Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Жангелдин ауданының мемлекеттік мекемелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған.

Бекітемін
Жангелдин ауданының әкімі
_________________
Д.Бидашев
«30» маусым 2026 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жангелдин ауданының мемлекеттік мекемелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған.

 

 

№

Ұсыныстар

Іс-шара

Аяқтау формасы

Орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту

Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерінің ашықтық және айқындық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету. «E-Sобес» ақпараттық жүйесін денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу, қажетті мәліметтермен автоматтандырылған ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға тиісті мәртебені уақтылы беруді қамтамасыз ету.

Уәкілетті органдарға ресми ұсыныстар (шығыс хаттар); консультация беру сапасы және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуы туралы қорытынды мониторингтік есепті ұсыну. «E-Sобес» ақпараттық жүйесінің денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграциялануы, ақпарат алмасудың қамтамасыз етілуі және әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға тиісті мәртебенің уақтылы берілуі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге  жауапты бөлім

 Тоқсан сайын

2

Үшінші тұлғалардың ЭЦҚ кілттерін пайдалануына жол бермеу, ЭЦҚ кілттерін олардың иелерінен басқа тұлғаларға беруге жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдау, сондай-ақ қызметкерлерге ЭЦҚ-ны қауіпсіз пайдалану талаптары бойынша оқыту іс-шараларын өткізу.

Қызметкерлерге ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге және олардың пайдалануына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

ЭЦҚ кілттерін пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейту.

Қызметкерлермен ЭЦҚ-ны қауіпсіз пайдалану, сақтау және үшінші тұлғаларға бермеу талаптары бойынша оқыту іс-шараларын өткізу.

ЭЦҚ иелерінің жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын тек өздерінің пайдалануын қамтамасыз ету.

 

   Қызметкерлерге ЭЦҚ-ны қауіпсіз пайдалану талаптары бойынша оқыту іс-шарасының өткізілуі, түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі және ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғалардың пайдалануына жол бермеу бойынша бақылау шараларының қабылдануы.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге  жауапты бөлім

 Тоқсан сайын

3

Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін маман мен мемлекеттік қызметтегі бас маманның функционалдық міндеттері мен жауапкершілік деңгейін нақты ажырату.  Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша міндеттерді тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда және шарттық құжаттарда нақты белгілеу Мемлекеттік сатып алу саласындағы міндеттерді орындайтын қызметкердің жауапкершілік шегін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес айқындау. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сапалы және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі бақылау тетіктерін күшейту.

 Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін маманның мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша функционалдық міндеттері мен жауапкершілік шегін нақты айқындау.

 Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге байланысты міндеттерді тиісті лауазымдық және ішкі нормативтік құжаттарда бекіту.

 Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қызметкердің жауапкершілігін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақтылау.  Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты тұлғаның жұмысын бақылауды күшейту.

Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін маманның мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша функционалдық міндеттері мен жауапкершілік шегінің айқындалуы, тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілуі және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің орындалуына бақылаудың қамтамасыз етілуі.

Бірыңғай кадр қызметі

Тұрақты

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/documents/details/1068128?lang=kk