Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 3/405-1496 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 54.1-54.03/721-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ортақ пайдалану объектісі (саябақ) үшін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде, Назарбаев даңғылының батысында орналасқан 21 (жиырма бір) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 3/405-1496 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с№ |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
Пиксина Ирина Вячеславовна |
20-315-029-761 |
Панфилов көшесі, 245 |
0,1000 |
|
2. |
Исабеков Канат Жоламанович |
20-315-029-483 |
Панфилов көшесі, 249 |
0,0402 |
|
3. |
Елманова Анжелика Зидиковна |
20-315-029-726 |
Панфилов көшесі, 251 |
0,1431 |
|
4. |
Ширбаева Клара Есимжановна |
20-315-029-577 |
Панфилов көшесі, 253 |
0,0655 |
|
5. |
Киреева Марина Сергеевна |
20-315-029-580 |
Панфилов көшесі, 255 |
жалпы - 0,0679 үлесі – 0,0339 |
|
6. |
Куликова Людмила Васильевна Куликов Сергей Михайлович |
20-315-029-580 |
Панфилов көшесі, 255 |
жалпы - 0,0679 үлесі – 0,0340 |
|
7. |
Нугаев Ренат Шавкатович |
20-315-029-581 |
Панфилов көшесі, 257 |
0,0598 |
|
8. |
Внукова Эльвира Адамбековна |
20-315-029-416 |
Панфилов көшесі, 259 |
0,0650 |
|
9. |
Нзамов Данияр Зилавдиович |
20-315-029-087 |
Панфилов көшесі, 263 |
0,0521 |
|
10. |
Толчеева Валентина Владимировна |
20-315-029-200 |
Панфилов көшесі, 280 |
0,0871 |
|
11. |
Хорунжа Марарита Александровна |
20-315-029-144 |
Панфилов көшесі, 282 |
0,0550 |
|
12. |
Туимебаева Ултуар Кансеитовна
|
20-315-029-131 |
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 275/8 |
0,0859 |
|
13. |
Колтакова Елена Юрьевна
|
20-315-029-466 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 44 |
0,0787 |
|
14. |
Гариева Светлана Григорьевна Редин Евгений Григорьевич |
20-315-029-445 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 46 |
0,0725 |
|
15. |
Абдулла Наталья Евгеньевна Абдулла Рустам Мунассер |
20-315-029-730 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 48 |
0,0132 |
|
16. |
Луцевич Людмила Яковлевна |
20-315-029-755 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 52 |
жалпы – 0,0869 үлесі – 0,0592 |
|
17. |
Назаров Сергей Александрович Андреев Алексей Владимирович |
20-315-029-755 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 52, корпус 1 |
жалпы – 0,0869 үлесі – 0,0277 |
|
18. |
Жандуисенов Беркимбек Абдуллаулы |
20-315-029-608 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 54 |
0,0666 |
|
19. |
Шалбаев Маратхан Даншпаевич |
20-315-029-496 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 58 |
0,0260 |
|
20. |
Сурова Елена Витальевна Суров Владимир Витальевич |
20-315-029-682 |
11 Кірпішзауыты көшесі, 62 |
жалпы - 0,0434 үлесі - 0,0217 үлесі - 0,0217 |
|
21. |
Тен Светлана Едюновна |
20-315-029-089 |
улица 8-й Гвардиялық дивизия көшесі, 101 |
0,0922 |
__________________________________