Жақсы аудандық мәслихатының
2026 жылғы 3 шілдедегі № 8С-56-5
«Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері
және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссияның құрамын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № а-7/134, 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № а-8/141 қаулыларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 8С-56-5 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне, осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
-
Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина