«Жақсы аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесі
туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
«Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
-
Жақсы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7ВС-14-5 шешімі;
Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7ВС-14-5 «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-2 шешімі.
-
«Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
-
Осы шешімнің орындалуын бақылау Жақсы аудандық мәслихатының аппарат басшысы А.М. Арыспаеваға жүктелсін.
-
Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина