360° ФОРМАТТАҒЫ БЕЙНЕШОЛУДЫ ДҰРЫС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Тестілеу немесе конкурс кезеңдерін өткізу кезінде жұмыс орнының талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 360° форматта бейнешолу жүргізіледі.

360° форматтағы бейнешолу кезінде төмендегі талаптарды сақтау қажет:

📌 Жұмыс орнының барлық аумағын толық көрсету:

  • бөлменің барлық қабырғалары мен бұрыштарын;
  • төбесі мен еденін;
  • жұмыс үстелінің үстіңгі, астыңғы және жанындағы кеңістігін;
  • мониторды, пернетақтаны және компьютер тінтуірін;
  • пайдаланылған жағдайда жүйелік блокты.

✅ Бейнешолу аяқталғаннан кейін смартфонды жұмыс орны толық көрінетіндей етіп орналастыру қажет.

Смартфон камерасының көрінісінде:

  • кандидаттың қырынан көрінісі;
  • жұмыс орны мен монитор аймағы;
  • монитордың артындағы кеңістік толық көрінуі тиіс.

‼️ Маңызды!

Тестілеу немесе конкурс кезеңі толық аяқталғанға дейін смартфонның орналасқан жерін өзгертуге болмайды.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

❌ бөгде адамдардың тестілеу немесе конкурс өткізу процесіне қатысуына;

❌ қосымша бейнекамераларды пайдалануға және орналастыруға.

Талаптарды сақтау тестілеу немесе конкурс кезеңін белгіленген тәртіппен өткізу үшін міндетті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/documents/details/1067335?lang=kk