Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізу негіздері: бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша сәйкес келмейтін өнім анықталды «Балык «Мерекелік», А санатындағы ысталып-пісірілген ет өнімі»», 2026ж.03.09 №31 бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы акті.
- Тергеуді жүргізген бақылау және қадағалау органы: «ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысы СЭБД Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалану туралы келісім): жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері: 2026 ж. «07» қыркүйек – 2026 ж. «15» қыркүйек.
- Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Торгсервис КЗ-3» ЖШС, «Светофор» дүкені, Павлодар обл., Павлодар қ., Ломов көш., 162/8.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын анықталған бұзушылықтардың себептері мен сипаты: бұзушылықтар анықталды, сәйкестікті растайтын құжат ұсынылмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар кіреді: «Торгсервис КЗ-3» ЖШС.
- Қабылданған шаралар: 2026ж.15.09 №165 бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулысы берілді.