғары білім, сауда және интеграция, сыртқы істер министрліктері, Ұлттық Банк, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Атом энергиясы жөніндегі агенттіктер кірді.
Жергілікті атқарушы органдардың 85%-ы көшбасшылар қатарына кірді.
Бағалау қорытындысы бойынша бірде-бір мемлекеттік орган тиімсіз нәтиже көрсеткен жоқ.
Сонымен бірге, аталған индикатор бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің нәтижесі төмен деңгейде болды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бағалау қорытындысы бойынша 2 балл алды. Жеке қабылдауға жазылу туралы 14 жолданымның 6-ы бойынша (42%) арыз иелеріне жолданым тіркелген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген жауап жіберілген. 8 жолданым бойынша (57%) жауап 30 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде берілген.
Аталған динамика азаматтардың жолданымдарына ден қоюдың оңтайлы мерзімдерінің сақталмағанын көрсетеді және осы индикатор бойынша қорытынды бағалауға кері әсер етті.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде азаматтардың жеке қабылдауларын ауыстыру жағдайлары тіркелген. Қабылдауға жазылған екі азаматтың екеуі де бастапқыда белгіленген қабылдау күнінен кейін бір ай ішінде қабылданған, бұл жеке қабылдауды ұйымдастырудың белгіленген мерзімдерінің сақталмағанын көрсетеді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
3 |
жоғары |
|
ДСМ |
3 |
|
|
ІІМ |
3 |
|
|
ОАМ |
3 |
|
|
ЕХӘҚМ |
3 |
|
|
МАМ |
3 |
|
|
АШМ |
3 |
|
|
Қаржымині |
3 |
|
|
ӘМ |
3 |
|
|
ҚМА |
3 |
|
|
ҒЖБМ |
3 |
|
|
СИМ |
3 |
|
|
СІМ |
3 |
|
|
ҰБ |
3 |
|
|
БҚДА |
3 |
|
|
АЭА |
3 |
|
|
ЭТРМ |
2,97 |
|
|
ҰЭМ |
2,92 |
|
|
СРИМ |
2,82 |
|
|
ЭМ |
2,81 |
|
|
ЖИЦДМ |
2,74 |
|
|
КМ |
2,66 |
орташа |
|
ТЖМ |
2,60 |
|
|
ТжСМ |
2,58 |
|
|
ҚНРДА |
2,23 |
|
|
ҚМ |
2,17 |
|
|
ӨҚМ |
2 |
төмен |
|
МҚІА |
2 |
|
|
СЖРА |
1,5 |
|
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана қ. |
3 |
жоғары |
|
Маңғыстау |
3 |
|
|
Абай |
3 |
|
|
Қызылорда |
3 |
|
|
Түркістан |
3 |
|
|
Қарағанды |
3 |
|
|
Ақмола |
3 |
|
|
БҚО |
3 |
|
|
Ақтөбе |
3 |
|
|
Атырау |
3 |
|
|
Павлодар |
3 |
|
|
Жетісу |
3 |
|
|
Шымкент қ. |
2,90 |
|
|
Алматы обл. |
2,89 |
|
|
ШҚО |
2,78 |
|
|
Ұлытау |
2,76 |
|
|
Қостанай |
2,68 |
орташа |
|
СҚО |
2,2 |
|
|
Алматы қ. |
1,5 |
төмен |
Алматы қаласының әкімдігі барлық жергілікті атқарушы органдар арасында ең төмен нәтиже көрсетіп, 1,5 балл жинады. 203 арыз иелерінің барлығы дерлік жеке қабылдаулардың басқа күндерге ауыстырылуына байланысты бастапқыда белгіленген мерзімдерді бұза отырып қабылданған. Бұл жағдай азаматтардың жеке қабылдауларын уақтылы ұйымдастыру талаптарының сақталмағанын көрсетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2,2 балл алды: жеке қабылдауға жазылу туралы 172 жолданымның тек 121-і бойынша (70,3%) өтініш тіркелген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген жауап берілген, 51 өтініш бойынша (29,6%) өтініш берушіге жауап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынылған.
Сонымен қатар, 191 өтініш берушінің 125 азаматы (65,4%) белгіленген қабылдау күні қабылданған, 61 азамат (31,9%) белгіленген қабылдау күнінен кейін бір ай ішінде қабылданған, ал 5 өтініш берушіге (2,6%) қатысты белгіленген бір айлық мерзім асып кеткен немесе жеке қабылдау ұйымдастырылмаған.
Осылайша, бағалау нәтижелері жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органның өтініштерге жауабын күтудің орташа мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін екенін көрсетті.
Осы индикатор бойынша нәтижелер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындыларымен салыстырғанда (ол кезде мемлекеттік органдардың 87%-ы жеке қабылдауларды жоспарланған күндері өткізген) ағымдағы есепті кезеңде бұл көрсеткіштің 71%-ға дейін төмендегенін көрсетті. Бұл азаматтардың жеке қабылдауларын өткізудің белгіленген мерзімдерін сақтау тәртібінің төмендегенін және оларды жоспарланған күндері өткізуді қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.
Ұсыным:
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастыру мерзімдерін мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін, қабылдау күндерін негізсіз ауыстыруға жол бермесін, сондай-ақ арыз иелеріне жеке қабылдаудың күні мен уақыты туралы ақпаратты уақтылы жіберуге ведомстволық бақылауды күшейтсін. Бұл жеке қабылдаулардың қолжетімділігін арттыруға, күту мерзімдерін қысқартуға және азаматтардың жолданымдарын уақтылы қарауға деген құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«АШЫҚ ҮКІМЕТ»
ӘДІСТЕМЕ
Берілетін балдардың ең жоғары саны 30-ды құрайды.
«Ашық Үкімет» критерийі бойынша жалпы балл мынадай индикаторлар бойынша балдарды қосу арқылы айқындалады:
- «Ашық деректер» критерийі бойынша жалпы балл мынадай индикаторлар бойынша балдарды қосу арқылы есептеледі:
1) «Бірыңғай тізбеге сәйкес ашық деректер жиынтықтарын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы»: индикатор бойынша бағалау міндетті жиынтықтарды сапалы орналастыруды ынталандыруға бағытталған. Ең жоғары балл – 5.
2) «Бірыңғай тізбеге сәйкес ашық деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтау»: индикатор бойынша бағалау ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ең жоғары балл – 5.
Критерийді есептеу кезінде «Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының өтінімдері негізінде қосымша жарияланған ашық деректер жиынтықтары» корреляциялық коэффициенті қолданылады (коэффициент 0,5 құрайды, егер: 1) өтінімдер келіп түскен және олар бойынша тиісті деректер жиынтықтары жарияланған; 2) орналастырудан бас тарту туралы уәжді жауап берілген; 3) есепті кезеңде ашық деректерді жариялауға өтінімдер келіп түспеген; 0,25 – егер есепті кезеңде мемлекеттік орган келіп түскен өтінімдердің барлығына жауап бермеген болса; 0 – егер жариялауға өтінімдер келіп түскен, алайда деректер жиынтықтары жарияланбаған, сондай-ақ уәжді жауап берілмеген) және «Ашық деректер интернет-порталы пайдаланушыларының өтінімдері негізінде өзектендірілген ашық деректер жиынтықтары» коэффициенті (коэффициент 0,5 құрайды, егер: 1) өтінімдер келіп түскен және олар бойынша тиісті деректер жиынтықтары өзектендірілген; 2) жиынтықтарды өзектендіру қажеттілігінің жоқтығы туралы уәжді жауап уақтылы жолданған; 3) есепті кезеңде ашық деректерді өзектендіруге өтінімдер келіп түспеген; 0,25 – егер есепті кезеңде мемлекеттік орган өзектендіруге келіп түскен өтінімдердің барлығына жауап бермеген болса; 0 – егер өзектендіруге өтінімдер келіп түскен, алайда деректер жиынтықтары өзектендірілмеген, сондай-ақ жүргізілген өзектендіру туралы не деректер жиынтықтарын жаңарту қажеттілігінің жоқтығы туралы уәжді жауап берілмеген). Корреляциялық коэффициенттердің ең жоғары жиынтық мәні – 1.
- «Ашық бюджет»: осы индикатор бойынша бағалау мемлекеттік органдардың бюджеттік ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуін, сондай-ақ келіп түсетін пікірлер мен ұсыныстармен тиімді жұмыс істеуін ынталандыруға бағытталған және мынадай көрсеткіштерден тұрады:
1) Бюджеттік материалдарды орналастырудың уақтылылығы;
2) Материалдарды орналастырудың дұрыстығы;
3) Пайдаланушылардың ұсыныстары мен пікірлерін мониторингтеу және қарау.
Критерий бойынша мемлекеттік органдарды бағалау мемлекеттік органдардың есепті деректерін талдау қорытындылары бойынша екі тілдегі нұсқадағы көрсеткіштердің балдарын қосу арқылы жүзеге асырылады. Ең жоғары балл – 10.
- «Ашық НҚА»: индикатор бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жариялауын, сондай-ақ келіп түсетін пікірлер мен ұсыныстармен тиімді жұмыс істеуін ынталандыруға бағытталған және мынадай көрсеткіштерден тұрады:
1) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне пайдаланушылардың ұсыныстары мен пікірлерін мониторингтеу және қарау;
2) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру;
3) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастырудың дұрыстығы.
Критерий бойынша мемлекеттік органдарды бағалау мемлекеттік органдардың есепті деректерін талдау қорытындылары бойынша екі тілдегі нұсқадағы көрсеткіштердің балдарын қосу арқылы жүзеге асырылады. Ең жоғары балл – 10.
«Ашық Үкімет» критерийі мемлекеттік органдарды мемлекеттік саясатты жүргізу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында ақпаратты проактивті түрде таратуға ынталандыруға бағытталған.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру шеңберінде осы критерий Бағалау жүйесінен алынып, Ашықтық индексін есептеу әдістемесіне енгізілді.
«Ашық Үкімет» критерийі бойынша бағалау нәтижелері төмендегідей.
Халық үшін неғұрлым ашық мемлекеттік органдардың қатарына Ауыл шаруашылығы, Ғылым және жоғары білім, Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктері, Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Қаржылық мониторинг агенттігі, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі жатқызылды.
Өңірлік деңгейде осы критерий бойынша ең жоғары нәтижелерді Жетісу облысының, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының, Абай облысының, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімдіктері көрсетті.
«Ашық Үкімет» критерийі бойынша орташа нәтижелілік Энергетика, Ішкі істер, Әділет министрліктерінде, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, сондай-ақ Атырау, Алматы және Түркістан облыстарының әкімдіктерінде тіркелді.
2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда, ағымдағы есепті кезеңде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында С деңгейіндегі көрсеткіштер тіркелмеді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
АШМ |
30 |
А |
|
ҒЖБМ |
29,98 |
А |
|
ҰЭМ |
29,97 |
А |
|
Қаржымині |
29,95 |
А |
|
СІМ |
29,7 |
А |
|
ҚМ |
29,61 |
А |
|
АЭА |
29,55 |
А |
|
ҚМА |
29,55 |
А |
|
СРИМ |
29,55 |
А |
|
ӨҚМ |
29,53 |
А |
|
ТжСМ |
29,3 |
А |
|
КМ |
29,14 |
А |
|
БҚДА |
28,67 |
А |
|
МАМ |
28,41 |
А |
|
БП |
27,78 |
А |
|
ЕХӘҚМ |
27,59 |
А |
|
ОАМ |
27,39 |
А |
|
ЭТРМ |
27,18 |
А |
|
ДСМ |
26,46 |
А |
|
ҰБ |
26,44 |
А |
|
ҚНРДА |
26,4 |
А |
|
СИМ |
26,25 |
А |
|
ТЖМ |
25,68 |
А |
|
ЖИЦДМ |
25,64 |
А |
|
МҚІА |
25,46 |
|
|
ЭМ |
24,55 |
В |
|
ІІМ |
23,32 |
В |
|
ӘМ |
23,28 |
В |
|
СЖРА |
21,05 |
В |
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Жетісу |
30 |
А |
|
СҚО |
29,8 |
А |
|
БҚО |
29,72 |
А |
|
Абай |
29,49 |
А |
|
Қарағанды |
29,43 |
А |
|
Жамбыл |
29,26 |
А |
|
Павлодар |
29,19 |
А |
|
Алматы қ. |
28,39 |
А |
|
Қостанай |
27,75 |
А |
|
Ақтөбе |
27,39 |
А |
|
Қызылорда |
27,33 |
А |
|
Шымкент |
27 |
А |
|
Астана қ. |
26,94 |
А |
|
Маңғыстау |
26,33 |
А |
|
Ақмола |
25,98 |
А |
|
Ұлытау |
25,37 |
А |
|
ШҚО |
25,28 |
А |
|
Атырау |
24,9 |
В |
|
Алматы обл. |
24,83 |
В |
|
Түркістан |
23,82 |
В |
«Ашық деректер»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді. Мемлекеттік органдардың ашық деректер интернет-порталында міндетті жиынтықтарды сапалы орналастыру және жариялау мерзімдерін сақтау талаптарын орындау дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 9 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 7-ден 8,9 баллға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 5-тен 6,9 баллға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 5 балдан төмен (50%-дан төмен).
Ең жоғары мүмкін болатын балл – 10 балл.
«Ашық деректер» критерийі мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, азаматтардың өзекті және анық ақпаратқа еркін қол жеткізуі үшін негіз қалыптастырады.
Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, деректерді сапалы ұсыну және уақтылы өзектендіру арқылы қоғамның сенім деңгейін арттыруға, ашық деректерді дамыту есебінен ақпарат алу бойынша жолданымдар санын қысқартуға, сондай-ақ талдау және зерттеу құралдарына қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған.
«Ашық деректер» индикаторы бойынша, атап айтқанда, Бірыңғай тізбеге сәйкес «Ашық деректер жиынтықтарын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы» және «Ашық деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтау» көрсеткіштері бойынша ең жоғары балл алған көшбасшылар қатарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Қаржылық мониторинг агенттігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Бас прокуратура, Ұлттық Банк, Ауыл шаруашылығы, Ғылым және жоғары білім, Ұлттық экономика, Қаржы, Су ресурстары және ирригация, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері танылды.
Жоғары нәтижелілік диапазонында сондай-ақ Сыртқы істер, Қорғаныс, Туризм және спорт министрліктері және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі орналасқан.
Сонымен қатар, Ішкі істер, Әділет министрліктері және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі нәтижеліліктің тиімсіз деңгейін көрсетті. ОМО бойынша орташа балл 8,3 құрады.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
АЭА |
10 |
жоғары |
|
ҚМА |
10 |
|
|
БҚДА |
10 |
|
|
БП |
10 |
|
|
ҰБ |
10 |
|
|
АШМ |
10 |
|
|
ҒЖБМ |
10 |
|
|
ҰЭМ |
10 |
|
|
Қаржымині |
10 |
|
|
СРИМ |
10 |
|
|
ӨҚМ |
10 |
|
|
СІМ |
9,7 |
|
|
ҚМ |
9,61 |
|
|
ТжСМ |
9,35 |
|
|
КМ |
9,19 |
|
|
ҚНРДА |
9,08 |
|
|
ОАМ |
8,75 |
орташа |
|
МҚІА |
8,57 |
|
|
ЕХӘҚМ |
8,48 |
|
|
МАМ |
8,41 |
|
|
ЭТРМ |
8,1 |
|
|
ДСМ |
7,57 |
|
|
ТЖМ |
7,52 |
|
|
СИМ |
7,14 |
|
|
ЖИЦДМ |
7,11 |
|
|
ЭМ |
5 |
төмен |
|
ІІМ ӘМ |
4,30 3,28 |
тиімсіз |
|
СЖРА |
2,38 |
|
ЖАО арасында көшбасшылар қатарына Жетісу облысының, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының, Абай облысының, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктері кірді.
Тиімсіз нәтиже Атырау облысы әкімдігінде тіркелді. ЖАО арасындағы орташа балл 9,02 құрады.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Жетісу |
10 |
жоғары |
|
СҚО |
10 |
|
|
БҚО |
10 |
|
|
Абай |
10 |
|
|
Қарағанды |
10 |
|
|
Қостанай |
10 |
|
|
Қызылорда |
10 |
|
|
Шымкент қ. |
10 |
|
|
Астана қ. |
10 |
|
|
Түркістан |
10 |
|
|
Алматы қ. |
9,28 |
|
|
Жамбыл |
9,26 |
|
|
Павлодар |
9,24 |
|
|
Ақмола |
9 |
|
|
Ұлытау |
8,72 |
|
|
Ақтөбе |
8,72 |
орташа |
|
ШҚО |
7,5 |
|
|
Алматы обл. |
7,5 |
|
|
Маңғыстау |
6,47 |
төмен |
|
Атырау |
4,9 |
тиімсіз |
«Ашық деректер» интернет-порталында ашық деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтаудың төмен деңгейі Маңғыстау облысы әкімдігінде тіркелді. Бірыңғай тізбеде көзделген 51 жиынтықтың ішінен «Ашық деректер» порталында 14 жиынтық бойынша жариялау мерзімдері бұзылғаны анықталды. 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Маңғыстау облысы әкімдігіне деректерді өзектендіруге екі өтінім келіп түскен. Бір өтінімді орындау мерзімі 2026 жылғы 15 шілдеде, екіншісінікі – 2026 жылғы 24 мамырда аяқталған.
2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Атырау облысы әкімдігіне деректер жиынтықтарын өзектендіруге екі өтінім келіп түскен. Бірінші өтінімді орындау мерзімі 2026 жылғы 4 шілдеде, екіншісі – 2026 жылғы 8 сәуірде аяқталған. «Ашық деректер» интернет-порталында Бірыңғай тізбеде көзделген 51 деректер жиынтығының екеуі жаңартылмаған, бұл осы көрсеткіш бойынша бағалаудың тиімсіз нәтижесіне себеп болды.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің деректер жиынтықтарын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы, сондай-ақ оларды жариялау мерзімдерін сақтау көрсеткіштері бойынша ең жоғары балл алғанына қарамастан, деректер жиынтықтарын орналастыруға берілген екі өтінім қараусыз қалдырылған. Аталған жағдай қорытынды рейтингке әсер етіп, осы мемлекеттік органдарға жалпы бағалауда неғұрлым жоғары орын алуға мүмкіндік бермеді.
Ашық деректер жиынтықтарын толтырудың дұрыстығы мен толықтығы көрсеткіші бойынша ОМО арасында ең төменгі баллды Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктері алды. Сонымен бірге, ашық деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтаудың жоғары деңгейі аталған мемлекеттік органдарға қорытынды рейтингте орташа позициясын сақтауға мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Денсаулық сақтау министрлігі (орналастырылған 28 жиынтықтың 8-і қате жаңартылған), Төтенше жағдайлар министрлігі (орналастырылған 19 жиынтықтың 4-еуі қате орналастырылған), Сауда және интеграция министрлігі (1 жиынтық қате жаңартылған) және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (2 жиынтық қате жаңартылған) орналастырылған деректерді толық емес және дұрыс емес жаңартуға жол берген. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 212 міндетті ашық деректер жиынтығының 19-ын мерзімдерін бұза отырып жаңартқан, бұл Ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларының 9-тармағының сақталмағанын көрсетеді (Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығымен бекітілген).
Сонымен қатар, «Ашық деректер» порталы пайдаланушыларының өтінімдерін қарау бойынша тиімсіз жұмыс Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде (деректерді өзектендіруге 2 өтінім және деректерді жариялауға 1 өтінім қараусыз қалдырылған), Әділет министрлігінде (деректерді өзектендіруге 6 өтінім қараусыз қалдырылған), Энергетика министрлігінде (деректерді өзектендіруге 7 өтінім қараусыз қалдырылған), сондай-ақ Ішкі істер министрлігінде (деректерді өзектендіруге 2 өтінім қараусыз қалдырылған) тіркелді.
Ашық деректер жиынтықтарын жариялау мерзімдерін сақтау көрсеткіші бойынша ОМО арасында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (15 жиынтықтың 7-еуі белгіленген мерзімде жаңартылмаған), Әділет министрлігі (51-дің 26-сы), Сауда және интеграция министрлігі (14-тің 7-еуі), Төтенше жағдайлар министрлігі (14-тің 4-еуі), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (33-тің 10-ы), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (14-тің 4-еуі), сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігі (51-дің 13-і) төмен балл алды.
Орталық мемлекеттік органдар арасында тиімділіктің төмендегені байқалады. Егер өткен жылы тиімсіз нәтиже екі мемлекеттік органда тіркелсе, есепті кезеңде олардың саны үшке дейін өсті.
Осыған ұқсас үрдіс жергілікті атқарушы органдар арасында да байқалады. Егер өткен жылдың қорытындысы бойынша тиімсіз нәтижелер болмаған болса, есепті кезеңде бір мемлекеттік органда тиімсіз нәтиже тіркелді.
2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы нәтижелермен салыстырғанда Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері өз нәтижелерін жақсартып, бағалауды тиімсіз деңгейден орташа деңгейге көтерді. Сонымен бірге, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің нәтижелері нашарлап, соның салдарынан олардың бағасы тиімсіз деңгейге дейін төмендеді.
Ұсыным:
Аталған мемлекеттік органдарға белгіленген кезеңділікке сәйкес жаңартылуы тиіс деректер жиынтықтарын өзектендіру мерзімдерінің сақталуына ішкі мониторингті күшейту ұсынылады. Өз кезегінде, көшбасшылар ашық деректер саласында сапалы және жүйелі жұмыстың үлгісін көрсетіп, қоғамның сенім деңгейі мен өз қызметінің ашықтығын арттыруға ықпал етуде.
Төмен нәтиже көрсеткен мемлекеттік органдарға деректерді уақтылы өзектендіруге кедергі келтіретін себептерді жою және белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл көрсеткіштерді теңестіруге және ақпараттық ашықтықтың жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықталған проблемаларды жою мақсатында жарияланатын деректердің өзектілігін арттыру, қажет болған жағдайда оларды орналастыру кезеңділігін қайта қарау, ведомстволар арасында функциялардың қайта бөлінуін ескере отырып, жиынтықтар тізбесін өзектендіру, сондай-ақ толтырудың дұрыстығына бақылауды күшейту ұсынылады. Деректердің толықтығына тұрақты мониторинг жүргізуді, жауапты бөлімшелермен жедел кері байланыс тетігін және жариялау мерзімдері туралы автоматтандырылған еске салуларды енгізу орынды.
Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың деректерді жариялауға және өзектендіруге берілген өтінімдерді қарауға қызығушылық танытуының орташа деңгейі байқалады (ОМО және ЖАО көрсеткіші – 0,9). Аталған корреляциялық коэффициент жалпы баллға әсер етеді, өйткені екі индикаторды есептеу кезінде қолданылады және мемлекеттік органдардың «Ашық деректер» порталы пайдаланушыларымен өзара іс-қимылының тиімділігін көрсетеді.
Анықталған проблемалар белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестендіру және «Ашық деректер» порталының жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында жедел ден қоюды және ішкі процестерді қайта қарауды талап етеді.
«Ашық бюджет»
Осы индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО-ға қатысты жүргізілді, бюджеттік материалдарды орналастырудың уақтылығы және келіп түсетін ұсыныстар мен пікірлерді мониторингтеу сапасының деңгейі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 9 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 7-ден 8,9 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 5-тен 6,9 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 5 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Ең жоғары мүмкін болатын балл – 10 балл.
«Ашық бюджет» индикаторы бюджет процесінің ашықтығын арттыруға және қаржылық ақпаратты ашудың тұрақты практикасын қалыптастыруға бағытталған. Ол мемлекеттік органдарды бюджеттік деректерді уақтылы жариялауға және азаматтармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге ынталандырады.
Орталық мемлекеттік органдар арасында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, Төтенше жағдайлар министрлігін, Бас прокуратураны және Ұлттық Банкті қоспағанда, барлық мемлекеттік органдар көшбасшылар қатарына кірді.
Ағымдағы кезеңде бірде-бір орталық мемлекеттік орган осы индикатор бойынша тиімсіз нәтиже көрсеткен жоқ.
ЖАО арасында ең жоғары балдарды Жетісу облысының, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарының, Абай облысы мен Қарағанды облысының, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдіктері алды.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|||
|
|
|
|
|||
|
|
АШМ |
10 |
жоғары |
||
|
|
ҒЖБМ |
10 |
|
||
|
|
ҰЭМ |
10 |
|
||
|
|
Қаржымині |
10 |
|
||
|
|
СІМ |
10 |
|
||
|
|
ҚМ |
10 |
|
||
|
|
ТжСМ |
10 |
|
||
|
|
КМ |
10 |
|
||
|
|
МАМ |
10 |
|
||
|
|
ӘМ |
10 |
|
||
|
|
АЭА |
9,55 |
|
||
|
|
ҚМА |
9,55 |
|
||
|
|
СРИМ |
9,55 |
|
||
|
|
ӨҚМ |
9,55 |
|
||
|
|
ЖИЦДМ |
9,55 |
|
||
|
|
ЭМ |
9,55 |
|
||
|
|
ЕХӘҚМ |
9,11 |
|
||
|
|
ЭТРМ |
9,11 |
|
||
|
|
ДСМ |
9,11 |
|
||
|
|
СИМ |
9,11 |
|
||
|
|
ІІМ |
9,11 |
|
||
|
БҚДА |
8,67 |
орташа |
|||
|
СЖРА |
8,67 |
||||
|
ОАМ |
8,67 |
|
|||
|
ТЖМ |
8,22 |
|
|||
|
БП |
7,78 |
|
|||
|
ҚНРДА |
7,33 |
|
|||
|
МҚІА |
6,89 |
төмен |
|||
|
ҰБ |
6,44 |
||||
Бюджеттік материалдарды уақтылы орналастыру көрсеткіші бойынша ОМО арасында ең төмен балды Оқу-ағарту, Төтенше жағдайлар министрліктері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, сондай-ақ Бас прокуратура алды. Сонымен бірге пайдаланушылардың ұсыныстарын мониторингтеу мен қараудың жоғары деңгейі, сондай-ақ жария тыңдаулардың өткізілетіні туралы белсенді ақпараттандыру аталған мемлекеттік органдарға қорытынды бағалауда орташа позицияны сақтауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Ашық бюджеттер» порталында талап етілетін 9 материалдың 2-еуін, ал Ұлттық Банк 9 материалдың 1-еуін орналастырды. Осыған байланысты аталған мемлекеттік органдар көрсетілген көрсеткіш бойынша төмен бағалау деңгейін көрсетті.
Түркістан облысының әкімдігі «Ашық бюджеттер» порталында көзделген 9 материалдың 3-еуін орналастырды. Бұдан басқа, 2026 жылғы 1 ақпанда келіп түскен бір пікірге жауап берілмеген. Осыған байланысты әкімдік бағалаудың тиімсіз нәтижесін көрсетті.
Ұлттық Банк, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігі бюджеттік материалдарды уақтылы орналастыру көрсеткіші бойынша ең төмен нәтижелерді (шамамен 0 балл) көрсетті.
Тиісті ақпараттық сүйемелдеудің болмауы олардың қорытынды көрсеткіштеріне елеулі әсер етті, соның нәтижесінде аталған мемлекеттік органдар төмен бағалау деңгейіне жатқызылды.
2025 жылғы жылдық есеппен салыстырғанда Астана және Алматы қалалары, Абай, Маңғыстау, Қарағанды және Ақмола облыстары әкімдіктерінің бағаларының жақсарғаны байқалады. Сонымен бірге Түркістан облысы әкімдігінің бағасы төмендеді, ал Ұлытау облысының әкімдігі төмен бағалау деңгейін сақтап қалды.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
||||
|
|
|
|
||||
|
|
Жетісу |
10 |
|
|||
|
|
СҚО |
10 |
|
|
||
|
|
БҚО |
10 |
жоғары |
|
||
|
|
Жамбыл |
10 |
|
|||
|
|
Павлодар |
10 |
|
|||
|
|
Маңғыстау |
10 |
|
|||
|
|
Атырау |
10 |
|
|||
|
|
Абай |
9,55 |
|
|
||
|
|
Қарағанды |
9,55 |
|
|
||
|
|
Алматы қ. |
9,11 |
|
|
||
|
Ақтөбе |
8,67 |
орташа |
||||
|
Қостанай |
7,78 |
|||||
|
ШҚО |
7,78 |
|||||
|
Қызылорда |
7,33 |
|||||
|
Алматы |
7,33 |
|||||
|
Шымкент қ. |
7 |
|||||
|
Астана қ. |
7 |
|||||
|
Ақмола |
7 |
|||||
|
Ұлытау |
6,89 |
төмен |
||||
|
Түркістан |
4,33 |
тиімсіз |
||||
Ұсыным:
Осы индикатор бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік құжаттаманы уақтылы және толық орналастыруды қамтамасыз етуі қажет. Мұндай құжаттамаға шоғырландырылған бухгалтерлік баланс, қаржылық қызмет нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп, азаматтық бюджет және нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де материалдар жатады.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар «Ашық бюджеттер» порталындағы жария талқылау шеңберінде бюджеттік құжаттарға келіп түсетін азаматтардың барлық пікірлері мен ұсыныстарын міндетті, толық және уақтылы қарауды, кейіннен уәжді жауаптарды орналастыруды қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қатар қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік құжаттарды жария талқылау үшін орналастырған кезде мемлекеттік органдар ресми интернет-ресурстарда анонстар орналастыру арқылы тиісті талқылаулардың басталғаны туралы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етуі қажет.
«Ашық НҚА»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жариялау фактілері және келіп түсетін ұсыныстар мен пікірлерді мониторингтеу төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 9 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 7-ден 8,9 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 5-тен 6,9 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 5 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Ең жоғары мүмкін болатын балл – 10 балл.
«Ашық НҚА» платформасы мемлекеттік органдардың норма шығару қызметінің транспаренттілігін арттыруға және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу процесіне қоғамның қатысу тетіктерін дамытуға бағытталған.
Аталған индикатор бағаланатын мемлекеттік органдарды НҚА жобалары туралы ақпаратты жүйелі әрі уақтылы ашуға, сондай-ақ азаматтардан және өзге де мүдделі тұлғалардан келіп түсетін ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу, қарау және оларға ден қоюдың тиімді рәсімін қалыптастыруға ынталандырады.
Осылайша, «Ашық НҚА» индикаторы норма шығару процесінің ашықтық деңгейін ғана емес, сондай-ақ қоғамның талқылауға нақты тартылу дәрежесін және реттеушілік бастамаларды қалыптастыруды көрсетеді.
Ағымдағы кезеңде тиімсіз нәтиже көрсеткен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін қоспағанда, барлық ОМО жоғары бағалау деңгейін көрсетті. ОМО және ЖАО арасында төмен және тиімсіз нәтижелер жоқ. Барлық ЖАО да жоғары бағалау деңгейін көрсетті.
«Ашық НҚА» индикаторын бағалау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басым бөлігі норма шығару қызметінің жоғары ашықтық деңгейін қамтамасыз ететіні, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын уақтылы орналастыратыны және пайдаланушылардың келіп түсетін ұсыныстары мен пікірлеріне тиімді мониторинг ұйымдастыратыны анықталды. Есепті кезеңде бағаланатын мемлекеттік органдардың 98%-ы жоғары бағалау деңгейін көрсетті.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|||
|
|
|
|
|||
|
|
АЭА |
10 |
жоғары |
|
|
|
|
ҚМА |
10 |
|
|
|
|
|
БҚДА |
10 |
|
|
|
|
|
СЖРА |
10 |
|
|
|
|
|
МҚІА |
10 |
|
|
|
|
|
БП |
10 |
|
|
|
|
|
ҰБ |
10 |
|
|
|
|
|
АШМ |
10 |
|
|
|
|
|
СІМ |
10 |
|
|
|
|
|
ҚМ |
10 |
|
|
|
|
|
МАМ |
10 |
|
|
|
|
|
ӘМ |
10 |
|
|
|
|
|
СРИМ |
10 |
|
|
|
|
|
ЭМ |
10 |
|
|
|
|
|
ЕХӘҚМ |
10 |
|
|
|
|
|
СИМ |
10 |
|
|
|
|
|
ҚНРДА |
9,99 |
|
|
|
|
|
ҒЖБМ |
9,98 |
|
|
|
|
|
ӨҚМ |
9,98 |
|
|
|
|
|
ҰЭМ |
9,97 |
|
|
|
|
|
ОАМ |
9,97 |
|
|
|
|
|
ЭТРМ |
9,97 |
|
|
|
|
|
ҚарМ |
9,95 |
|
|
|
|
|
ТжСМ |
9,95 |
|
|
|
|
|
КМ |
9,95 |
|
|
|
|
|
ТЖМ |
9,94 |
|
|
|
|
|
ІІМ |
9,91 |
|
|
|
|
|
ДСМ |
9,78 |
|
|
|
|
ЖИЦДМ |
8,98 |
орташа |
|||
Сонымен бірге пайдаланушылардың пікірлерін уақтылы қарамаудың жекелеген жағдайлары анықталды, бұл бағалаудың қорытынды нәтижелеріне әсер етті.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Ашық НҚА» порталында 1 132 пікірдің 1 125-іне жауап берді. Сонымен бірге нормативтік құқықтық актілер жобаларын орналастыруды ұйымдастырудың жоғары деңгейі және оларды орналастырудың дұрыстығы осы мемлекеттік органға жалпы рейтингте орташа позицияны сақтауға мүмкіндік берді.
Пайдаланушылардың ұсыныстары мен пікірлерін мониторингтеу және қарау көрсеткіші бойынша мемлекеттік органдар «Ашық НҚА» порталында нормативтік құқықтық актілер жобаларына келіп түскен пікірлердің басым бөлігіне жауап бергені анықталды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі келіп түскен 436 пікірдің 433-іне жауап берді; Оқу-ағарту министрлігі – 1 579 пікірдің 1 571-іне; Ұлттық экономика министрлігі – 481 пікірдің 477-сіне; Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – 532 пікірдің 527-сіне; Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 417 пікірдің 414-іне; Қаржы министрлігі – 767 пікірдің 755-іне; Көлік министрлігі – 521 пікірдің 513-іне; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 174 пікірдің 171-іне; Төтенше жағдайлар министрлігі – 397 пікірдің 389-ына; Ішкі істер министрлігі – 356 пікірдің 345-іне; Денсаулық сақтау министрлігі – 871 пікірдің 807-сіне жауап берді.
Пайдаланушылардың ұсыныстары мен пікірлерін мониторингтеу және қарау көрсеткіші бойынша жергілікті атқарушы органдар «Ашық НҚА» порталында келіп түскен пікірлердің басым бөлігінің қаралуын қамтамасыз еткені анықталды.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 138 пікірдің 129-ына, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі – 140 пікірдің 127-сіне, Павлодар облысының әкімдігі – 203 пікірдің 200-іне, Абай облысының әкімдігі – 158 пікірдің 155-іне, Қарағанды облысының әкімдігі – 333 пікірдің 320-сына, Қостанай облысының әкімдігі – 284 пікірдің 281-іне, Астана қаласының әкімдігі – 191 пікірдің 187-сіне, Түркістан облысының әкімдігі – 251 пікірдің 208-іне жауап берді.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
||||
|
|
|
|
||||
|
|
Жетісу |
10 |
жоғары |
|
||
|
|
Жамбыл |
10 |
|
|||
|
|
Атырау |
10 |
|
|||
|
|
Алматы қ. |
10 |
|
|||
|
|
Ақтөбе |
10 |
|
|||
|
|
ШҚО |
10 |
|
|||
|
|
Қызылорда |
10 |
|
|||
|
|
Алматы |
10 |
|
|||
|
|
Шымкент қ. |
10 |
|
|||
|
|
Ақмола |
9,98 |
|
|||
|
|
Қостанай |
9,97 |
|
|||
|
|
Павлодар |
9,95 |
|
|||
|
|
Абай |
9,94 |
|
|||
|
|
Астана қ. |
9,94 |
|
|
||
|
|
Қарағанды |
9,88 |
|
|
||
|
|
Маңғыстау |
9,86 |
|
|
||
|
|
СҚО |
9,8 |
|
|
||
|
|
Ұлытау |
9,76 |
|
|
||
|
|
БҚО |
9,72 |
|
|
||
|
|
Түркістан |
9,49 |
|
|
||
«Ашық НҚА» порталындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдарға мыналар ұсынылады:
- келіп түсетін пайдаланушылардың барлық ұсыныстары мен пікірлерін белгіленген мерзімдерде жауап бере отырып уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
- нормативтік құқықтық актілер жобаларын орналастыру талаптарының сақталуына және оларды жариялаудың толықтығына ішкі бақылауды күшейту;
- порталдағы пайдаланушылардың пікірлері мен өтініштеріне тұрақты мониторинг жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаларды айқындау;
- пікірлерді қарау мерзімдерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау;
- бағалау нәтижелерін қоғаммен өзара іс-қимыл процестерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың норма шығару қызметінің ашықтығын арттыру үшін пайдалану.
«ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС»
ӘДІСТЕМЕ
Берілетін балдардың ең жоғары саны 25-ті құрайды.
«Халықпен кері байланыс» критерийі бойынша жалпы балл мынадай индикаторлар бойынша балдарды қосу арқылы айқындалады:
1) «Мемлекеттік органдардың жұмысына арыз иелерінің қанағаттану көрсеткіші»: Индикатор бойынша бағалау арыз иелерінің өтініштерге алынған жауаптарға қанағаттану деңгейін айқындауға бағытталған. Ең жоғары балл – 7.
2) «Мемлекеттік органға келіп түсетін жолданымдар құрылымындағы сұрау салулардың үлес салмағы»: Индикатор бойынша бағалау мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігі деңгейін арттыруға бағытталған. Ең жоғары балл – 6. Жолданымдар құрылымында ақпарат алуға арналған сұрау салулардың үлесі неғұрлым төмен болса, осы индикатор бойынша берілетін балл соғұрлым жоғары болады.
3) ««e-Өтініш» АЖ Білім базасының сұранысқа ие болуы»: Индикатор мемлекеттік органдардың «e-Өтініш» АЖ Білім базасын толықтыруын және уақтылы өзектендіруін ынталандыруға бағытталған. Ең жоғары балл – 7. Білім базасындағы ақпаратты жаңарту кезеңділігі тоқсанына кемінде бір рет, бұл ретте есепті тоқсанда кемінде 30 ЖҚС орналастырылуы тиіс. Енгізілетін ақпарат тиісті мемлекеттік органның жолданымдарына және ең жиі қойылатын сұрақтарына тереңдетілген ішкі талдау негізінде қалыптастырылуға тиіс. Ұсынылатын деректердің өзектілігі мен дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында бұл талдауды ай сайын жүргізу қажет. Осы критерий бойынша бағалау «e-Өтініш» АЖ-ның «Білім базасы» бөлімінің деректерін мониторингтеу арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік орган есепті кезеңде деректерді жаңартқан жағдайда оған 5 балл беріледі. Олай болмаған жағдайда осы индикатор бойынша 0 балл беріледі. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған жағдайда 2 балл беріледі.
4) «Халықпен кездесулер»: Индикатор Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын және ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 12 «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдарды халықпен тиімді өзара іс-қимылға ынталандыруға бағытталған. Индикаторды есептеу мына көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: 1) әкімдердің/орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер күнтізбесін/кестесін сақтау; 2) әкімдердің/орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен алдағы кездесулері туралы анонстарды сайтта орналастыру; 3) әкімдердің/орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау өткізу; 4) әкімдердің/орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері шеңберіндегі проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын сайтта орналастыру.
Ең жоғары балл – 5.
5) «Аккредиттелмеген коммуникация арналарының болуы»: Индикатор бойынша бағалау мемлекеттік органдарды халықпен тиімсіз коммуникация арналарын оңтайландыруға ынталандыруға бағытталған. Есептеу мемлекеттік органдар ұсынатын ақпаратты Аккредиттелген коммуникация арналары тізілімінің деректерімен салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады. Аккредиттелмеген коммуникация арналары анықталған жағдайда мемлекеттік органдарға «Халықпен кері байланыс» критерийі бойынша айыппұл балдары есептеледі.
«Халықпен кері байланыс» критерийі бойынша бағалау нәтижелеріне сәйкес балдардың бөлінуі мынадай көрсеткіштермен сипатталады.
Орталық мемлекеттік органдар арасында кері байланысты ұйымдастырудың ең жоғары деңгейін Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және ақпарат министрліктері көрсетті.
Сонымен бірге орталық мемлекеттік органдардың 58,6%-ы төмен бағалау деңгейі бар санатқа жатқызылды, бұл 2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда жалпы көрсеткіштің нашарлағанын көрсетеді, оның қорытындысы бойынша төмен бағалау деңгейі бар органдардың үлесі 27,5%-ды құраған.
Ескертпе: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жылғы нәтижелерді растай отырып, жоғары бағалау деңгейін сақтап қалды.
Сонымен бірге Өнеркәсіп және құрылыс, Сыртқы істер, Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар министрліктері, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі агенттік төмен бағалау деңгейін сақтап қалды, бұл осы критерий бойынша оң динамиканың жоқтығын көрсетеді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
ЭТРМ |
20,4 |
А |
|
МАМ |
20 |
А |
|
ДСМ |
19 |
В |
|
ЖИЦДМ |
19 |
В |
|
Қаржымині |
18,5 |
В |
|
ҚНРДА |
18,29 |
В |
|
БП |
18,29 |
В |
|
ҚМ |
18,29 |
В |
|
ІІМ |
17,29 |
В |
|
СИМ |
15 |
В |
|
СЖРА |
14,29 |
В |
|
АШМ |
14 |
В |
|
МҚІА |
13,29 |
С |
|
ОАМ |
13 |
С |
|
ҒЖБМ |
12 |
С |
|
ЕХӘҚМ |
12 |
С |
|
СРИМ |
10,5 |
С |
|
АЭА |
10,29 |
С |
|
ҰЭМ |
10 |
С |
|
ӨҚМ |
9,8 |
С |
|
ҚМА |
9,29 |
С |
|
СІМ |
9,29 |
С |
|
ӘМ |
9,29 |
С |
|
БҚДА |
8,29 |
С |
|
ТЖМ |
7,29 |
С |
|
ҰБ |
7,29 |
С |
|
ТжСМ |
7 |
С |
|
КМ |
5,3 |
С |
|
ЭМ |
4 |
С |
2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда МҚІА, СРИМ, ҚМА, ӘМ, БҚДА, ҰБ, ТжСМ, КМ және ЭМ көрсеткіштері орташа/жоғары деңгейден төмен деңгейге түсті. Сонымен бірге ДСМ және ҚМ көрсеткіштері төмен деңгейден орташа/жоғары деңгейге көтерілді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметі нәтижелерінің 2025 жылмен салыстырғанда төмендегені байқалады. Егер 2025 жылдың қорытындысы бойынша жоғары бағалау деңгейіне 6 ЖАО қол жеткізсе, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы санатқа ЖАО-ның 20%-ы жатқызылды.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар арасында тек Жамбыл облысының әкімдігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижені растап, жоғары бағалау деңгейін сақтап қалды.
2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда, ол кезде «Халықпен кері байланыс» критерийі бойынша бірде-бір жергілікті атқарушы орган төмен бағалау деңгейі бар санатқа жатқызылмаған болса, ағымдағы есепті кезеңде мұндай ЖАО саны 8-ге дейін өсті: Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Абай, Атырау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдіктері.
Сонымен бірге 2025 жылғы нәтижелермен салыстырғанда Жетісу, Ұлытау облыстарының және Ақмола облысының әкімдіктері өз көрсеткіштерін жақсартып, жоғары бағалау деңгейіне қол жеткізді, бұл халықпен кері байланысты ұйымдастырудағы оң динамиканы көрсетеді.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Жетісу |
21,5 |
А |
|
Ұлытау |
20,3 |
А |
|
Жамбыл |
20 |
А |
|
Ақмола |
20 |
А |
|
Қызылорда |
19 |
B |
|
Павлодар |
18,4 |
В |
|
Маңғыстау |
18,3 |
В |
|
ШҚО |
17,3 |
В |
|
БҚО |
17,3 |
В |
|
Түркістан |
17,2 |
В |
|
Астана қ. |
16,6 |
В |
|
Алматы қ. |
16 |
В |
|
Қостанай |
13,3 |
С |
|
Ақтөбе |
12,5 |
С |
|
Алматы обл. |
12,3 |
С |
|
Абай |
10 |
С |
|
Атырау |
10 |
С |
|
Қарағанды |
7,5 |
С |
|
Шымкент қ. |
7 |
С |
|
СҚО |
5 |
С |
«Мемлекеттік органдардың жұмысына арыз иелерінің қанағаттану көрсеткіші»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 6,3 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 4,9-дан 6,2 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3,5-тен 4,8 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 3,5 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Халықтан кері байланыс алудың құралы «e-Өтініш» ақпараттық жүйесіндегі арыз иесінің жеке кабинетінде іске асырылған «Орындаушының жұмысын бағалаңыз» функционалы болып табылады. Аталған функционал арыз иелеріне өз пікірін білдіруге және мемлекеттік органдар жұмысының сапасын бес балдық шкала бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
Жүйе деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықтың жолданымдарды қарау сапасына қанағаттануының орташа көрсеткіші 57,45%-ды құрады, бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деңгейден (75%) 17,55 пайыздық тармаққа және 2025 жылғы көрсеткіштен (66,3%) 8,85 пайыздық тармаққа төмен.
Қалдырылған 93 164 бағалаудың бөлінуі мынадай: «өте жақсы» – 43,7%; «жақсы» – 8,2%; «орташа» – 6,7%; «нашар» – 6,4%; «өте қанағаттанарлықсыз» – 35%.
Анықтама үшін: Бұл бағалау субъективті сипатқа ие және мемлекеттік органдардың арыз иелерімен жұмысын одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындау мақсатында ғана пайдаланылады.
Қанағаттанудың жоғары көрсеткішіне Мәдениет және ақпарат министрлігі (92,2%) қол жеткізді.
Арыз иелерінің қанағаттануының орташа деңгейі бойынша көшбасшылар қатарына мына мемлекеттік органдар кірді:
- Атом энергиясы жөніндегі агенттік (83,9%);
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (80,4%);
- Туризм және спорт министрлігі (76,6%);
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (76,3);
- Ұлттық банк (73,9%);
- Қорғаныс министрлігі (73%);
- Төтенше жағдайлар министрлігі (70,8%);
- Жетісу облысының (75,5%), Түркістан (74,3%), Шығыс Қазақстан (72,1%), Жамбыл (70,1%) облыстарының әкімдіктері.
Өз кезегінде, арыз иелері тарапынан қанағаттанарлықсыз бағалардың ең жоғары үлесі мына мемлекеттік органдарға қатысты тіркелді:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі (58,9%);
- Қаржылық мониторинг агенттігі (58,7%);
- Оқу-ағарту министрлігі (57,3%);
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (53,8%);
- Денсаулық сақтау министрлігі (53,6%);
- ҚР Бас прокуратура (53,2%);
- Ұлттық экономика министрлігі (50,7%);
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (50,4%);
- Сауда және интеграция министрлігі (48,9%);
- Ішкі істер министрлігі (48,2%);
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (44,5%);
- Әділет министрлігі (44,4%);
- Энергетика министрлігі (42,2%);
- Ауыл шаруашылығы министрлігі (39,2%);
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (28,1%);
- Абай облысы (59,4%);
- Батыс Қазақстан облысы (58,3%);
- Алматы облысы (57,8%);
- Атырау облысы (57,7%);
- Ақтөбе облысы (55,8%);
- Шымкент қаласы (55,5%);
- Маңғыстау облысы (54%);
- Ұлытау облысы (53,8%);
- Астана қаласы (51,7%).
Өңірлер бөлінісінде жоғары балл беру жағдайлары тіркелмеді.
Анықтама үшін: Дегенмен, 2024 жылғы жылдық нәтижелермен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдар көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
||
|
|
МАМ |
7 |
жоғары |
|
|
|
АЭА |
6 |
орташа |
|
|
|
СЖРА |
6 |
|
|
|
|
ТжСМ |
5 |
|
|
|
|
ЖИЦДМ |
5 |
|
|
|
|
ҰБ |
5 |
|
|
|
|
ҚМ |
5 |
|
|
|
|
ТЖМ |
5 |
|
|
|
ӨҚМ |
4 |
төмен |
||
|
КМ |
4 |
|||
|
ЭТРМ |
4 |
|||
|
СІМ |
4 |
|||
|
Қаржымині |
4 |
|||
|
ҒЖБМ |
4 |
|||
|
СРИМ |
3 |
тиімсіз |
||
|
ҚМА |
3 |
|||
|
ОАМ |
3 |
|||
|
ҚНРДА |
3 |
|||
|
ДСМ |
3 |
|||
|
БП |
3 |
|||
|
ҰЭМ |
3 |
|||
|
МҚІА |
3 |
|||
|
СИМ |
2 |
|||
|
ІІМ |
2 |
|
||
|
БҚДА |
2 |
|
||
|
ӘМ |
2 |
|
||
|
ЭМ |
2 |
|
||
|
АШМ |
1 |
|
||
|
ЕХӘҚМ |
1 |
|
||
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
|
|
Жетісу |
5 |
Орташа |
|
|
Түркістан |
5 |
|
|
|
ШҚО |
5 |
|
|
|
Жамбыл |
5 |
|
|
Қостанай |
4 |
төмен |
|
|
Қарағанды |
4 |
||
|
Павлодар |
4 |
||
|
СҚО |
4 |
||
|
Ақмола |
4 |
||
|
Қызылорда |
4 |
||
|
Алматы қ. |
4 |
||
|
Астана |
3 |
тиімсіз |
|
|
БҚО |
3 |
||
|
Абай |
3 |
|
|
|
Атырау |
3 |
|
|
|
Ақтөбе |
3 |
|
|
|
Шымкент қ. |
3 |
|
|
|
Маңғыстау |
3 |
|
|
|
Ұлытау |
3 |
|
|
|
Алматы обл. |
3 |
|
|
Арыз иелерінің қанағаттану деңгейін арттыру үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар әрбір жолданымға қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған уәжді жауапты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етуі қажет.
ОМО және ЖАО арасында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі, сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тиімсіз нәтижелер көрсетіп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша да осы позицияны сақтап қалды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қаржы, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Экология және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика министрліктерінің, Бас прокуратураның, сондай-ақ Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстары мен Абай облысы әкімдіктерінің көрсеткіштері төмендегені тіркелді.
Сонымен бірге Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінде, Ұлттық Банкте, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктерінде оң динамика байқалып, олар өз нәтижелілігін жақсартты.
Мемлекеттік органдарға ұсынымдар:
Арыз иелерінің қанағаттану деңгейін арттыру және жолданымдарын жұмыс сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдарға мыналар қажет:
- қойылған мәселелердің мәнін ескере отырып, азаматтардың жолданымдарына уәжді, мазмұнды және түсінікті жауаптар дайындауды қамтамасыз ету;
- жолданымдарды қараудың сапасы мен толықтығына, оның ішінде құрылымдық бөлімшелер басшылары мен тікелей орындаушылар деңгейінде бақылауды күшейту;
- қанағаттанбаудың негізгі себептерін анықтау және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдау мақсатында «e-Өтініш» ақпараттық жүйесіндегі арыз иелерінің бағаларына тұрақты талдау жүргізу;
- жолданымдарды қарау сапасы мен арыз иелерінің қанағаттануын арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
- жолданымдармен жұмыс процестерін жетілдіру кезінде оң динамика көрсеткен мемлекеттік органдар мен өңірлердің оң тәжірибесін ескеру;
- жолданымдарды қарауға жауапты қызметкерлердің уәжді жауаптар дайындау, мерзімдерді және іскерлік коммуникация стандарттарын сақтау бөлігіндегі құзыреттерін арттыруды қамтамасыз ету;
- арыз иелерінің қанағаттану көрсеткіштерінің динамикасына мониторингті күшейту және әрбір есепті кезеңнің қорытындысы бойынша түзету шараларының қабылдануын қамтамасыз ету.
«Мемлекеттік органға келіп түсетін жолданымдар құрылымындағы сұрау салулардың үлес салмағы»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 5,4 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 4,2-ден 5,3 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3-тен 4,1 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 3 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы азаматтардың жолданымдарының көлемі мен сипатына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады, өйткені ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы деңгейі халықтың қосымша түсіндіруге және билік органдарымен коммуникацияға деген қажеттілігіне тікелей әсер етеді.
Ақпараттық ашықтықтың төмен деңгейі жолданымдар санының өсуіне ықпал етеді, бұл мемлекеттік аппаратқа қосымша жүктеме түсіреді және басымдықтарды стратегиялық міндеттерді шешуден қайталама және біртектес жолданымдарды қарауға ауыстырады.
ОМО және ЖАО орналастыруға міндетті ақпарат тізбесі Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңымен, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесімен (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген) айқындалған.
Бағалау ақпарат беру туралы сұрау салуларды қамтитын жолданымдарды талдау негізінде жүргізілді.
Ақпарат беру туралы сұрау салулардың жолданымдардың жалпы құрылымындағы орташа үлесі орталық мемлекеттік органдар бойынша 9,12%-ды және жергілікті атқарушы органдар бойынша 8,20%-ды құрады.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
6 |
жоғары |
|
ҚНРДА |
6 |
|
|
ҚМА |
6 |
|
|
МАМ |
6 |
|
|
ІІМ |
6 |
|
|
ТжСМ |
6 |
|
|
ЭТРМ |
5 |
орташа |
|
Қаржымині |
5 |
|
|
СИМ |
5 |
|
|
БҚДА |
5 |
|
|
СІМ |
5 |
|
|
АШМ |
5 |
|
|
ЕХӘҚМ |
5 |
|
|
ДСМ |
5 |
|
|
ЖИЦДМ |
4 |
төмен |
|
СРИМ |
4 |
|
|
ҚМ |
4 |
|
|
КМ |
4 |
|
|
АЭА |
3 |
|
|
МҚІА |
3 |
|
|
ӘМ |
3 |
|
|
ӨҚМ |
2 |
тиімсіз |
|
ЭМ |
2 |
|
|
ОАМ |
2 |
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
ҰБ |
0 |
|
|
СЖРА |
0 |
|
|
ҒЖБМ |
0 |
|
|
ТЖМ |
0 |
|
2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткіштері төмендегенін көрсетті.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЖАО-ның 70%-ы жоғары бағалау деңгейін алды. Сонымен бірге қаралып отырған есепті кезеңде ЖАО-ның тек 15%-ы ғана осындай нәтижеге қол жеткізді. Аталған динамика көрсеткіштердің төмендегенін және олардың тұрақсыздығын көрсетеді, бұл мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығы деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда орталық мемлекеттік органдар арасында көрсеткіштердің нашарлағаны тіркелді. Егер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жоғары бағалау деңгейі 15 ОМО-ға берілсе, ағымдағы есепті кезеңде осы бағалау деңгейіне тек 6 мемлекеттік орган қол жеткізді.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Маңғыстау |
6 |
жоғары |
|
Жамбыл |
6 |
|
|
Ұлытау |
6 |
|
|
Ақтөбе |
5 |
орташа |
|
Түркістан |
5 |
|
|
Павлодар |
5 |
|
|
Ақмола |
5 |
|
|
Қостанай |
5 |
|
|
Жетісу |
5 |
|
|
Астана қ. |
5 |
|
|
БҚО |
5 |
|
|
Қарағанды |
5 |
|
|
Атырау |
5 |
|
|
Шымкент қ. |
5 |
|
|
Алматы қ. |
5 |
|
|
Абай |
5 |
|
|
Алматы обл. |
5 |
|
|
Қызылорда |
4 |
төмен |
|
СҚО |
4 |
|
|
ШҚО |
3 |
|
Бұдан басқа, бірқатар ведомстволар (27,5%-дан астамы) жолданымдардың жалпы құрылымындағы ақпарат беру туралы сұрау салулар үлесі бойынша тиімсіз көрсеткіштер көрсетті.
Олардың қатарында: Өнеркәсіп және құрылыс (21,60%), Энергетика (22,66%), Оқу-ағарту (23,80%), Ұлттық экономика (37,70%) министрліктері, Ұлттық Банк (41,48%), Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (42,18%), Ғылым және жоғары білім (54,59%), сондай-ақ Төтенше жағдайлар (56,88%) министрліктері бар.
ОМО арасында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Төтенше жағдайлар министрліктері, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі тиімсіз нәтижелер көрсетті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша аталған мемлекеттік органдар өз позицияларын сақтап қалды.
ОМО арасында есепті кезең қорытындысы бойынша Бас прокуратура, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер министрліктері, сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелерді растап, жоғары бағалау деңгейін сақтап қалды.
ЖАО арасында Ұлытау облысының, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының әкімдіктері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қол жеткізілген нәтижелерді растап, тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетті.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда Сауда және интеграция, Әділет, Денсаулық сақтау, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Сыртқы істер, Жасанды интеллект министрліктерінің, Қаржы нарығын қорғау және дамыту агенттігінің, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстары мен Жетісу және Абай облыстары әкімдіктерінің көрсеткіштері төмендегені тіркелді.
Сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экология және табиғи ресурстар, Қорғаныс министрліктерінде оң динамика байқалып, олар өз нәтижелілігін жақсартты.
Ұсыным:
Аталған көрсеткішті төмендету мақсатында мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулардың келіп түсуін күтпей, ресми интернет-ресурстарда және өзге де қолжетімді платформаларда өзекті ақпаратты проактивті орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылады.
Ағымдағы қызмет, іске асырылып жатқан жоспарлар, есептілік, сондай-ақ нормативтік реттеу мен ұйымдастырушылық жұмыстағы өзгерістер туралы мәліметтерді тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, азаматтар үшін ыңғайлы және түсінікті анықтамалық материалдарды, оның ішінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген бөлімдерді әзірлеп, енгізу орынды, бұл үлгілік және қайталама жолданымдар санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Нысаналы ақпараттық науқандар өткізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ақпаратты тарату үшін әлеуметтік медианы белсенді пайдалану келіп түсетін сұрау салулар көлемінің азаюына ықпал етуі мүмкін.
Бұл ретте ақпараттың қарапайым, түсінікті және қабылдауға қолжетімді түрде берілуін қамтамасыз ету маңызды.
««e-Otinish» білім базасына сұраныс»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 6,3 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 4,9-дан 6,2 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3,5-тен 4,8 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 3,5 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
Білім базасын уақтылы және сапалы толықтыру мемлекеттік органдарға келіп түсетін жолданымдар санын қысқартуға ықпал етеді, сондай-ақ өзекті ақпаратты іздеуді жеңілдету және консультация беру сапасын жақсарту есебінен 1414 Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырады.
Білім базасын өзекті ақпаратты, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды және пайдалы сілтемелерді уақтылы енгізе отырып тұрақты жаңарту және кеңейту мемлекеттік органдарға түсетін жүктемені азайтуға, 1414 ББО ұсынатын консультациялар тізбесін едәуір кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың хабардарлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
ОАМ |
7 |
жоғары |
|
АШМ |
7 |
|
|
ЕХӘҚМ |
7 |
|
|
ДСМ |
7 |
|
|
ІІМ |
7 |
|
|
ӨҚМ |
7 |
|
|
ЭТРМ |
7 |
|
|
СИМ |
7 |
|
|
Қаржымині |
7 |
|
|
ӘМ |
7 |
|
|
ҒЖБМ |
7 |
|
|
ЖИЦДМ |
7 |
|
|
ҰЭМ |
7 |
|
|
ҚМ |
7 |
|
|
МАМ |
7 |
|
|
ТжСМ |
7 |
|
|
ТЖМ |
7 |
|
|
БП |
7 |
|
|
МҚІА |
7 |
|
|
ҚНРДА |
7 |
|
|
СЖРА |
7 |
|
|
СІМ |
0 |
тиімсіз |
|
ЭМ |
0 |
|
|
КМ |
0 |
|
|
СРИМ |
0 |
|
|
ҰБ |
0 |
|
|
БҚДА |
0 |
|
|
ҚМА |
0 |
|
|
АЭА |
0 |
|
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Ақтөбе |
7 |
|
|
Абай |
7 |
|
|
Ақмола |
7 |
|
|
Алматы обл. |
7 |
|
|
Атырау |
7 |
|
|
ШҚО |
7 |
|
|
Алматы қ. |
7 |
|
|
Астана қ. |
7 |
|
|
Шымкент қ. |
7 |
|
|
Жамбыл |
7 |
жоғары |
|
Жетісу |
7 |
|
|
БҚО |
7 |
|
|
Қостанай |
7 |
|
|
Қызылорда |
7 |
|
|
Маңғыстау |
7 |
|
|
Павлодар |
7 |
|
|
Түркістан |
7 |
|
|
Ұлытау |
7 |
|
|
Қарағанды |
0 |
тиімсіз |
|
СҚО |
0 |
|
Бағалау 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бірқатар бағаланатын мемлекеттік органдарда «e-Өтініш» АЖ Білім базасында ақпарат болмағанын не белгіленген тәртіппен жаңартылмағанын көрсетті.
Ағымдағы есепті кезеңде ««e-Өтініш» АЖ Білім базасына сұраныс» индикаторы бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіштердің төмендеуі байқалады, бұл жекелеген мемлекеттік органдардың ақпараттық базаны толықтыру және уақтылы өзектендіру бойынша жұмысының жеткіліксіз екенін көрсетеді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының есепті кезеңінде 8 орталық мемлекеттік орган Білім базасында ақпаратты орналастыруды немесе уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етпеді.
Сонымен бірге екі органды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар осы индикатор бойынша ақпаратты уақтылы жаңартуды және оны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамасыз ете отырып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Осыған байланысты мемлекеттік органдарға, атап айтқанда Сыртқы істер, Энергетика, Көлік, Су ресурстары және ирригация министрліктеріне, Ұлттық Банкке, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Қаржылық мониторинг, Атом энергиясы жөніндегі агенттіктерге, сондай-ақ Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне Білім базасын тоқсанына кемінде бір рет жаңартуды қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл ретте әрбір есепті тоқсанда кемінде 30 ЖҚС орналастырылуға тиіс.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бірінші тоқсанмен салыстырғанда толтырылған мақалалар санының ең көп төмендеуі мына мемлекеттік органдарда тіркелді: Сыртқы істер министрлігінде – 104 мақаладан 0-ге дейін, Энергетика министрлігінде – 105-тен 29-ға дейін, Көлік министрлігінде – 107-ден 21-ге дейін, Су ресурстары және ирригация министрлігінде – 139-дан 9-ға дейін, Ұлттық Банкте – 5-тен 0-ге дейін, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде – 60-тан 2-ге дейін, Қаржылық мониторинг агенттігінде – 29-дан 7-ге дейін, Атом энергиясы жөніндегі агенттікте – 0-ден 3-ке дейін, сондай-ақ Қарағанды облысының әкімдігінде – 216-дан 11-ге дейін және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде – 129-дан 29 мақалаға дейін.
Өзектендіру келіп түсетін жолданымдар мен азаматтардың жиі қоятын сұрақтарын талдау негізінде, оның ішінде заңнамадағы өзгерістер мен жаңа нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірмелерді уақтылы орналастыру арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Мемлекеттік органдарға ұсыным:
«e-Otinish» білім базасының сұранысын және оны пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдарға оны келіп түсетін жолданымдар мен азаматтардың жиі қоятын сұрақтарын талдау негізінде жүйелі түрде толықтыруды және өзектендіруді қамтамасыз ету ұсынылады. Ақпаратты тоқсанына кемінде бір рет жаңартып, әрбір есепті тоқсанда кемінде 30 жиі қойылатын сұрақты орналастыруды, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістерді, жаңа нормативтік құқықтық актілерді және тиісті түсіндірмелерді уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
Көрсеткіштері төмендеген немесе ақпаратты өзектендіру болмаған мемлекеттік органдарға ерекше назар аударып, орналастырылған материалдардың толықтығы мен өзектілігіне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте ақпаратты уақтылы жаңарту және оны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру есебінен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жергілікті атқарушы органдардың оң тәжірибесін ескеру орынды.
«Халықпен кездесулер»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың халықпен өзара іс-қимылы тиімділігінің дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 4,5 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 3,5-тен 4,4 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 2,5-тен 3,4 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 2,5 балдан төмен (50%-дан төмен). Ең жоғары мүмкін болатын балл – 5 балл.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 12 «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮҚ) сәйкес орталық атқарушы органдардың басшылары халықпен кездесулер өткізу үшін өңірлерге барады.
ҚРҮҚ-ны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен жарты жылда бір рет орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің кестесі (бұдан әрі – Кесте) бекітіледі.
Кездесулер өткізу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына оларды өткізу нәтижелері туралы талдамалық ақпарат ұсынылады.
Анықтама үшін: Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған кездесулерін өткізу кестесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 205-ө өкімімен бекітілген.
Бекітілген Кестеге сәйкес 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен 74 кездесу өткізу жоспарланған.
Анықтама үшін: 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен 114 кездесуі жоспарланған (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7-ө өкімі), бұл ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінен 40 кездесуге көп.
Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер санының азаюы өткен жылдар тәжірибесін талдауды ескере отырып, көшпелі іс-шаралар кестелерін қалыптастыру тәсілдерінің қайта қаралуына байланысты. Кездесулер кестелерінің орындалуына жүргізілген талдау министрліктер жарты жылда 5-7 кездесуді жоспарлаған кезде іс жүзінде тек 2-3 кездесу өткізілгенін көрсетті. Осыған байланысты кестелерді қалыптастыру кезінде тоқсанына орта есеппен 2-3 кездесу өткізуді көздейтін неғұрлым теңгерімді тәсіл қолданылды, бұл іс-шараларды сапалы дайындауды, халықтың өзекті мәселелерін мәні бойынша қарауды және кері байланыстың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, көшпелі іс-шараларды жоспарлау кезінде мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру, оның ішінде іссапар шығыстарын қысқарту жөніндегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаттамалық тапсырмалары ескерілді (2025 жылғы ҚР ПӘ әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісі орынбасарының талдамалық жазбасы).
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ең белсенді қамту Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады, онда 6 кездесуден көзделген. Өңірлердің көпшілігінде іс-шаралар саны 4-тен 5 кездесуге дейін өзгеріп отырады, бұл кестелерді қалыптастыруда біріздендірілген тәсіл қолданылғанын көрсетеді.
Анықтама үшін: 2025 жылы кездесулердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан облысына (9), сондай-ақ Ақмола (8), Қостанай (8) және Шығыс Қазақстан (8) облыстарына тиесілі болды.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
|
Санаты |
|
ЭТРМ |
4,4 |
|
тиімді |
|
ДСМ |
4 |
|
|
|
АШМ |
4 |
|
|
|
СИМ |
4 |
|
|
|
ОАМ |
4 |
|
|
|
ЕХӘҚМ |
4 |
|
|
|
СРИМ |
3,5 |
|
|
|
МАМ |
3 |
|
орташа |
|
ЖИЦДМ |
3 |
|
|
|
Қаржымині |
2,5 |
|
Төмен |
|
БП |
2,29 |
|
|
|
БҚДА |
2,29 |
|
|
|
ҚНРДА |
2,29 |
|
|
|
ҚМА |
2,29 |
|
|
|
ІІМ |
2,29 |
|
|
|
СІМ |
2,29 |
|
|
|
ӘМ |
2,29 |
|
|
|
ҰБ |
2,29 |
|
|
|
МҚІА |
2,29 |
|
|
|
ТЖМ |
2,29 |
|
тиімсіз |
|
СЖРА |
2,29 |
|
|
|
ҚМ |
2,29 |
|
|
|
АЭА |
2,29 |
|
|
|
ЭМ |
2 |
|
|
|
ҒЖБМ |
1 |
|
|
|
ӨҚМ |
0,8 |
|
|
|
КМ |
0,3 |
|
|
|
ТжСМ |
0 |
|
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
Сонымен бірге кездесулердің өңірлік бөлінуін талдау өңірлер арасындағы көшпелі іс-шаралар санының біркелкі еместігін көрсетеді. Жекелеген облыстарда кездесулер саны орташа көрсеткіштерден жоғары болса, бірқатар өңірлерде іс-шаралардың ең аз саны көзделген. Бұл жағдай көшпелі сапарлар кестелерін қалыптастыру ерекшелігімен, жекелеген өңірлерді қайта қамтумен, мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мүмкіндіктерімен, қаралатын мәселелердің өзектілігімен, сондай-ақ жекелеген өңірлердің астанадан аумақтық қашықтығымен байланысты.
Жүргізілген талдау сондай-ақ өңірлер бойынша кездесулер санын айқындаудың бірыңғай тәсілдерінің жоқтығын көрсетеді, соның салдарынан жекелеген кезеңдерде көшпелі іс-шараларды бөлуде диспропорция байқалады.
Анықтама үшін: мысалы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 6 кездесуден өткізілсе, Ұлытау облысында 1 және Маңғыстау облысында 2 кездесу өткізілді.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Жетісу |
4,5 |
тиімді |
|
Ұлытау |
4,3 |
орташа |
|
Шымкент |
4 |
|
|
Ақмола |
4 |
|
|
Қызылорда |
4 |
|
|
Қарағанды |
3,5 |
төмен |
|
Ақтөбе |
2,5 |
|
|
Павлодар |
2,4 |
|
|
Алматы обл. |
2,29 |
|
|
ШҚО |
2,29 |
|
|
БҚО |
2,29 |
|
|
Қостанай |
2,29 |
|
|
Маңғыстау |
2,29 |
тиімсіз |
|
Жамбыл |
2 |
|
|
СҚО |
2 |
|
|
Астана қ. |
1,6 |
|
|
Түркістан |
0,22 |
|
|
Алматы қ. |
0 |
|
|
Абай |
0 |
|
|
Атырау |
0 |
|
Өңірлік қамтуды неғұрлым біркелкі қамтамасыз ету мақсатында мыналар орынды:
- кездесулерді өңірлер арасында бөлудің бірыңғай өлшемшарттарын әзірлеу;
- халық санын, азаматтардың өтініштер санын және өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескеру;
- әрбір өңір үшін кездесулердің ең төмен базалық деңгейін белгілеу;
- ең өзекті проблематикасы бар өңірлерде кездесулер санын ұлғайта отырып, бағдарланған тәсілді қолдану.
- бірнеше есепті кезең ішінде өңірлерді біркелкі қамтуды қамтамасыз ету үшін көшпелі іс-шаралардың ротациялық тетігін көздеу.
Кестенің орындалуына мониторинг жүргізу барысында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған кездесулердің жалпы санынан 33 кездесу өткізілгені анықталды, бұл жалпы санның 44,6%-ын құрады. Өткізілмеген кездесулер саны 55,4%-ды құрады.
Анықтама үшін: 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша министрліктер халықпен жоспарланған 114 кездесудің 51-ін өткізді, бұл жоспарланған кездесулер санының 44,7%-ын құрады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында орталық мемлекеттік органдардың халықпен кездесулер өткізуі туралы ақпаратты талдау қорытындысы бойынша кестенің толық орындалуын Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері қамтамасыз еткені анықталды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт, сондай-ақ Ұлттық экономика министрліктері халықпен жоспарланған бірде-бір кездесуді өткізуді қамтамасыз етпеді.
Сонымен бірге бірқатар мемлекеттік органдарда жоспарланған кездесулерді өткізу ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін көзделгенін атап өткен жөн. Кездесулерді белгіленген мерзімдерде өткізуді қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдар олардың өткізілмеу себептері мен ауыстыру мерзімдерін көрсете отырып, ілеспе хаттар ұсынды.
Кездесулерді ауыстырудың негізгі себептері ретінде мемлекеттік органдар басшылығының жоғары жүктемесі, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға қатысу, басым заңнамалық бастамаларды сүйемелдеу, кадрлық мәселелер, басшылық құрамдағы бос лауазымдардың болуы, сондай-ақ қызметтік іссапарлар көрсетілген.
Кестеге сәйкес министрлердің ең көп сапары Солтүстік Қазақстан облысына – 5 кездесу, Қостанай облысына – 4 кездесу, сондай-ақ Жамбыл және Қарағанды облыстарына – 3 кездесуден тиесілі болды.
Жетісу, Түркістан, Павлодар, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарында халықпен 2 кездесуден өтті.
Ең аз сапар саны – 1 кездесуден – Қызылорда, Маңғыстау және Ақмола облыстарында, Абай облысында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында өтті.
Сонымен бірге есепті кезеңде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Ұлытау облысы және Шымкент қаласы кездесулермен қамтылмады.
Кездесулерді тиімді өткізуді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ҚР ҮҚ 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшін Халықпен кездесулер өткізу тәртібі бекітіліп, орталық атқарушы органдардың назарына жеткізілді (ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 68-НҚ бұйрығы).
Тәртіпте мемлекеттік органдар өңірлерде халықпен кездесулерді өткізуге дейін/өткізу барысында/өткізгеннен кейін басшылыққа алатын талаптар (кездесулерді анонстау, халықтан сұрақтарды алдын ала жинау, БАҚ үшін брифингтер, азаматтарды жеке қабылдау өткізу, проблемалық мәселелер бойынша Іс-қимыл жоспарларын дайындау және кездесулердің онлайн-трансляцияларын ұйымдастыру) көзделген.
Мемлекеттік органдардың аталған талаптарды орындауын талдау мынаны көрсетті.
Біріншісі. Өткізілген 2 кездесу (Атырау, Қостанай облыстары) бойынша анонстарды 2 мемлекеттік орган (СРИМ және Қаржымині) ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде орналастырмаған.
Екіншісі. 5 кездесу бойынша сапарлар шеңберінде азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын 3 мемлекеттік орган жинамаған (2-кестені қараңыз).
2-кесте. Өңірлердегі жекелеген кездесулер бойынша сұрақтар жинауды жүргізбеген мемлекеттік органдар.
|
№ р/с |
ОМО атауы |
Өңірлер |
|
1. |
КМ |
Қарағанды облысы |
|
2. |
ЭМ |
Ақтөбе облысы Жетісу облысы |
|
3. |
СРИМ |
Түркістан облысы, Атырау облысы |
Үшіншісі: Кездесу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауды (қабылданған азаматтардың санын, көтерілген мәселелер санын шешілген және орындауға қабылданған мәселелерге бөліп көрсету) 5 мемлекеттік орган өткізбеген.
3-кесте. Кездесу шеңберінде жеке қабылдау өткізбеген мемлекеттік органдар.
|
№ р/с |
ОМО атауы |
Өңірлер |
|
1. |
КМ |
Қарағанды облысы |
|
2. |
ӨҚМ |
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
3. |
СИМ |
Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Солтүстік Қазақстан облысы |
|
4. |
ЭМ |
Ақтөбе облысы, Жетісу облысы |
|
5. |
Қаржымині |
Ақмола облысы, Қостанай облысы |
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар жеке қабылдаулардың өткізілмеу себебі ретінде өтініш берушілердің болмауын көрсетеді. Сонымен бірге орталық мемлекеттік органдардың көпшілігі азаматтардан келіп түскен мәселелер тізбесін, шешілген мәселелер мен орындауға қабылданған мәселелер санын көрсете отырып, көрсетпейді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша министрлер барлығы 111 жеке қабылдау өткізіп, олардың шеңберінде 255 азамат қабылданды.
Төртіншісі: 5 мемлекеттік орган өңірлерге сапарлар шеңберінде 6 кездесу бойынша БАҚ үшін брифинг өткізуді қамтамасыз етпеді (4-кестені қараңыз).
4-кесте. Өңірлердегі жекелеген кездесулер бойынша БАҚ үшін брифингтер өткізбеген мемлекеттік органдар.
|
№ р/с |
ОАО атауы |
Өңірлер |
|
1. |
ОАМ |
Қостанай облысы |
|
2. |
ЖИЦДМ |
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
3. |
ӨҚМ |
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
4. |
ҒЖБМ |
Алматы қ. |
|
5. |
ЭМ |
Ақтөбе облысы, Жетісу облысы |
Бесіншісі: 7 мемлекеттік органның сайтында Кестеге сәйкес өткізілген 12 кездесу бойынша проблемалық мәселелер тізбесі бар Іс-қимыл жоспарлары жоқ (5-кестені қараңыз).
5-кесте. Кестеге сәйкес өткізілген кездесулер бойынша проблемалық мәселелер тізбесі бар Іс-қимыл жоспарларын сайттарда орналастырмаған мемлекеттік органдар.
|
№ р/с |
ОАО атауы |
Өңірлер |
|
1. |
ЭТРМ |
Жамбыл облысы |
|
2. |
ДСМ |
Абай облысы |
|
3. |
ҒЖБМ |
Алматы қ. |
|
4. |
СИМ |
Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары |
|
5. |
ЭМ |
Ақтөбе облысы |
|
6. |
СРИМ |
Түркістан, Атырау, Жамбыл облыстары |
|
7. |
ҚаржыМині |
Қостанай облысы |
Алтыншысы. 5 мемлекеттік орган 9 сапар бойынша Интернет желісінде (әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда, «YouTube» арқылы және т.б.) халықпен кездесулердің онлайн-трансляциясын ұйымдастырмаған (6-кестені қараңыз).
6-кесте. Халықпен кездесулердің онлайн-трансляциясын өткізбеген мемлекеттік органдар.
|
№ р/с |
ОАО атауы |
Өңірлер |
|
1. |
ОАМ |
Атырау, Қостанай облыстары |
|
2. |
ДСМ |
Абай облысы |
|
3. |
СИМ |
Маңғыстау, Ақтөбе облыстары |
|
4. |
СРИМ |
Түркістан, Атырау облыстары |
|
5. |
ҚаржыМині |
Ақмола, Қостанай облыстары |
Сонымен бірге қолданылу мерзімі өткен онлайн-трансляцияларға жарамсыз сілтемелер бар, өйткені кейбір әлеуметтік желілердің қағидаларына сәйкес эфир тек бір ай ішінде қолжетімді.
Жалпы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен тікелей өзара іс-қимыл тетігінің сақталғанын және мемлекеттік органдардың кездесулер өткізу практикасын жетілдіруге ұмтылысын көрсетеді. Сонымен бірге бекітілген кестенің орындалу деңгейі жеткіліксіз болып қалуда және орындау тәртібін, жоспарлау сапасын және халықпен кері байланыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша ұйымдастырушылық шаралар қабылдауды талап етеді.
Әдістемеде ҚР ҮҚ қолданысына жатпайтын МО санаты көзделген (бағаланатын мемлекеттік орган қалған үш бағалау критерийінің 90%-ына қол жеткізген кезде: «ӘРПК талаптарын орындау», «Ашық Үкімет» критерийлері бойынша 30 балдың 27-сі немесе «Ішкі бақылау және өзін-өзі тәртіпке салу» критерийі бойынша 15 балдың 14-і), оларға қорытынды нәтижеге «Халықпен кездесулер» индикаторының 5 балы қосылады.
Алайда бірінші жартыжылдықта бірде-бір МО аталған өлшемшарттарға қол жеткізген жоқ, осыған байланысты балл қосылмады.
Халықпен кездесулер өткізудің тиімділігін арттыру мақсатында бекітілген кездесулер кестелерінің сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар басшыларының іс-шараларды өткізу мерзімдерін сақтағаны үшін дербес жауапкершілігін күшейту, уәжді негіздемелер ұсына отырып кездесулерді ауыстыруды келісудің міндетті тәртібін белгілеу, сондай-ақ халық санын, азаматтардың өтініштер санын және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, іс-шараларды өңірлер арасында бөлудің бірыңғай өлшемшарттарын әзірлеу орынды. Сонымен қатар Халықпен кездесулер өткізу тәртібі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, проблемалық мәселелер бойынша іс-қимыл жоспарларын мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету, кездесулер қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуына жүйелі мониторинг ұйымдастыру, сондай-ақ онлайн-трансляциялар жазбаларының халық үшін сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Қорытындылай келе, министрлердің халықпен кездесулерін сапалы өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мыналар ұсынылады:
- Орталық атқарушы органдарға:
- аппарат басшылары деңгейінде кездесулерді ұйымдастыру және өткізу сапасы үшін жауапкершілікті күшейту;
- кездесулер өткізу кезінде Тәртіптің барлық талаптарын сақтау және Кестеде көзделген мерзімдерді ұстану;
- министрлердің/вице-министрлердің өңірлерге сапарларын орталық атқарушы органдардың сайттарында ғана емес, жергілікті деңгейде де, әсіресе өңірлік БАҚ-та, танымал пабликтер мен мессенджерлердегі топтарда алдын ала анонстау;
- кездесулер шеңберінде халықты азаматтарды қабылдау орталықтарының (бұдан әрі – АҚО) жұмысы және қызықтыратын мәселелер бойынша, оның ішінде АҚО-ға жеке қабылдауға жазылу мүмкіндігі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
- кездесулер Кестесін қалыптастыру шеңберінде ақпараттық кеңістік мониторингінің және келіп түскен петициялар мен азаматтардың өтініштерін талдау нәтижелерін басшылыққа алу.
- Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне орталық атқарушы органдарға кездесулер өткізу кезінде ақпараттық қолдауды күшейту.
Жалпы, өңірлерде халықпен кездесулер оң әсер береді, билікке деген сенімді нығайтуға, жергілікті жерлердегі нақты проблемаларды анықтауға, халықтың мәселелерін жедел шешуге, азаматтық белсенділік деңгейін арттыруға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпал етеді.
«Аккредиттелмеген коммуникация арналарының болуы»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың халықпен тиімсіз коммуникация арналарын анықтау дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін – 2-ден төмен (50%-дан төмен), орташа деңгей үшін – 2-ден 3,5-ке дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3,6-дан 4,5-ке дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 4,5-тен жоғары (90% және одан жоғары) мән белгіленді. Ең жоғары айыппұл балы – 5 балл.
«Аккредиттелмеген коммуникация арналарының болуы» критерийі бойынша бағалау мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылының ашықтығы мен реттелуін арттыруға, сондай-ақ тиімсіз және бейресми байланыс арналарын оңтайландыруды және алып тастауды ынталандыруға бағытталған.
Оны енгізу мемлекеттік органдарды кері байланыс арналарын оңтайландыруға, қайталанатын, тиімсіз және бейресми алаңдарды алып тастауға, сондай-ақ коммуникациялық ресурстарды аккредиттеу бойынша белгіленген талаптарды сақтауға ынталандырады.
Бағалау мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты Аккредиттелген коммуникация арналары тізілімінің деректерімен салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады. Аккредиттелмеген коммуникация арналарын пайдалану фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік органдарға «Халықпен кері байланыс» критерийі шеңберінде айыппұл балдары есептеледі.
Бағалау жүргізу кезінде ОМО-ның, олардың ведомстволық және аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ЖАО-ның Аккредиттелген коммуникация арналары тізіліміне енгізілген коммуникация арналары ғана ескеріледі. Аталған Тізілімге енгізілмеген арналар олардың іс жүзінде пайдаланылу фактісіне қарамастан аккредиттелмеген деп қаралады.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
|
Санаты |
|
БП |
0 |
|
жоғары |
|
ҰБ |
0 |
|
|
|
ҚНРДА |
0 |
|
|
|
ІІМ |
0 |
|
|
|
СРИМ |
0 |
|
|
|
ДСМ |
0 |
|
|
|
ҒЖБМ |
0 |
|
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
|
ҚМ |
0 |
|
|
|
Қаржымині |
0 |
|
|
|
ЖИЦДМ |
0 |
|
|
|
ЭТРМ |
0 |
|
|
|
ТЖМ |
0 |
|
|
|
АЭА |
1 |
|
|
|
СЖРА |
1 |
|
|
|
БҚДА |
1 |
|
|
|
МҚІА |
2 |
|
орташа |
|
ҚМА |
2 |
|
|
|
СІМ |
2 |
|
|
|
ЭМ |
2 |
|
|
|
МАМ |
3 |
|
|
|
ОАМ |
3 |
|
|
|
АШМ |
3 |
|
|
|
СИМ |
3 |
|
|
|
КМ |
3 |
|
|
|
ӨҚМ |
4 |
|
төмен |
|
ТжСМ |
4 |
|
|
|
ЕХӘҚМ |
5 |
|
|
|
ӘМ |
5 |
|
тиімсіз |
Жоғары бағалау деңгейіне Бас прокуратура, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ішкі істер, Су ресурстары және ирригация, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім, Ұлттық экономика, Қорғаныс, Қаржы, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктері, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қол жеткізді. ЖАО арасында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері коммуникация арналарын аккредиттеу талаптарын сақтаудың жоғары деңгейін көрсетіп, көшбасшы орындарға ие болды.
Мәселен, Сауда және интеграция министрлігінде 20 коммуникация арнасы жұмыс істейді, олардың тек 6-уы Аккредиттелген арналар тізіліміне енгізілген. Аккредиттелген арналардың болуы аккредиттелмеген арналардың елеулі үлесіне қарамастан, белгіленген талаптарға сәйкестіктің ең төмен қажетті деңгейін қамтамасыз етуге және көрсеткішті орташа деңгейде сақтауға мүмкіндік берді.
Талдау бірқатар мемлекеттік органдарда аккредиттелмеген коммуникация арналарының едәуір санын анықтады. Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2 аккредиттелген арна болған кезде 30 аккредиттелмеген арна жұмыс істейді; Әділет министрлігінде 6 аккредиттелген арна болған кезде 27 аккредиттелмеген арна анықталған; Туризм және спорт министрлігінде аккредиттелген арналар мүлдем болмаған кезде 20-дан астам аккредиттелмеген арна анықталған.
Аталған көрсеткіштер коммуникациялық қызметті жүйелеу және оны аккредиттеу бойынша белгіленген талаптарға сәйкестендіру қажеттігін көрсетеді.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Ақмола |
0 |
жоғары |
|
ШҚО |
0 |
|
|
Алматы қ. |
0 |
|
|
Астана қ. |
0 |
|
|
Жамбыл |
0 |
|
|
Жетісу |
0 |
|
|
БҚО |
0 |
|
|
Қызылорда |
0 |
|
|
Маңғыстау |
0 |
|
|
Павлодар |
0 |
|
|
Түркістан |
0 |
|
|
Ұлытау |
0 |
|
|
Абай |
5 |
|
|
Ақтөбе |
5 |
|
|
Алматы обл. |
5 |
|
|
Атырау |
5 |
|
|
Шымкент қ. |
5 |
|
|
Қарағанды |
5 |
тиімсіз |
|
Қостанай |
5 |
|
|
СҚО |
5 |
|
Осы индикатор бойынша ЖАО жұмысының тиімділігі ОМО-мен салыстырғанда төмен болып қалуда: 8 ЖАО 5 айыппұл балдан алды, бұл Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникация арналары тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды аккредиттеу қағидалары талаптарының сақталмағанын көрсетеді (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығы).
Атап айтқанда, аккредиттелмеген коммуникация арналарының едәуір саны мына әкімдіктерде анықталды: Абай облысы – 149, Ақтөбе облысы – 92, Алматы облысы – 109, Атырау облысы – 45, Қарағанды облысы – 94, Қостанай облысы – 99, Солтүстік Қазақстан облысы – 97, Шымкент қаласы – 30.
2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ағымдағы есепті кезеңде Төтенше жағдайлар министрлігінің, Павлодар, Жетісу, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Алматы қаласы әкімдіктерінің көрсеткіштері пайдаланылатын коммуникация арналарын аккредиттеуге байланысты жақсарды.
Сонымен бірге алынған нәтижелер коммуникация арналарын түгендеу және есепке алу, сондай-ақ оларды аккредиттеу бойынша белгіленген талаптарға уақтылы сәйкестендіру бөлігінде жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетеді.
Мемлекеттік органдарға ұсыным:
Халықпен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және коммуникация арналарын аккредиттеу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға пайдаланылатын коммуникация арналарына толық түгендеу жүргізіп, кейіннен оларды Аккредиттелген коммуникация арналары тізілімінің деректерімен салыстыру ұсынылады.
Аккредиттелмеген коммуникация арналары бар мемлекеттік органдар олардың уақтылы аккредиттелуін не одан әрі пайдалану қажеттілігі болмаған жағдайда ресми ақпараттық ресурстардан алып тасталуын қамтамасыз етуі қажет. Ең жоғары айыппұл балдарын алған ЖАО-ға және аккредиттелмеген арналарының үлесі жоғары мемлекеттік органдарға ерекше назар аудару қажет.
Бұдан басқа, коммуникация арналарының өзектілігі мен мәртебесіне тұрақты мониторинг белгілеу, оларды есепке алу және аккредиттеу үшін жауапты лауазымды тұлғаларды айқындау, сондай-ақ тиісті Тізілімге енгізілмеген арналарды пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз ету ұсынылады. Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік органдардың коммуникациялық ресурстарын жүйелеуге, қайталанатын және тиімсіз арналарды алып тастауға және халықпен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
«ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ТӘРТІП»
ӘДІСТЕМЕ
Балдардың ең жоғары саны 15-ті құрайды, қосымша 7 ынталандыру балы есептелуі мүмкін.
«Ішкі бақылау және өзіндік тәртіп» критерийі бойынша жалпы балл мынадай индикаторлар бойынша балдарды қосу арқылы айқындалады:
1) ««Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ-ның 16-бабына сәйкес ресми интернет-ресурсты толтыру»: Индикатор бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдарды ресми интернет-ресурста ақпаратты орналастыруға және өзектендіруге ынталандыруға бағытталған.
Бағалау бағалауға уәкілетті орган жүргізген мониторинг нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Ең жоғары балл – 6.
2) «Шағымдар мен арыздарды қарау сапасын ішкі бақылау»: Индикатор бойынша бағалау шағымдарды қарау сапасына ішкі бақылау жүйесін құру бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін айқындауға бағытталған. Ең жоғары балл – 9.
3) ««Жасырын «Мемлекеттік қызметтерді анықтау» ынталандыру индикаторы бойынша бағалау мемлекеттік функцияларды іске асыру шеңберінде біртектес жолданымдарды анықтауға және оларды стандарттауға бағытталған.
Орталық мемлекеттік орган анықтаған әрбір «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет фактісі үшін 1 балл беріледі, бұл ретте мына талаптар сақталған жағдайда балдардың ең жоғары жалпы саны жиынтығында 7 балдан аспауға тиіс:
- анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген немесе:
- анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ведомствоаралық комиссияның шешімімен мақұлданған.
Жергілікті атқарушы орган анықтаған әрбір «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет фактісі үшін 1 балл беріледі, бұл ретте мына талап сақталған жағдайда балдардың ең жоғары жалпы саны жиынтығында 7 балдан аспауға тиіс:
- анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет құзыреті бойынша тиісті орталық мемлекеттік орган, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан қолдау тапқан.
«Ішкі бақылау және өзіндік тәртіп» критерийі бойынша бағалау нәтижелеріне сәйкес балдардың бөлінуі төмендегідей ұсынылған.
Жергілікті атқарушы органдар арасында жоғары бағалау деңгейін Астана қаласының, Ақмола, Жамбыл облыстарының, Жетісу облысының, Батыс Қазақстан облысының әкімдіктері көрсетті.
Жоғары бағалау деңгейін көрсеткен жергілікті атқарушы органдардың үлесі 25%-ды құрады, бұл тиісті өңірлерде ішкі бақылау жүйесі мен ұйымдастырушылық тәртіптің қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз екенін көрсетеді.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана қ. |
19 |
А |
|
Ақмола |
17 |
А |
|
Жамбыл |
15 |
А |
|
Жетісу |
15 |
А |
|
БҚО |
15 |
А |
|
Қарағанды |
14,22 |
B |
|
Алматы обл. |
14 |
В |
|
Қостанай |
14 |
В |
|
Қызылорда |
14 |
В |
|
Павлодар |
14 |
В |
|
СҚО |
14 |
В |
|
Түркістан |
13,67 |
В |
|
Ақтөбе |
13 |
В |
|
Абай |
12,8 |
В |
|
Алматы қ. |
12 |
В |
|
Атырау |
11,5 |
В |
|
ШҚО |
11 |
|
|
Маңғыстау |
10 |
В |
|
Ұлытау |
9 |
В |
|
Шымкент қ. |
5 |
С |
Орталық мемлекеттік органдар арасында Ішкі бақылау және өзіндік тәртіп ең жоғары деңгейін Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері көрсетті.
Жалпы, орталық мемлекеттік органдардың тек 10%-ы осы критерий бойынша жоғары баға алды, бұл ішкі бақылау жүйесінің қалыптасуы мен ұйымдастырушылық рәсімдердің тиімділігі жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Бағалау қорытындысы бойынша «Ішкі бақылау және өзіндік тәртіптің төмен деңгейі» санаты мына мемлекеттік органдарға берілді: Мемлекеттік қызмет істері, Атом энергиясы жөніндегі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктері, Энергетика, Ішкі істер, Әділет, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Ғылым және жоғары білім, Өнеркәсіп және құрылыс, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция министрліктері, Ұлттық Банк, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдігі.
2025 жылғы бағалау қорытындысы бойынша бірде-бір ОМО және ЖАО-да «Ішкі бақылау және өзіндік тәртіп» критерийі бойынша төмен деңгей анықталмаған. Алайда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша нәтижелердің нашарлауы тіркелді: төмен бағалау деңгейін 15 ОМО және 1 ЖАО көрсетті.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
ДСМ |
15,33 |
А |
|
ТЖМ |
15,33 |
А |
|
ЖИЦДМ |
15,25 |
А |
|
СРИМ |
14,67 |
В |
|
ҚМА |
13,8 |
В |
|
Қаржымині |
13,67 |
В |
|
БП |
13,5 |
В |
|
МАМ |
13,17 |
В |
|
СІМ |
12,14 |
В |
|
КМ |
12 |
В |
|
ҚНРДА |
11 |
В |
|
СЖРА |
10,5 |
В |
|
ҚМ |
9 |
В |
|
ТжСМ |
9 |
В |
|
МҚІА |
7,8 |
С |
|
ЭМ |
7,6 |
С |
|
ІІМ |
7 |
С |
|
ӘМ |
7 |
С |
|
ҰЭМ |
6 |
С |
|
АШМ |
6 |
С |
|
ҰБ |
6 |
С |
|
ҒЖБМ |
5,5 |
С |
|
ӨҚМ |
5,33 |
С |
|
ОАМ |
5,33 |
С |
|
АЭА |
5 |
С |
|
СИМ |
5 |
С |
|
ЕХӘҚМ |
4,71 |
С |
|
ЭТРМ |
4,71 |
С |
|
БҚДА |
3,5 |
С |
««Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ-ның 16-бабына сәйкес ресми интернет-ресурсты толықтыру»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың ресми интернет-ресурста ақпаратты орналастыру және өзектендіру жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 5,4 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 4,2-ден 5,3 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3-тен 4,1 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 3 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
««Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ресми интернет-ресурсты толықтыру» индикаторы бойынша бағалау мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың өзекті әрі толық ақпаратқа ашық қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған индикатор мемлекеттік органдарды заңнама талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурстарда ақпаратты уақтылы орналастыруға және тұрақты жаңартуға ынталандыруға бағытталған.
Бағалау уәкілетті орган жүргізетін мониторинг нәтижелері негізінде қалыптастырылады. Осылайша, аталған индикаторды іске асыру азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтуға және мемлекет пен қоғам арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл сапасын арттыруға ықпал етеді.
Орталық деңгейде жоғары бағалау деңгейі Әділет, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация, Қаржы, Ғылым және жоғары білім министрліктерінде байқалды.
Осы индикатор бойынша төмен бағалау деңгейі бар санатқа Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдіктері кірді.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында салалық статистикалық деректерді қамтитын бөлім жоқ, сондай-ақ жүргізілген тексерулердің нәтижелері және тиісті бұйрықтар туралы өзекті ақпарат орналастырылмаған.
2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ағымдағы есепті кезеңде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің көрсеткіші орташа деңгейден тиімсіз деңгейге дейін төмендеді, ал Сыртқы істер министрлігі төмен бағалау деңгейін сақтап қалды.
Сонымен бірге орталық мемлекеттік органдардың тек 20,6%-ы және жергілікті атқарушы органдардың 35%-ы жоғары бағалау деңгейін көрсетті, бұл ресми интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру және уақтылы өзектендіру бойынша жұмыстың жеткіліксіз тиімділігін көрсетеді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
ӘМ |
6 |
жоғары |
|
ҰЭМ |
6 |
|
|
АШМ |
6 |
|
|
СРИМ |
5,67 |
|
|
Қаржымині |
5,67 |
|
|
ҒЖБМ |
5,5 |
|
|
ТЖМ |
5,33 |
орташа |
|
КМ |
5 |
|
|
ТжСМ |
5 |
|
|
ІІМ |
5 |
|
|
ҚМ |
5 |
|
|
АЭА |
5 |
|
|
СИМ |
5 |
|
|
ҚМА |
4,8 |
|
|
ЕХӘҚМ |
4,71 |
|
|
ЭТРМ |
4,71 |
|
|
ЭМ |
4,6 |
|
|
ДСМ |
4,33 |
|
|
ӨҚМ |
4,33 |
|
|
ОАМ |
4,33 |
|
|
ЖИЦДМ |
4,25 |
|
|
МАМ |
4,17 |
төмен |
|
ҚНРДА |
4 |
|
|
МҚІА |
3,8 |
|
|
БП |
3,5 |
|
|
БҚДА |
3,5 |
|
|
СІМ |
3,14 |
|
|
ҰБ |
3 |
|
|
СЖРА |
1,5 |
тиімсіз |
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана |
6 |
жоғары |
|
Ақмола |
6 |
|
|
Жамбыл |
6 |
|
|
Жетісу |
6 |
|
|
БҚО |
6 |
|
|
Қызылорда |
6 |
|
|
СҚО |
6 |
|
|
Алматы обл. |
5 |
орташа |
|
Қостанай |
5 |
|
|
Павлодар |
5 |
|
|
Шымкент |
5 |
|
|
Түркістан |
4,67 |
|
|
Ақтөбе |
4 |
төмен |
|
Алматы |
4 |
|
|
Абай |
3,8 |
|
|
Атырау |
3,5 |
|
|
Қарағанды |
3,22 |
|
|
ШҚО |
2 |
тиімсіз |
|
Маңғыстау |
1 |
|
|
Ұлытау |
1 |
|
Өңірлік деңгейде жоғары бағалау деңгейі Астана қаласының, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары және Жетісу облысының әкімдіктерінде байқалды.
Бағалау Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында бюджет қаражатын пайдалану туралы өзекті ақпарат пен салалық статистикалық деректердің жоқ екенін анықтады. Бұдан басқа, жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат орналастырылмаған.
Сондай-ақ Ұлытау облысы және Маңғыстау облысы әкімдіктерінің интернет-ресурстарында өзекті байланыс деректері, бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпарат, жүргізілген тексерулердің нәтижелері, сондай-ақ салалық статистикалық деректер жоқ.
2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдіктері тиімсіз бағалау деңгейін сақтап қалды, ал Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көрсеткіші жоғары деңгейден тиімсіз деңгейге төмендеді.
Сонымен бірге 2025 жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ағымдағы есепті кезеңде Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ғылым және жоғары білім министрліктері, сондай-ақ Астана қаласының, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері жоғары бағалау деңгейін сақтап қалды, бұл олардың қызметінің тұрақты тиімділігін көрсетеді.
Ұсыным:
Төмен және тиімсіз бағалау деңгейі бар мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 16-бабының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурстарды толықтыру және уақтылы өзектендіру бойынша жүйелі жұмысты, оның ішінде өзекті байланыс деректерін, салалық статистикалық деректерді, бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпаратты, сондай-ақ жүргізілген тексерулердің нәтижелері мен тиісті құжаттарды орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылады. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға және орналастырылатын ақпараттың толықтығы мен өзектілігіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.
«Шағымдар мен арыздарды қарау сапасын ішкі бақылау»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың арыздар мен шағымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 8,1 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 6,3-тен 8 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 4,5-тен 6,2 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 4,5 балдан төмен (50%-дан төмен) мән белгіленді.
«Шағымдар мен арыздарды қарау сапасын ішкі бақылау» индикаторы бойынша бағалау мемлекеттік органдардың ішкі бақылау жүйесін құру бойынша қабылдайтын шараларының тиімділігін айқындауға бағытталған. Бағалауды есептеу белгіленген мерзімдерді бұза отырып қаралған немесе қайта жолданған шағымдар мен арыздардың жалпы санындағы жауапкершілікке тартылған тұлғалардың үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
Көрсеткішті есептеу көздері мемлекеттік органдардың деректері, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар және жол берілген бұзушылықтарды (іркілістерді) тіркейтін актілер болып табылады.
Мемлекеттік органды осы индикатор бойынша бағалау кезінде белгіленген мерзімді бұза отырып қаралған немесе қайта жолданған шағымдар мен арыздар санына арақатынаста тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері ескерілді.
Бұл ретте объективті себептер бойынша жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған жағдайлар (тәртіптік комиссия қорытындысының болуы, лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуы және өзге де мән-жайлар) ескерілмеді.
Осы индикатор бойынша бағалаудың тиімсіз деңгейі бар санатқа Қорғаныс министрлігі (шағымдар мен арыздарды қарау және қайта жолдау мерзімдерін бұзудың 32 жағдайының 20-сы бойынша шаралар қабылданған), Денсаулық сақтау министрлігі (44 бұзушылықтың 28-і бойынша), Оқу-ағарту министрлігі (23 бұзушылықтың 13-і бойынша), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (77 бұзушылықтың 0-і), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (1 бұзушылықтың 0-і), Атом энергиясы жөніндегі агенттік (1 бұзушылықтың 0-і), Ұлттық Банк (2 бұзушылықтың 0-і), Ішкі істер министрлігі (350 бұзушылықтың 133-і бойынша), Ұлттық экономика министрлігі (7 бұзушылықтың 1-і бойынша), Көлік министрлігі (16 бұзушылықтың 7-еуі бойынша), Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (40 бұзушылықтың 6-уы бойынша), Ғылым және жоғары білім министрлігі (117 бұзушылықтың 0-і), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (106 бұзушылықтың 13-і бойынша), Ауыл шаруашылығы министрлігі (36 бұзушылықтың 0-і), Энергетика министрлігі (12 бұзушылықтың 2-еуі бойынша), Әділет министрлігі (225 бұзушылықтың 18-і бойынша), Сауда және интеграция министрлігі (10 бұзушылықтың 1-еуі бойынша), Экология және табиғи ресурстар министрлігі (18 бұзушылықтың 0-і), сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі (2 бұзушылықтың 0-і) жатқызылды.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
|
БП |
9 |
жоғары |
|
|
ҚМА |
9 |
||
|
СЖРА |
9 |
||
|
СІМ |
9 |
||
|
МАМ |
9 |
||
|
ТЖМ |
9 |
||
|
СРИМ |
9 |
||
|
Қаржымині |
8 |
орташа |
|
|
ҚНРДА |
6 |
төмен |
|
|
ЖИЦДМ |
6 |
||
|
ҚМ |
4 |
тиімсіз |
|
|
ДСМ |
4 |
||
|
ОАМ |
1 |
|
|
|
МҚІА |
0 |
|
|
|
БҚДА |
0 |
|
|
|
АЭА |
0 |
|
|
|
ҰБ |
0 |
|
|
|
ІІМ |
0 |
|
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
|
КМ |
0 |
|
|
|
ӨҚМ |
0 |
|
|
|
ҒЖБМ |
0 |
|
|
|
ЕХӘҚМ |
0 |
|
|
|
АШМ |
0 |
|
|
|
ЭМ |
0 |
|
|
|
ӘМ |
0 |
|
|
|
СИМ |
0 |
|
|
|
ЭТРМ |
0 |
|
|
|
ТжСМ |
0 |
|
|
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Астана қ. |
9 |
жоғары |
|
Абай |
9 |
|
|
Ақмола |
9 |
|
|
Ақтөбе |
9 |
|
|
Алматы обл. |
9 |
|
|
ШҚО |
9 |
|
|
Жамбыл |
9 |
|
|
Жетісу |
9 |
|
|
БҚО |
9 |
|
|
Қарағанды |
9 |
|
|
Қостанай |
9 |
|
|
Маңғыстау |
9 |
|
|
Павлодар |
9 |
|
|
Түркістан |
9 |
|
|
Алматы қ. |
8 |
орташа |
|
Атырау |
8 |
|
|
Қызылорда |
8 |
|
|
СҚО |
8 |
|
|
Ұлытау |
8 |
|
|
Шымкент қ. |
0 |
тиімсіз |
Осы индикатор бойынша жоғары бағалау деңгейі бар көшбасшылар қатарына: Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Төтенше жағдайлар, Су ресурстары және ирригация министрліктері кірді.
2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы индикатор бойынша көрсеткіші жоғары деңгейдегі ЖАО үлесі 40%-дан 70%-ға дейін өсті.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бағалаумен салыстырғанда ең көп нашарлау ОМО арасында байқалады: «Шағымдар мен арыздарды қарау сапасын ішкі бақылау» индикаторы бойынша төмен бағалау деңгейі бар санатқа жатқызылған ОМО үлесі 41%-дан 65%-ға дейін өсті.
Бұл ретте 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бағалаумен салыстырғанда ЖАО нәтижелерінде жақсару байқалады. Егер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жоғары бағалау деңгейі 8 ЖАО-да тіркелсе, ағымдағы есепті кезеңде олардың саны 14-ке дейін өсті.
Сонымен бір мезгілде тиімсіз бағалау деңгейі бар органдар саны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 10-нан ағымдағы есепті кезеңде 1-ге дейін қысқарды.
ЖАО арасында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімдігі тиімсіз бағалау деңгейін көрсетті және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша осы позицияны сақтап қалды.
ЖАО арасында Астана қаласының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерін растай отырып, жоғары бағалау деңгейін сақтап қалды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бағалаумен салыстырғанда Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің нәтижелері төмендеді.
Сонымен бірге Қостанай, Павлодар, Түркістан, Атырау, Қарағанды, Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдіктері нәтижелерін жақсартты.
Ұсыным:
Төмен және тиімсіз бағалау деңгейі бар ОМО және ЖАО-ға шағымдар мен арыздарды қарау және қайта жолдаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылау жүйесін күшейту, жол берілген бұзушылықтардың себептерін уақтылы анықтауды және жоюды, сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғаларға заңнамада көзделген тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органдардың басшылары мерзімдерді бұзу себептеріне жүйелі талдау жүргізуді, жолданымдарды қарау сапасына тұрақты мониторингті және қабылданған шаралардың орындалуын бақылауды, оның ішінде қайталама бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қамтамасыз етуі қажет.
Анықталған бұзушылықтар саны елеулі болған кезде кінәлі тұлғаларға жауапкершілік шаралары қабылданбаған немесе жағдайлардың болмашы бөлігінде ғана қабылданған ОМО-ға ерекше назар аудару қажет, бұл ішкі бақылаудың нәтижелілігіне теріс әсер етеді.
««Жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау» ынталандыру индикаторы бойынша бағалау»
Индикатор бойынша бағалау 29 ОМО және 20 ЖАО бойынша жүргізілді, олардың жолданымдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметінің тиімділік дәрежесі төрт топқа жіктелді: жоғары деңгей үшін 6,3 балл және одан жоғары (90% және одан жоғары), орташа деңгей үшін – 4,9-дан 6,2 балға дейін (70%-дан 89,9%-ға дейін), төмен деңгей үшін – 3,5-тен 4,8 балға дейін (50%-дан 69,9%-ға дейін), тиімсіз деңгей үшін – 3,5 балдан төмен (50%-дан төмен). Ең жоғары мүмкін болатын балл – 7 балл.
««Жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау» ынталандыру индикаторы бойынша бағалау біртектес жолданымдарды анықтауға және оларды мемлекеттік функцияларды іске асыру шеңберінде кейіннен стандарттауға бағытталған.
ОМО «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметті анықтаған әрбір факт үшін 1 балл беріледі. Бұл ретте мына талаптардың бірі сақталған жағдайда балдардың жалпы саны 7-ден аспауға тиіс:
- анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген;
- тұжырым дұрыс, алайда ресми құжат үшін оны сәл нақтылап, аяқталған түрде берген дұрыс.
Жергілікті атқарушы орган «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметті анықтаған әрбір факт үшін 1 балл беріледі. Бұл ретте мына талап сақталған жағдайда балдардың жалпы саны 7-ден аспауға тиіс:
- анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет құзыреті бойынша тиісті орталық мемлекеттік органмен, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен не Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісілген.
Келіп түскен жолданымдарды талдау негізінде (жолданымдардың жоғары жиілігі мен біртектестігі сияқты белгілер бойынша) «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау оларды стандарттауға және процестерді регламенттеуге ықпал етеді, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар қызметінің арыз иелері үшін ашықтығы мен болжамдылығын арттырады.
Бұдан басқа, нақты және ашық рәсімдер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және билік органдары мен халықтың өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын мәселелер тізбесін кеңейтуге ықпал етеді.
Мұндай тәсіл мыналарға ықпал етеді:
– жүйелі проблемаларды анықтау және жою есебінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға;
– бюрократиялық жүктемені төмендетуге және халықтың жолданымдарын өңдеуді жеделдетуге;
– негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректер массивтерін қалыптастыруға.
Бағаланатын кезеңде 12 ОМО (КМ, ЖИЦДМ, МҚІА, ДСМ, ӘМ, ҚНРДА, ӨҚМ, ЭМ, ТЖМ, БП, ҰБ, КМ) және 2 жергілікті атқарушы орган (Астана қаласы, Ақмола облысы) 91 «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметті анықтады, олардың 41-і қолдау тауып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.
Осы индикатор бойынша ынталандыру балдарының ең жоғары санын Денсаулық сақтау министрлігі (анықталған 12 «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет), Көлік министрлігі (12), Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (5), Туризм және спорт министрлігі (4), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (4), Энергетика министрлігі (3), Ұлттық Банк (3), Ішкі істер министрлігі (2), Төтенше жағдайлар министрлігі (1), Бас прокуратура (1), Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (1), Әділет министрлігі (1), Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (1), сондай-ақ Астана қаласының (4), Ақмола облысының (2) әкімдіктері алды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы осы бағыттағы жұмыс нәтижелерінің теріс динамикасы байқалатынын атап өткен жөн. Егер алдыңғы кезеңде бағалауға 16 мемлекеттік орган қатысса, ағымдағы кезеңде – 14. Есепті жартыжылдықта «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің аз саны анықталды. Салыстыру үшін, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 69 қызмет енгізілген. Аталған динамика осы бағыттағы жұмыстың нәтижелілігінің төмендегенін, сондай-ақ тиісті индикаторды қолдану тиімділігінің азайғанын көрсетеді.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
|
Санаты |
|
ДСМ |
7 |
|
жоғары |
|
КМ |
7 |
|
|
|
ЖИЦДМ |
5 |
|
орташа |
|
ТжСМ |
4 |
|
|
|
МҚІА |
4 |
|
төмен |
|
ЭМ |
3 |
|
|
|
ҰБ |
3 |
|
|
|
ІІМ |
2 |
|
тиімсіз |
|
ТЖМ |
1 |
|
|
|
БП |
1 |
|
|
|
ҚНРДА |
1 |
|
|
|
ӘМ |
1 |
|
|
|
ӨҚМ |
1 |
|
|
|
СРИМ |
0 |
|
|
|
ҚМА |
0 |
|
|
|
Қаржымині |
0 |
|
|
|
МАМ |
0 |
|
|
|
СІМ |
0 |
|
|
|
СЖРА |
0 |
|
|
|
ҚМ |
0 |
|
|
|
ҰЭМ |
0 |
|
|
|
АШМ |
0 |
|
|
|
ҒЖБМ |
0 |
|
|
|
ОАМ |
0 |
|
|
|
АЭА |
0 |
|
|
|
СИМ |
0 |
|
|
|
ЕХӘҚМ |
0 |
|
|
|
ЭТРМ |
0 |
|
|
|
БҚДА |
0 |
|
|
Қалған ОМО және ЖАО «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтаған жоқ.
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
||
|
Астана қ. |
4 |
төмен |
||
|
Ақмола |
2 |
|
||
|
Қарағанды |
2 |
|
||
|
Жамбыл |
0 |
|
||
|
Жетісу |
0 |
|
||
|
БҚО |
0 |
|
||
|
Алматы обл. |
0 |
|
||
|
Қостанай |
0 |
|
||
|
Қызылорда |
0 |
|
||
|
Павлодар |
0 |
|
||
|
СҚО |
0 |
|
||
|
Түркістан |
0 |
|
||
|
Ақтөбе |
0 |
|
||
|
Абай |
0 |
|
||
|
Алматы қ. |
0 |
|
||
|
Атырау |
0 |
|
||
|
ШҚО |
0 |
|
||
|
Маңғыстау |
0 |
|
||
|
Ұлытау |
0 |
|
||
|
Шымкент қ. |
0 |
|
||
|
|
|
|||
|
|
||||
|
|
||||
Аталған индикатор мемлекеттік органдардың «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетінше анықтауға қызығушылығын арттыруға бағытталғанына назар аудару қажет.
Ұсыным:
ОМО және ЖАО азаматтар мен ұйымдардан келіп түсетін жолданымдарды, оның ішінде өтініштердің жиілігі мен біртектестігін ескере отырып, жүйелі талдау арқылы «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетінше анықтау жөніндегі жұмысты күшейтіп, кейіннен анықталған қызметтерді стандарттауды және регламенттеуді қамтамасыз етуі қажет.
Анықталған «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді келісу және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы жұмыстың нәтижелілігіне ішкі мониторинг белгілеу.
Мемлекеттік органдардың «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтауға қызығушылығын арттыру мақсатында осы индикаторды қолдануды әдістемелік сүйемелдеуді күшейту және органдардың мұндай қызметтерді анықтау және кейіннен заңдастыру жөніндегі жұмыс нәтижелерін объективті есепке алуды қамтамасыз ету орынды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 29 орталық мемлекеттік орган мен 20 жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау азаматтардың жолданымдарымен жұмыс істеудің және халықпен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша әркелкі динамиканы көрсетті.
Нәтижелерге сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ешқайсысы Ашықтық индексі бойынша «ААА» көрсеткішіне (95-тен 100 балға дейін) қол жеткізген жоқ.
Жергілікті атқарушы органдар арасында «АА» көрсеткішін (90–94 балл) Жамбыл, Ақмола және Жетісу облыстарының әкімдіктері, сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі көрсетті.
Бағалау қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында Ашықтық индексінің «АА» көрсеткіші (90–94 балл) бірде-бір мемлекеттік органға берілген жоқ.
Орталық мемлекеттік органдар арасында ең төмен нәтижелер БҚДА, ҰЭМ, ЕХӘҚМ, ҰБ, ӘМ, ЭМ-де тіркелді (әрқайсысына «B» деңгейі берілді).
Жергілікті атқарушы органдар арасында ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласының әкімдігінде байқалды.
Бағалаудың тиімсіз деңгейі бар санат бірде-бір орталық мемлекеттік органға және бірде-бір жергілікті атқарушы органға берілген жоқ.
ОМО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
БП |
89,57 |
А |
|
МАМ |
86,98 |
|
|
Қаржымині |
86,06 |
|
|
ДСМ |
85,23 |
|
|
ЖИЦДМ |
82,47 |
ВВВ |
|
ҚМ |
81,44 |
|
|
ҚНРДА |
80,64 |
|
|
СРИМ |
80,37 |
|
|
ЭТРМ |
76,95 |
ВВ
|
|
ҒЖБМ |
75,91 |
|
|
АШМ |
74,74 |
|
|
СІМ |
73,43 |
|
|
ТЖМ |
72,97 |
|
|
АЭА |
72,56 |
|
|
ТжСМ |
72,14 |
|
|
ҚМА |
72,09 |
|
|
СИМ |
71,8 |
|
|
КМ |
70,67 |
|
|
ӨҚМ |
70,2 |
|
|
СЖРА |
70,12 |
|
|
ОАМ |
69,57 |
|
|
ІІМ |
68,61 |
|
|
МҚІА |
68,34 |
|
|
БҚДА |
67,88 |
В |
|
ҰЭМ |
67,75 |
|
|
ЕХӘҚМ |
64,51 |
|
|
ҰБ |
63,64 |
|
|
ӘМ |
63,22 |
|
|
ЭМ |
61,41 |
ЖАО бөлінісіндегі балдардың бөлінуі
|
Атауы |
Балл |
Санаты |
|
Жамбыл |
93,76 |
АА |
|
Ақмола |
92,54 |
|
|
Жетісу |
92,11 |
|
|
Астана қ. |
91,43 |
|
|
Павлодар |
89,72 |
А |
|
Қызылорда |
88,93 |
|
|
БҚО |
87,55 |
|
|
ШҚО |
81,61 |
ВВВ |
|
Ақтөбе |
81,46 |
|
|
Абай |
81,15 |
|
|
Түркістан |
80,31 |
|
|
Ұлытау |
80,07 |
|
|
Қарағанды |
80,01 |
|
|
Алматы обл. |
77,68 |
ВВ |
|
Маңғыстау |
76,59 |
|
|
СҚО |
75,66 |
|
|
Алматы қ. |
74,82 |
|
|
Қостанай |
72,67 |
|
|
Атырау |
68,46 |
|
|
Шымкент қ. |
64,91 |
В |
Оң нәтижелерге бірінші басшылардың белсенділігінің артуын жатқызуға болады: жеке қабылдаулардың үлесі 30,45%-дан 33,6%-ға дейін өсті. ЖАО-дағы ішкі бақылау көрсеткіштері едәуір жақсарды: жоғары бағалау деңгейі бар органдардың үлесі 40%-дан 70%-ға дейін өсті, ал тиімсіз деңгейдегі ЖАО саны 10-нан 1-ге дейін қысқарды.
Оң динамика сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдарда жолданымдарды қарау мерзімдерін сақтау, арыз иелерінің қанағаттануы және кері байланысты ұйымдастыру бойынша байқалады. Бірқатар органдар тұрақты жоғары нәтижелер көрсетуде, бұл басқа мемлекеттік органдарға таратуға болатын тиімді практикалардың бар екенін растайды.
Сонымен қатар бірқатар жүйелі проблемалар сақталуда.
Ең елеулі кемшілік жолданымдарды қарау сапасының төмендеуі болып табылады. Арыз иелерінің қанағаттануының орташа деңгейі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 75%-дан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 57,45%-ға дейін төмендеді. Бұл мемлекеттік органдар жауаптарының сапасын, мазмұндылығын және уәжділігін арттыру қажеттігін көрсетеді.
Өтініштер мен арыздарды қарау мерзімдерін бұзу жағдайлары сақталуда. Негізгі себептер орындаушылардың ӘРПК талаптарын сақтамауы және басшылар тарапынан ведомстволық бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылады. Жекелеген ОМО-да бұзушылықтар саны елеулі болған кезде кінәлі тұлғаларға жауапкершілік шаралары толық көлемде қабылданбайды немесе мүлдем қабылданбайды.
Ақпараттық ашықтық деңгейі төмендеді. Егер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ақпаратқа сұрау салулардың үлес салмағы бойынша жоғары деңгейге 15 ОМО және ЖАО-ның 70%-ы ие болса, ағымдағы кезеңде жоғары деңгейді тек 6 ОМО және ЖАО-ның 15%-ы сақтап қалды. Бұл халық сұранысына ие ақпаратты неғұрлым белсенді проактивті орналастыру қажеттігін көрсетеді.
Жекелеген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қатысу деңгейі жеткіліксіз болып қалуда. Бірқатар ОМО-да есепті кезеңде бірінші басшылар азаматтарды жеке қабылдау өткізбеген.
Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу проблемалық бағыт болып қалуда. Жоспарланған 74 кездесудің 33-і немесе 44,6%-ы өткізілді. Бұдан басқа, жекелеген кездесулер бойынша анонстау, азаматтардың сұрақтарын жинау, жеке қабылдаулар, брифингтер, онлайн-трансляциялар өткізу және проблемалық мәселелер бойынша іс-қимыл жоспарларын орналастыру бөлігінде кемшіліктер анықталды.
Сондай-ақ «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау жөніндегі жұмыстың нәтижелілігінің төмендеуі байқалады. Осындай 91 қызмет анықталғанына қарамастан, олардың бір бөлігі ғана Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді, ал жалпы нәтиже алдыңғы кезең деңгейінен төмен.
ҰСЫНЫМДАР:
Қызмет нәтижелерін жақсарту мақсатында мемлекеттік органдар жолданымдарды қарау мерзімдерінің сақталуына ведомстволық және дербес бақылауды күшейтуі, оларды бұзу тәуекелдерін уақтылы анықтауды қамтамасыз етуі және қайталама бұзушылықтардың себептерін жою бойынша шаралар қабылдауы қажет.
Қойылған мәселелердің мәні бойынша уәжді, мазмұнды және түсінікті жауаптар дайындау есебінен азаматтарға берілетін жауаптардың сапасын арттыру. «e-Өтініш» жүйесіндегі арыз иелерінің бағалау нәтижелерін қанағаттанбау себептерін тұрақты анықтау және нақты түзету шараларын қабылдау үшін пайдалану қажет.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында өзекті және сұранысқа ие ақпаратты, оның ішінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оларды алу тәртібі және қызметтің неғұрлым сұранысқа ие бағыттары туралы мәліметтерді проактивті орналастыруды қамтамасыз ету.
Бірінші басшылардың халықпен жұмысқа жеке қатысуын күшейту, жеке қабылдауларды тұрақты өткізуді және оларға келіп түсетін мәселелерді жүйелі проблемаларды анықтау үшін пайдалануды қамтамасыз ету.
Халықпен кездесулердің бекітілген кестелерінің сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету. Іс-шараларды ауыстыруды объективті себептер болған кезде ғана және жаңа күнді міндетті түрде айқындай отырып жүзеге асыру. Әрбір кездесуді сұрақтарды алдын ала жинаумен, азаматтарды жеке қабылдаумен, ақпараттық сүйемелдеумен, онлайн-трансляциямен және кейіннен проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын орналастырумен сүйемелдеу қажет.
Жол берілген бұзушылықтар үшін басшылар мен орындаушылардың ішкі бақылауы мен дербес жауапкершілігін күшейту. Әрбір бұзушылық бойынша себептерді, жауапты тұлғаларды және қайталануына жол бермеу жөніндегі нақты шараларды белгілеу қажет.
Азаматтар мен ұйымдардың біртектес және қайталанатын жолданымдарын жүйелі талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және заңдастыру жөніндегі жұмысты жандандыру.
Аталған шараларды іске асыру жолданымдармен жұмыс сапасын арттыруға, мерзімдерді бұзу мен қайталама жолданымдар санын қысқартуға, халықтың қанағаттануын жақсартуға және келесі есепті кезеңдерде Ашықтық индексі көрсеткіштерінің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.