«Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірлеуші «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» ММ болып табылады.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкестендіру болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес: Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2026 жылғы 10 тамызда «Ашық НҚА» порталында және Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруға жоспарлануда.