Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес:
- Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
К.Дюсенов
Ақмырза ауылдық округінің
2026 жылғы «16» қыркүйектегі
№ 21 өкімімен бекітілген
Ақмола облысы Ерейментау ауданы « Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауына және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
қызметкерлердің орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт:
Мекеме функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде Мекеме қызметінде қолданылады;
Мекеменің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиісінше орындамағаны үшін Мекеме қызметкерлері дербес жауапты болады.
2-тарау. Мекеме қызметкерлері мен лауазымды адамдарының мінез-құлық қағидалары
2.Қызметкерлер мен лауазымды адамдар өз қызметінде:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін ашуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болуға;
адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
өз әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауға, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;
әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге және оны қолдауға;
заңнамаға сәйкес келмейтін және Мекеменің мүдделеріне қайшы келетін, біреуге кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған әрекеттерді жасаудан бас тартуға;
жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге;
өз функциялары мен лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан сыйақы, оның ішінде ақшалай қаражат, қызмет, сыйлықтар, тауарлар қабылдамауға;
қызметтік және таратуға жатпайтын өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында пайдаланбауға;
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартпауға;
шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, негізсіз бюрократияға, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық танытуға жол бермеуге;
Мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш білдірген адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, Мекеме қызметкерлерінің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін лауазымдық жағдайын пайдаланбауға;
заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
- Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
функцияларды өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға;
өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ материалдарды жедел қарағаны немесе созбалаңға салғаны үшін қандай да бір пайда алуға көндіру фактілері туралы басшылыққа дереу баяндауға;
мүліктік пайда, игілік немесе артықшылық алу мақсатында әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлық бермеуге және қызметтік емес қызмет көрсетпеуге;
мүдделер қақтығысы, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке мүдделіліктің туындауы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына және сыйлықтар алуға көндіру фактілері туралы тікелей немесе жоғары тұрған басшыға баяндауға;
жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
орындауға берілген тапсырманың заңдылығына күмән туындаған жағдайда тікелей басшыға дереу жазбаша түрде хабарлауға;
жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы басшылыққа дереу баяндауға;
бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің көлемін нақты және айқын айқындауға;
мүдделер қақтығысына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жою жөнінде шаралар қабылдауға;
тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге;
бағыныстағы қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбеуіне жол бермеуге;
олардың қызмет нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге;
қызметтік жағдайын бағынысты қызметкерлердің қызметіне қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін пайдаланбауға.
- Мекеменің ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындау кезінде:
ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу сатысында заңда белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз ескеруге;
әзірленетін ішкі нормативтік құжаттардың жобалары нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуін қамтамасыз етуге;
ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын дайындау барысында Мекеменің және өзге де заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге;
ішкі нормативтік құжаттардың жобалары Мекеменің құзыретінен тыс шықпауға;
басқа құрылымдық бөлімшелердің мүдделерін қозғайтын әзірленген ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын тиісті құрылымдық бөлімшелермен талқылау және келісу рәсімінен өткізуге;
ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбауға;
ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде жекелеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесі үшін нормалардың қабылдануына жол бермеуге.
- Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдарға:
сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қатысуына жол бермеу ұсынылады.
- Мекеме қызметінің саласында туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:
өтініштерді қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау барысында созбалаңға салуға және анық емес мәліметтер ұсыну фактілеріне жол бермеуге;
өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға;
дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, әдеп нормаларына қайшы мінез-құлыққа жол бермеуге;
туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;
анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінің шегінен шығатын, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;
Мекеме қызметкерлерімен немесе тәуелді жағдайдағы адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;
Іскерлік әдеп кодексін сақтауға;
өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы Мекеме басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге;
Мекеме қызметкерлерін қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға тартпауға;
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
басшылардың тапсырмаларын, Мекеме лауазымды адамдарының өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
Мекеме қызметкерлерінің жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді жария етпеуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.
Мекеме қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктеледі. Ақмола облысы Ерейментау ауданы « Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты»