1.Тергеп –тексеру негізі:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде КР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың шілде айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 07.08.2026 жылғы № 48 актісі, 28.07.2026 ж. № 2260002188217912, № 2260002188217919 тамақ өнімдерін молекулярлық-генетикалық сынақтарға полимеразды- тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу және иммудық ферментті талдау (ИФТ) хаттамасы негізінде «Бройлер тауық етінен жасалған жартылай ысталған шұжық өнімі. «Дагестанская» шұжығы», «Мусульманская» жартылай ысталған шұжығы, 29.07.2026 ж. № 2260002188217925 азық-түлікті микробиологиялық талдау хаттамасы негізінде «Бройлер тауық етінен жасалған жартылай ысталған шұжық өнімі. «Дагестанская» шұжығы» бойынша сәйкессіздік анықталды.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :
Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
07.08.2026 ж. - 04.09.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
ЖК «Әбішева»
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп-тексеру кезінде «Көктем» сауда үйіндегі № 42 орынында «Бройлер тауық етінен жасалған жартылай ысталған шұжық өнімі. «Дагестанская» шұжығы», «Мусульманская» жартылай ысталған шұжығы өнімінің қалдықтары сатылымда және қоймада анықталмады.Өнімдердің қауіпсіздік құжаттары тексеруге ұсынылды. Өнімдердің жеткізушісінің жүкқұжаты тексеруге ұсынылмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : ________________
- Қабылданған шаралар :
Техникалық регламенттердің және/немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) тәркілеу және сатылымнан кері қайтарып алу жөніндегі шұғыл ден қою шарасын іске асыру туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің бұйрығы № 88 04.09.2026 жыл.