Аудан халқының және депутаттардың назарына!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 29 қыркүйекте  сағат 11.00-де 8 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының 50 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймын (өткізілетін орны: аудан әкімдігінің залы). Сессияның қарауына   «Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін 2026-2027 жылдарға арналған жаңа жылыту маусымына дайындау туралы» және басқа мәселелер енгізіледі.

 

Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/documents/details/1069223?lang=kk