Өнімдердің қауіпсіздігі туралы !

– Халықтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін, белгіленген санитариялық-гигиеналық және техникалық талаптарға сәйкес келетін өнімдерді өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз ету.

Өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар сақталуы тиіс;
  • өнімді сақтау және тасымалдау шарттары сақталуы қажет;
  • жарамдылық мерзімі мен таңбалануы бақылауда болуы керек;
  • өнімнің шығу тегі мен сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс;
  • тұтынушыларға қауіпсіз әрі сапалы өнім ұсынылуы қажет.

Маңызды! Сапасыз немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан өнімді сатып аларда оның жарамдылық мерзіміне, қаптамасының бүтіндігіне және таңбалануына міндетті түрде назар аудару қажет.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/documents/details/1070037?lang=kk