"Болашақ" жаңа ережелері: үміткерлер үшін не өзгерді

Үкімет "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережесіне өзгерістер енгізді. Түзетулер тағылымдамадан өтуге, магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ бағдарламаға қатысушылардың жекелеген кәсіптік санаттарына қатысты. Толығырақ-материалда El.kz.

Бағдарламаға атом саласының қызметкерлерін қосу жаңалықтардың бірі болды. Енді олар магистратурада, докторантурада оқуға және шетелде кәсіби тағылымдамадан өтуге стипендия ала алады.

Тағылымдамаға үміткерлерге қойылатын талаптар да өзгертілді. Үміткерлердің көпшілігі үшін кемінде үш жыл жалпы еңбек өтілі, сондай-ақ соңғы жыл ішінде таңдалған мамандандыру бойынша үздіксіз жұмыс істеу талабы сақталады. Жасанды интеллект жүйелерін пайдаланушылар санатына жататын мамандар үшін бұл мерзім алты айға дейін қысқартылды.

Жекелеген өзгерістер магистратураға конкурстық іріктеуге қатысты болды. Үміткерлердің бірқатар санаттары үшін шет тілін меңгерудің расталған деңгейінің болуы және дипломның орташа балының белгіленген шекті деңгейге сәйкестігі туралы талап сақталды. Сондай-ақ, бұрын алынған мамандықтың таңдалған оқу бағытына сәйкестігі ескеріледі.

Электрондық үкімет порталы арқылы берілуі қажет құжаттардың тізбесі нақтыланды. Қатысушылардың жекелеген санаттары үшін еңбек қызметі туралы құжаттарды, зейнетақы аударымдарын, тілдік сертификаттарды және жұмыс берушілердің жұмыс орнын сақтай отырып мамандар даярлауға өтінімдерін ұсыну көзделген. Мемлекеттік қызметшілер мен атом саласының қызметкерлері үшін жұмыс берушінің оқуға өтінімін беру туралы талап енгізілді. Осыған ұқсас тәртіп докторантураға, резидентураға түсетін немесе тағылымдамаға жіберілетін бірқатар үміткерлерге де қолданылады, - делінген хабарламада.

Өзгерістер шетелдік немесе қазақстандық ұйымдардан оқуды толық қаржыландырған кандидаттар үшін магистратураға конкурсқа қатысу мүмкіндігін де көздейді. Бұл барлық оқу шығындарын қабылдаушы Тарап жабатын жағдайлар туралы.

Қатысушылардың жекелеген санаттары үшін стипендия есебінен тілдік даярлықтан өту мүмкіндігі сақталады. Мұндай курстардың қажеттілігі туралы шешімді шетелдік оқу орнының талаптарын ескере отырып, Республикалық комиссия қабылдайды.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектердің міндеттемелері де нақтыланды. Мемлекеттік қызметшілер оларды оқуға жіберген органда бірінші жыл жұмыс істеуі керек. Бірқатар басқа санаттар үшін оқу кезеңіне жұмыс орнын сақтай отырып, оларды оқуға немесе тағылымдамаға жіберген ұйымдарда міндетті еңбек өтілі қарастырылған.

Жаңартылған нормалар бағдарламаға қатысушылар шеңберін кеңейтуге және үміткерлердің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған.

Сондай-ақ El.kz Қазақстан атом энергетикасы кадрларын даярлау үшін "болашақ" жаңа бағытын ашатыны туралы жазды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/documents/details/1067926?lang=kk