| Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларына 1-қосымша |
"Құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (болған жағдайда): |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері және оның кіші түрлері (бар болса) |
www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса) |
1) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық жағынан күрделі емес құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні; |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса) |
Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса) |
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру немесе осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету және оның кіші түрлері (бар болса) үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші; объект мердігерлік тәсілмен бұзылған жағдайда мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады; |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
