Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат 11.08.2026 ж. - 09.09.2026 ж.

1.Тергеп –тексеру негізі:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.06.2024 жылғы № 46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы шілде айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижелері туралы 07.08.2026 жылғы № 48 актісі, сондай-ақ 30.07.2026 жылғы № 2260001028288247 тамақ өнімдерін зерттеу хаттамасы негізінде «Рулет «Гурман» копчено-вареный охлажденный. Продукт из мяса птицы 1 сорт» өнімі бойынша сәйкессіздік анықталды.

Зерттеу нәтижесінде өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткені және өнімнің таңбалануында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде ақпарат көрсетілмегені анықталды.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :

Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):

Сарапшылар тартылған жоқ.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

11.08.2026 ж. - 09.09.2026 ж.

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар

ЖК  «Назарова»

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

 нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :

Тергеп-тексеру барысында Атырау облысы, Қайыршахтинский ауылдық округі, Томарлы ауылы, Жолдығали Досқалиев көшесі, 1А құрылыс мекенжайында орналасқан «Назар Аудар» маркетінде «Рулет «Гурман» копчено-вареный охлажденный. Продукт из мяса птицы 1 сорт» өнімінің қалдықтары сатылымда анықталған жоқ. Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар тексеруге ұсынылды. Алайда өнімді жеткізушінің тауарлық жүкқұжаты тексеруге ұсынылмады.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : ________________

 

  1. Қабылданған шаралар :

Техникалық регламенттердің және/немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) тәркілеу және сатылымнан кері қайтарып алу жөніндегі шұғыл ден қою шарасын іске асыру туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 09.09.2026 жылғы № 89 қаулысы шығарылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1067794?lang=kk