Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар лауазымдарының тізбесі

БЕКІТЕМІН

   Жангелді ауданының әкімі

   _________________Д.Бидашев.

   «___» _________ 2026 жыл.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар лауазымдарының тізбесі

 

№ п/п

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі



 

1.

Мемлекеттік мекемелер басшылары

Мемлекеттік сатып алу шартына қол қою.

Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу  мүмкіндігі.

2.

  «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» басшысы

Еңбек шартына және лауазымдық нұсқаулығына сәйкес есеп жүргізу және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша міндеттерді орындау. Мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру бойынша өкілеттіктері лауазымдық нұсқаулығында көзделмеген және қосымша жүктелмеген.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша өкілеттіктері лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген және тиісті түрде ресімделмеген тұлғаның аталған міндеттерді іс жүзінде орындауы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығына, сондай-ақ жауапкершілік шегінің айқындалуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін.

3.

. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі»ММ –нің басшысы

Әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысты өтініштерді қабылдау және қарау, қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, сондай-ақ тиісті мәртебені беру бойынша қолданыстағы тәртіпке сәйкес функцияларды жүзеге асыру.

«E-Sобес» ақпараттық жүйесінің денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелермен интеграцияланбауына байланысты қажетті мәліметтерді алу және тиісті мәртебені беру процесінің автоматтандырылмауы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде субъективті шешім қабылдау, ақпаратты уақтылы немесе толық енгізбеу, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасауы мүмкін..

4.

«Жангелдин ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы

Мемлекеттік сатып алу шартына қол қою

Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу мүмкіндігі.

5.

«Жангелдин ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы

Мемлекеттік сатып алу шартына қол қою

Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу мүмкіндігі.

6.

Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімі

Мемлекеттік сатып алу шартына қол қою

Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу мүмкіндігі.

7.

  «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» басшысы

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ЭЦҚ-ны пайдалану, электрондық құжаттарға қол қою және ақпараттық жүйелерде өтініштерді тіркеу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру немесе үшінші тұлғалардың ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалануы, электрондық құжаттарға тиісті тұлғаның қатысуынсыз қол қою және ақпараттық жүйелерде өтініштерді заңсыз тіркеу қаупі.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/documents/details/1068124?lang=kk